ТҮЛКІ ТЕРІЛЕРІ
Түлкі терілері жабайы өсетіндері мен аңшылық шаруашьг лықтарында бағылатын түлкілерден алынады. Бүл терілер ұзын жүнділерге жатады. Әсіресе, бағыттаушы талшықтары ерекше ұзын (80 мм-ге дейін) келеді. Бағыттаушы талшықтары бірыңғай түсті: қоңырқай немесе қара. Түлкінің қылшық талшықтарының ұшында ақшыл түсті сақиналы бүйрасы болады, Қызыл түлкіде ол жирен, сары немесе ақшылдау түсті, ал жылтыр қара түстіде — шымқай ак.
Түлкі терісін табиғи түсіне қарай қызыл (кәдімгі, сиводышка, крестовка), қара-қоңыр және жылтыр-қара деп беледі.
Алғашқы төрт түс жабайы түлкіге тән. Аңшылық шаруашылықтарында жылтыр қара түлкі және оньщ түрлері — платиналы, ақ түмсықты т. б. есіріледі.
Қызыл түлкі. Қазақстанның және онымен шектесетін республикалардың барлық жерінде мекендейді. Бұл аң терілерінің ішінде көбірек дайындалатындардың бірі. Бұрынғы одақта жыл сайың 400—600 мың тері дайындалатын. Қызыл түлкінің тауарлық қасиеті алуан түрлі, мүның өзі түлкі мекендейтін жерлердің алуан түрлі жағдайына байланысты
Қызыл түлкі жүнінің түсі арқасында ақшыл-сары немесе сұр-жирен. Бауыр жүні ақ, қызыл немесе қаралау реңді. Иыгында әдетте едәуір қарақоңыр кресі болады. Қызыл түлкіні мынадай түстерге бөледі: құлпырма қызыл (огневка) — жота-сы мен бүйірлеріндегі жүні ашық-қызыл, сарғыштау, бауырында жіңішке ақ жолағы немесе қоңырқай теңбілі болады; нарыз қызыл түлкі — жалпы реңі ашық-сарғыш, жотасы мен иығы қоңырқай, бүйірлері ақшылдау, қылшық талшықтары ақшыл, сақиналы бүйрасы анық білінеді, иығындағы қоңырқай кресі өте анық, бауыры қара, ақ немесе қаралау түсті; алқызыл түл-кі — жотасының және иығындағы кресінің түсі ашық-сарғыш немесе реңсіз сары түсті, бүйірі сары, бауыры ақ түсті.
Ақшыл түлкі — жотасының және иығындағы кресінің түсі ақшылдау, бүйірі едәуір ақшыл, бауыры күңгірт-ақ түсті; сұр түлкінің жотасы мен буйірі сұр түсті, кейде жотасының орта сызығы күңгірт-сарғыш, бауыры сұрғылттау; қызыл-сүр түлкінің жотасы мен бүйірлері сұр түсті, иығындағы кресі қызыл-ақ, бауыры сұрғылттау түсті.
Дайындалатын түлкі елтірісінің жартысынан көбі алқызыл түсті — 20 %, 15 %-і — сұр және қызыл-сұр, шамамен 6 %-тейі —ақшыл, тек 2 %-тейі құлпырма қызыл түсті (Б. А. Кузнецов-тың деректері бойынша).
Түлкі терісі сонымен қоса терісінің мөлшері, жүнінің ұзындығы, қоюлығы және жұмсақтығы жөнінен едәуір айырмашылығы бар екендігі байқалады. Солтүстік аудандардан ауланатын тулкінің терісі біршама ірі, жүні әдемі, жұмсақ, жотасьі ашық-сарғыш түсті, табанында қара теңбілі бар.
