Сабақ  –  оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы

 

Мақсаты: Балабақшада оқытудың формасын бір нысанаға келтіру. Сабақ – балабақшада оқытудың ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде және оның  мазмұны мен ұйымдастырылуы туралы түсінік беру.

Жоспар:

  1. Балабақшада оқытудың формасы. Сабақ – балабақшада оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы.
  2. Сабақтың мазмұны.
  3. Сабақты ұйымдастыру және балалардың әрекетіне жетекшілік жасау.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Балабақшада оқытудың формасы.

Сабақ берудің түрі  — арнайы тағайындалған тәртіпте өтетін үйренуші мен үйретушінің (мұғалім, тәрбиеші) арнайы ұйымдастырылған қызметі деп білу керек. Сабақ берудің түрі үйренушілердің сандық құрамына, оқу және үйрене алудың қатынасына (белсенділік және дербестік дәрежесіне), ұйымдастырылу түрінің әдісіне, өткізілу орнына, және жалпы осы оқу процессінде алатын орнына тікелей байланысты. Бұл орын өз кезегінде оқу процессі ұйымдастырылуыдың қандайда бір түрін таңдау  кезінде анықталған оқу-тәрбиелеу мақсатына байланысты.

         Балабақшада тәлім-тәрбие берудің фронтальды, топтық және жеке бас уйрету түрлері қолданылады. Сонымен қатар, балалармен оқу-әдістемелік жұмыс олардың өмірлік ұйымдастырылуы мен күнделікті қарым-қатынаста қолданылатын сабақтан тыс ойындық процесті басқаруда жүзеге асадС

 

Сабақ – балабақшада оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы.

 

Сабақты ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде бірнеше көрсеткіштері бар:

  1. Сабақ беру барысында балалар «Тәрбиелеу бағдарламасының» қандайда бір бөліміне сай белгілі көлемде білім алады, әдістемелерді үйреніп дағдыланады.
  2. Сабақ мазмұны, мақсаты балалардың сол сабақ тақырыбын жетік тусінуіне байланысты әдістемелер мен мысалдарды дайындаған және ұйымдастырған тәрбиеші басшылығымен өтеді.

Сабақ беру барысында «Тәрбиелеу бағдарламасын»  барлық балалар меңгеруі тиіс, сондықтан ол тәлім-тәрбие алудың негізгі түрі болып табылады. Қалған түрлер балалардың алған тәжірибесін одан ары толықтыру, нақты бекіту мақсатында қолданылады. Көрсетілген ерекшеліктер тәлім-тәрбие алуды мектептегі сабақ беруге біршама жақындатады, бірақ өз ерекшеліктерін жоймайды. Мектептегі сабақ беру мен балабақшада тәлім-тәрбие алудың ең негізгі ерекшелігі – балаға түсетін жүктеме мен құрылымның дәрежесіне, сонымен қатар оқу поцессі кезінде қолданылатын әдістемелерге байланысты.

         Сабақ беру тәлім-тәрбие берудің негізгі және жетекші түрі ретінде балабақшадағы  тәрбиелеу жұмысында ерекше орын алады. Сабақ уақыты бала күнтәртібінде нақтылы анықталған уақытта өтеді. Әдетте бұл таңертеңгі уақыт, балалардың ақыл-ес және физикалық жұмысқа төзімділігі ең жоғарғы дәрежеде болатын кез. Ақыл-ес және физикалық жүктеменің сабақ беруге сипаты серуенге шығудың құрылымына байланысты (ойын бен еңбекті ұштастыра білу, екеуін алма кезек өткізу, ұйымдастырылған фронтальды немесе топтық қызметтің жеке бас қызметпен алмастыру). Сабақ берудің мазмұны  балалардың таңертеңгі уақытта тәлім-тәрбие ұйымдастырылуы кезінде де ескеріледі. Сабақ саны мен олардың ұзақтығы топтан топқа ауыса бастағанда біртіндеп ұзартылады. Сабақтар қосарланғанда олардың әрқайсысына балалардың қызмет сипаты мен оларға тиетін ауырлығы ескеріледі.

Сабақтың мазмұны.

         Нақты бір сабақтың мазмұны «Тәрбиелеу бағдарламасының» талабына сәйкес сол бөлім бойынша балалардың қалыптасқан оқу-әдістемелік қызметіне және алдыңғы бөлімдер бағдарламасын меңгере алуына, сонымен қатар әртүрлі жас топтарындағы балалардың дамуы мен тәрбиелеу ерекшеліктеріне байланысты ұйымдастырылады.

