Суыр мен тарбаған терілерінің шикізатының және табиғи шала өнімнің бөлінуі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Боялған терілер екі топқа бөлінеді: жұмсақ жүнділер — талшығы
қою, жұмсақ, жылтыр, жібектей және қатқыл жүнділер — талшығы сиректеу, қылшығы қатқыл.
Тері шикізат күйінде үш өлшемдік категорияға белінеді. Иленген теріні 4-кестеде келтірілген талапқа сәйкес мөлшері бойынша алты топқа бөледі, :
Иленген терілер үш сортка бөлінеді. I сортқа жүні толық жетілген, қылшығы біркелкі, бүкіл аумағындағы түбіті қою терілер; II сортқа — жүні онша еспеген, әсіресе сан жүні жетілмеген, басында көктемгі жабағы жүні болатын терілер, III сортка — жүні жартылай өскен, қылшығы қысқа, түбіті сирек (әсіресе мойнында), түлемеген талшықтары қалған терілер жатады.
Иленбеген тері ақаулары — тесілу, жыртылу, ұйпалақтану, қырқылу, қалжалу, тері бөліктерінің жетіспеуі. Иленген теріде-гі ақаулардың аз-көптігіне және аумағына қарай қалыпты және ақаулы (А, Б және В топтары) деп бөледі.