Қазақстанның Каспий мадындағы шөл және шөлейт аудандарында, Орта Азияда мекендейтіи түлкілердід терісі ұсақ немесе орташа, жүні тықыр, сирек, әрі қатқылдау. Түсі жотасында ашық-сары немесе сұр, бауыры ақшылдау. Табанында аздаған сұрғылттау жолағы бар. Қавказдың таулы аудандарындағы түлкі терісінің мөлшері, орташа, жүні қатқылдау, онша әде-мі емес. Түсі сарғыштау-күңгірт немесе сұр. Орта Азия тауларында мекендейтін түлкі терісінің мөлшері орташа және шағын. Жүнінің ұзындығы, қоюлығы және жұмсақтығы орташа. Түсі ақшыл, әр турлі реңде. Солтүстік аудандардағы түлкінің тері ткані жұқа, ал оңтүстік аудандарда мекендейтіндерінікі — калың, қатқылдау.
Түлкінің терісін сан жағынан тіліп бітеудей сояды. Бас, табан және құйрық терілерін қоса сыдырып алады. Теріні еттен, табаны мен құйрығындағы сүйектен, құлақ шеміршектерінен тазартады, мұқият майын алады, мұндайда теріні бүлдіріп алмауға тырысады. Терінің жүнін сыртына қаратып қаттайды.
Қызыл түлкі терісінде кебінесе мынадай ақаулар кездеседі; тесілу, жыртылу, мыжылу, көгеру, қажалу, жүні мен тері тканінің қанмен ластануы, оқ тескен орны, үзілген табаны немесе құйрығы, майының жөнді шелденбеуі, көктемгі түлеу белгілері, соның әсерінен жауырын тұсындағы қылшық талшықтарының сиреуі. Мұндайда түбіті түсіп, ақшыл дақтар пайда болады. Қылшығының сиреу дәрежесіне қарай жеңіл, орташа және ауыр деп бөледі.
Мех өнеркәсібі жыл сайын 300—400 мың қызыл түлкі терісін өңдейді. Соның 85 %-тейі орталық аудандардың, шамамен 15 %-тейі сібірлік және солтүстік европалық түлкі терілері,
Шикізат сапасы мынадай керсеткіштермен сипатталады: I сортты тері 55—57 %, ақаусыз тері 14—17 %, ал сортсыз терілер 18—21 %. Қызыл түлкі терілері табиғи немесе боялган түрінде шығарылады. Табиғи түрінде үлпілдектігіне және терісінің түсіне (сібірлік) қарай шығарады; қалған терілерді қара, қызылқоңыр немесе сұр түстерге бояйды, терінің біразын қырқып, сазқұндызы немесе теңіз мысығы түріне келтіреді.
Қызыл түлкі терісінің кез келген өңдеу түріне жарамдылығын жүнінің ескелеңдігіне, түсіне, сортына және ақауының аз-көптігіне қарай анықтайды. Оңтүстікте мекендейтін бозғылт-сары, бозғылт-қызыл немесе сұр түсті терілерді қара-қоңыр түске бояйды.
Денесінде, басы мен мойнында сұр түсті жүні бар теріні сұр-
көгілдір түске бояйды. Мұндайда қылшығы сұр, ал ұшы қара немесе сарғыштау түсті болуы тиіс.
Ақшыл, сарғыштау-сұр түсті жүні жұмсақ терілерді ақшыл-қызылқоңыр түске бояйды.
Қызылқоңыр түске бояу үшін (бұлғын түске) әуелі теріні ағартып, бұған жүні қатқылдау, серпімді, түсі қызыл, ақшыл-қызыл, алқызыл, ашық-алқызыл терілерді пайдаланады. Жүні ұяң, алқызыл, ақшыл-қызыл және қызыл терілерді күңгірт-қызылқоңыр түске бояйды.
Қез келген түстегі теріні қара түске бояуға болады. Жүні қатқыл, қылшығы жапырылған, сондай-ақ ақауы көп терілерді бояуға болмайды. Бұл терілерді не табиғи түрінде, не қара түске бояп пайдаланады. Қызыл түлкі терісінің біраз бөлігін қырқып, қара түске (мысық тусіне) бояйды.