Клеткалық инженерия –клеткаларды in vitro өсіру, қайта құрастыру және будандастыру негізінде клетканың жаңа типін жасау әдісі. Клетканы қайта құрастыру (реконструкция) –клетканың құрамына кіретін ядроны, цитоплазманы, митохондрияларды, хлоропластарды, хромосомаларды, бір клеткадан басқа клеткаға көшіру негізінде мүлдем жаңа клетканы жасау. Протопласт- қабығы жоқ клетка. Протопластарды көп мөлшерде бөліп алу, плазмолизге ұшыраған клеткаларды целлюлазаны ыдырататын ферменттермен өңдеу арқасында жүзеге асады. Осмостық қысым мөлшері, ферменттердің комбинациялары мен концентрациялары, олармен өңдеу уақытының ұзақтығы әр жолы тәжірибе арқылы іріктелініп алынады.
Клеткалық инженерия клеткаларды өсіру, оларды будандастыру және қайта құрастыру арқылы клетканың мүлдем жаңа типін жасау әдістерінің негізінде қалыптасқан биотехнология саласы.
Клетканы қайта құрастыру (реконструкция) –клетканың құрамына кіретін ядроны, цитоплазманы, митохондрияларды, хлоропластарды, хромасомаларды бір клеткадан басқа клеткаға көшіру негізінде мүлдем жаңа клетка жасау.
Протопласт бөтен ДНК- ны қабылдай алатын өте ыңғайлы жүйе. ДНК клеткаға енгізіп және оның эксперсиясын қамтамасыз ету арқылы генетикалық өзгертілген өсімдіктерді алуға болады. Сөйтіп протопластарды бөліп алу, өсіру, қосу және оларға клеткалық оргоноиттарды және хромосомаларды, тіпті ДНК енгізу генетиктер мен селекционерлерге будан өсімдіктердің алуан түрлілігін арттыруға мүмкндік береді.
Протопласт деген ферменттердің әсерімен немесе механикалық әдістермен қабығы түгелдей жойылған өсімдік клеткасы. Протопластарды нәтижелі бөліп алу көптеген факторларға байланысты. Олар атап айтқанда ұлпаның шығу тегі ұлпасы, суспензиядағы клеткалар, өсімдіктердің түрлері мен сорттары, өсімдіктердің физиологиялық күиі, ферменттердің құрамы, олардың сапасы, ортаның рН және осмостық заттың түрі. Протопластардың тіршілікке икемділігін, олардың метобольиттік активілігін анықтайтын арнайы әдіс бар. Ол протоплпастардың фиуорецендиацятатпен (ФАД) боялуы.
Протопластарды in vitro түрлі тәсілдермен өсіруге болады. өсіру тәсілі тәжәрибенің мақсатына байланысты. Алдымен протопластарды қоректік ортада шайқап жуып ферменттерден тазартады. Содан соң олардың 1 мл санын есептеп алады. Жасалатын тәжірибеге байланысты олардың керек көрсеткішке жеткізеді. Ол үшін потопластарды әр түрлі көлемі бар ортаға салады. Протопластардың тығыздығын арттыру үшін оларды аз көлемді ортаға салады. Тығыздығын азайту үшін оларды қоректік ортасы мол құиылған ыдысқа көшіріледі. Протопластарды сұйық ортада өсірген кезде клеткаларды өсірген сияқты олардың тығыздығы жоғары болуы керек. Ісік ұлпалары алынған клеткаларды суспензияда өсірген кезде қоректік ортаға ауксин мен цитокин гормондары қосылмайды. Себебі бұл гормондар ісік клеткаларының өздерінде түзіледі. Ісік клеткаларынан бөліп алынған протоплпастарды суспензияда өсірген кезде қоректік ортаға міндетті түрде экзогендік ауксин мен цитокинді қосу керек. Себебі олардың өз эндогендік гормондары болмағандықтан клеткаларының қабығы болмағандықтан плазмалемадан шығып кетеді.