         Әр сабақтың бағдарламасы қарастырады:

  1. Объектілердің құрамы мен сипаты, олардың өзгеруі, кеңеюі, неге қолданылуы, жалпылануы, топтпстырылуы және жүйеленуі жайында анықталған білім көлемін;
  2. Тәжірибелік дағдылар көлемін және қызметтің продуктивті түрлерін үйренуді;
  3. Оқу-әдістемелік дағдыларды үйрену, олардың алғаш түзілуі немесе жандануы, қолдана алуды меңгеруіді (мысалды қабылдай алу, жоспарау, сөйлеу барысында қызмет шешімін көрсете алу, тағы басқа жалпы және арнайы оқулық әдістемелер);
  4. Психикалық қызмет пен таңымдылық процестердің сипаты дамуын (назардың орнығуы және еріктілігі, салыстырмалы қабылдау, салыстыра алудың дамуы, жіктей білу және т.б.);
  5. Балалардың сол сабақта берілген білімді меңгере алуы, өзімен жастылар арасындағы қарым-қатынастың орнауы, сонымен қатар сабақ үйрену барысында өзін өзі ұстай білу ережелері мен нормаларды меңгеруі.

Осы себепті, сабақ мазмұны оқытушылық және тәрбиелеушілік мақсатты қоса тікелей қарым-қатынаста өтеді.

Оқытушылық көлем әр сабақта көп емес. Ол әр жас тобындағы балалардың еске сақтау көлемі мен назар аударуына, олардың ойлық жұмысқа қабілеттігін ескере отырып жасалады.  Сонымен, жаңа затпен таңысуда кіші топтағы балалар 2-3 айқын белгіні есте сақтай алады, орта топтағы балалар – 3-4 дейн, жоғарғы топ – 5-6 дейн (түсі, пішіні, құрылымы, пропорциясы, көлемі, қолданылуы).

    Сабақ беруге  тәлім-тәрбие алудың түрі ретінде бұл процестің аяқталуы тән: үйренудің негізгі тармақтарының және білім алудың, дағддылырдың  меңгеру деңгейінің болуы. Жаңа материалды игеру ескіні қабылдау негізінде өтеді, яғни ескі тақырып жаңаға тікелей ұштасады. Жаңа материл аз мөлшерде беріледі. Бір сабақ көлемінде жаңа материалды алғаш меңгеру, оны түсіну және бекіту жүреді, бұл сабақ мазмұнының құрылымында байқалады. Қайталау сабақтарында тақырыпты одан ры кеңейту, түсіну, білімді бекіту, дағдылану жүреді. Тек осындай көп реттік білімді қабылдау әртүрлі қызметте және әртүрлі жағдайларда ойлаған ойды толықтыра алады.

    Жоғарғы мектепке дейінгі топтағы балаларда  білімді жүйелендіру немесе дағдыларды тәжірибелендіру негізгі мақсаты болып табылатын сабақ беру ұйымдастырылуы мүмкін. Соған сәйкес балалардың оқу бағдарламасы, тәжірибесі таңданады (жаттығу, әңгімелесу). Бұндай сабақ құрылымы басқалардан, типтік сабақтардан ерекшелінеді:оларда негізгі құрылымда оқу процесі басты орын алады.

    Балабақшада сабақты оқыту құрылымында білімді, дағдыны, тәжірибені  меңгеруді тексеру қарастырылмаған. Бұл тексеру балалардың күнделікті әрекетін бақылауда байқалады.

Сабақты ұйымдастыру және балалардың әрекетіне жетекшілік жасау.

Сабақ беру барлық балалармен фронтальды өтеді. Ең алдымен балалардың

 

жоғарғы жұмыс қабілеттігін қамтамасыз ететін гигиеналық жағдай қамтамасыз етілуі керек.

         Нақты бір сабаққа қатысты орын алаңы балалардың сабақты игере алу қызметін жүзеге асыра алатындай жағжайда болуы қажет.

         Сабақты ұйымдастыру барысында материалдың рациональды болуы, оның орындалу реттілігі және оны беру әдісі, сипаты анықталады.

         Сабақтың ішкі логикасы және құрылымы оның негізгі бөлімдерінде көрсетіледі: сабақ басталуы, барысы, аяқталуы.

         Сабақтың басталуы.  Сабақтың басында, оның ұйымдастырылуында қойылған негізгі дидактикалық мақсаттар  – сабақ мазмұнына қызығушылық көрсету, балалар назарын аудару және олардың алдында осы сабақты толығымен ашу тәрбиешімен шешіледі. Бұл мақсаттар әртүрлі жас топтарында әртүрлі шешіледі. Кіші топтағы балалардың сабаққа назарын заттың (сурет, ойыншық, бала қолданатын зат) түрлі түсті болуы аударады. Ойындық тәсілдер мен ойындық жағдайлар қолданылады. Бұның барлығы балалардың еріксіз назар аударуына есептелген. Жоғарғы топтағы балаларда қажетті орынды ұйымдастыруға машықтырылады, бұл сабаққа қызығушылықты тудырады. Дегенмен, жоғарғы топтағы балалардың назарын аударуда негізгі орынды сабақ берудің мазмұны мен сипаты алады. Мысалды әуел бастан қою сабақтың басынан бастап оның көрсетілуі мен жүргізілу әдісіне байланысты. Кейде мысалды түсіндіру балаларды қатыстыру арқылы жүреді.

         Балалар біртіндеп сабақта тәрбиеші сабақ басында және барысында еске салатын белгілі бір ережелерге үйрене бастайды.

         Сабақ барысы. Балалардың қызметін басқару сабақта әртүрлі әдістермен жүзеге асады. Оларды таңдау барысында сабақ мақсаты мен мазмұны, балалар жасы, осы бөлімдегі жүйелік орны ескеріледі.

         Мектепке дейінгі балалардың үйренуінің салыстырмалы жүйелігі бір сабақта әртүрлі әдістерді қолданумен сипатталады:

  1. Мағлұматты алғаш қабылдауға негізделген әдістер және меңгерілген әдістермен қарым-қатынастың болуы;
  2. Білімді кеңейту әдістері;
  3. Білімді, дағдыны жалпылау, қолдану және бекітуге бағытталған әдістер.

Сабақтың барысында әдістерді алмастырып қолдану нақтылы сабақ мысалдарының ретіне байланысты. Сабақ кезінде берілген білім көлемі жеке бөліктерге бөлінеді. Сабақтық мысалдар сабақ барысында білімді, дағдыны үйрену процесіне байланысты топтануы мүмкін. Соған байланысты әдістер мен мысалдар таңданады.

         Сабақ барысында балалардың қызметін басқару – балалар алдында сабақ мысалының реттелген түрде өтуінде (әртүрлі мысалдарды қолдану арқылы жүзеге асады – мысал, сұрақ, ұсыныс) және балалар шешімінен қызметтің ұйымдастырылуында.

         Сабақты ұйымдастыру барысында барлық балалардың мысалдарды белсенді шешуін қамтамасыз ету өте маңызды. Сонымен қатар тәрбиешінің балалардың өз еркімен қызметін ұйымдастыруда тікелей қатынасуы маңызды.

         Балалардың сабақта өз бетімен қызмет етуі білімді, тәжірибені бекіту мақсатында ұйымдастырылады. Бұған ең қолайлы жағдай заттың бастамалық кезінде жүзеге асады.

         Жоғарғы топтағы балалармен сабақ аяғында жалпы таңдамалық қызметтің нәтижесі шығады. Бірақ тәрбиеші өз кезегінде қортынды нәтижені балалардың өзі айтатындай итермелейді. Сабақ аяғында балалардың алған білімі мен кейінгілерді байланыстыра алуы қажет.

         Сабақтың қорытынды бөлімінде сабақ ұйымдастырылуына, балалардың жеке және топтық дағдылануына баға беріледі. Балалар өзара бағаланумен бір-біріне баға беруге қатыстырылады.

         Кіші топтағы сабақтың аяқталуы  сабақ мазмұнына және балалар қызметіне байланысты жағымды сезімдерді күшейтуге бағытталған. Орта топта біртіндеп балалар арасында баға беруді жіктеу біртіндеп енгізіледі. Жалпы қорытынды бағаны мезгілімен балаларды қатынастыра отырып тәрбиеші айтады.

Өзін тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Балабақшада тәлім-тәрбие берудің түрлері. Сабақ беру – балабақшада тәлім-тәрбие ұйымдастырудың негізгі түрі.
  2. Сабақ берудің мазмұны.
  3. Сабақтың құрылымдық бөліктері.
  4. Сабақ берудің ұйымдасуы және балалар қызметін басқару.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Жумабаев М. Педагогика. Алматы, 1994 г.
  2. Ядэшко В.И., Сохина Ф.А. Дошкольная педагогика. Алматы, Мектеп, 1982 г.
  3. Основы дошкольной педагогики./Под ред. Запорожца Л., Маркова Т.А. -М.: Педагогика, 1980
  4. Козлова С.Л., Куликова Т.А. Дошкольная педагогика. М. Издательский центр Академия, 2002 г

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *