Тілді биологиялық құбылыс деп қарағандар: Франц Бопп, Л.Шлейхер. Олардың пайымдауынша құдай жаратқан. Демен олар «тілді туады, өседі, өледі» деп санайды. Бул дұрыс емес. Себебі тіл бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысып отыратын, кейінгі ұрпақ алдыңғы ұрпақтан үйреніп отыратын құбылыс.Сонымем қатар кейбір ғылымдар тілді психологиялық құбылыстарға жатқызады. Ол «тіл құдай жаратқан нәрсе емес, оны жеке адам жасайды, жеке адамның рухы туғызады.», — деген түсінік туған. Алдыңғы пікір сияқты бұл да дұрыс емес. Егер тіл рухтың туындысы болса, әрбір адамның жеке тілі болған болар еді де, бір тұтас халықтың тілі болмас еді. Жеке адамның тілі қауымда ғана жасалады, қауымда ғана дамиды. Тіл коғамдық құбылыс. Қоғамсыз тіл, тілсіз қоғам болуы мүмкін емес.
Тілдің қызметтері: қарым-қатынас туралы болу коммуникативті, ойды жарыққа шығару кызметі — экспрессивті, адамның көңіл-күйді білдіруі — эмоционалды, таным құралы болуы когнитивті, белгілі бір зат не қүбылыстың атауы болуы -номинативті және т.б.
Тіл мен ойлау өзара байланысты, дыбыстық тіл де,
абстракты ойлау да адамға тән қүбылыс. Біріншіден, тіл де,
ойлау да — адам миының туындысы, соның жемісі; екіншіден, тіл
де, ойлау да — қоғамдык құбылыстар. Тіл мен ойлау бір мезгілде
туып, бірге дамып келеді. Тіл мен ойлаудың ұқсастықтары мен
айырмашылықтары бар. Тіл мен ойлауды бір деп қарастырушылар. (Ф.Шлсйермахер, И.Гаман) Тіл мен ойлау ұқсас
жақын қүбылыстар. (В.фон Гумбольд, Л.Леви-Брюль) Тіл мен
ойлаудың ұқсастығы жоқ деп карастырушылар да болды. Олар
ойлауға көңіл бөлмеді. (Ф- Бенеке, дескриптивистер) Тіл мен
ойлау диалектикалық бірлікте. Диалектикалық материалистер тіл
мен ойлаудың диалектикалық тұтастығын алға тартты.
Бақылаусұрақтары: