Оқытудың негізгі принциптері  

 

Балабақшада мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту процесін ұйымдастыру негізінде дидактиканың басты принциптері жатыр. Олардың қолданылуы жас  психофизиологиялық ерекшеліктерімен және балалардың жас мүмкіншіліге байланысты.

Мектептегі сияқты, балабақшада оқыту баланың жеке басын жан-жақты дамытуға бағытталған. Балалардың негізгі басты әрекеттерінің қалыптасуына әрекет ете отырып – ойындар, оқу-танымдық, еңбек, бейнелеу, оқыту негізгі баланың жеке жан-жақты  тәрбиелеу құралы болып табылады.  Баланың күнделікті әрекетіне тығыз өзарабайланыста оқыту,  ойын және еңбек балабақшадағы оқытудың ең басты маңызды спецификасы ретінде. 

Балабақшада оқытудың негізгі принциптерін қолдану спецификасы.

            Көрнекі-әрекетті және көрнекі-бейнелі ойлау мектепке дейінгі балалардың оқытуын ұйымдастыруда ең басты орын алады, көрнекілік принципі. Мектепке дейінгі балаларда оның маңызы күрделене түседі, оның мазмұны оларда бейне ретінде қалыптасады, тікелей заттарды, құбылыстарды, қоғамдық өмір және табиғатты қабылдау. әртүрлі көрнекіліктің түрлері (заттар, суреттер, кітаптың графикалары және т.б.), оқыту процесінде қолданылады, балаларда жаңа құбылыстарды толық, нақты бейне қалыптастыру үшін,  кейде барларына түзетулерде жүргізіледі.

Мектепке дейінгі балаларды оқытуда көрнекілік принципін жүзеге асыру үшін ең тиімді тәсіл,  балалардың күнделікті тәжірибесін ұйымдастыру және оны қолдану. Зерттеулер бойынша балалардың тәжірибесін қалыптасытрудың жолдарының (каналдарының) көптігі: үлкендер іс-әрекетіне қатысулары, іздену әрекеттері және сынамалар және т.б. Күнделікті тәжірибесін жолдар (каналдар) арқылы қалыптастыру, толықтылығын қамтамасыз етеді, оқыту процесінің көрнекілік негіздерін кеңеюіне белсенді ықпал етеді.

Көрнекілік принципін жүзеге асыру балалардың алған білімдерін түсінуге көмектеседі, дағды және біліктіліктерін қалыптастырады. Нақты бейне балалардың әртүрлі өздеріне таныс әрекеттерінде қолдануға, процесті танып білуге мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі балаларды оқытуда белсенді және дербестік принципін қолдану, оқытудың әдіс және тәсілдерімен байланысты, бұл балаларды белсенділікке итермелейді, соның арқасында ол өздігінен «жаңалық» ашады – жаңаны танып біледі, оған әлі таныс еместерін. Оқу-танымдық әрекетіне дағды және біліктілікке балаларды оқыту, олардың танымдық қабілеттерінің үздіксіз дамуына, сонымен қатар белсенді және дербес болуын қамтамасыз етеді

Балаларды оқытуда оқу-танымдық тапсырмаларын шешуде, оларды шығармашылық тапсырмаларды орындауларымен қиыстыру керек, балалардың алдына қойылған шығармашылық тапсырмаларын шешуге, өздігінен ізденулеріне мадақтап, ықпал жасау керек,

 

Оқыту процесінде балалардың белсенді және дербестік қатысуларын көрсету: оларды  үлкендердің бағыттау әрекетімен оқытудың жүйелі әдіс және тәсілдерімен  қамтамасыз етеді. Тәрбиеші балалардың белсенді болуларын жетелейді, олардың әрекеттерін ұйымдастыруда көбіне ырықсыз зейінге сүйенеді, қызықты және ойын материалдарын қолданады, сабақты көркем безендіреді, оқыту әрекетіне балалардың әртүрлі әрекетін қосады (тексеретін, ойын түрінде, материалдарамен жаттығулар). Балалардың белсенді және дербес дамуына ең маңыздысы балалардың сабақта алған білім және біліктіліктерін қолдана білулері күнделікте өмірде — әртүрлі ойындарда, еңбекте, қарым-қатынаста.

Мектепке дейінгі балаларды  оқытуда, оқытудың жүйелілік және тізбектілігінің принципінің өз спецификасы бар. Бұл принцип берілетін білім, дағды және біліктіліктің логикалық мазмұнын талап етеді. Бұл логика оқыту бағдарламасының бөлімінде біртіндеп дәне тіздектелік бір білімнен басқасына ауысып отырады, олардың кеңеюіне және күрделене түсуін қарастырады. Білім мазмұнын меңгерудің әрбір кезеңіңде нақты болуын талап етеді. Нақты оқыту процесінде жүйелілік және тізбектілік оқыту процесін жоспарында анық көрсетілуі керек, мазмұнын бөліктерге бөлу, әрбір кезең арасында байланыс болу керек, басқа бөлімдердің мазмұнын оқытуда. Мектепке дейінгі балаларды жүйелілік және тізбектілік оқытудың өзіндік ерекшелігі — мазмұнының көлемі аздау болады, біруақытта меңгерілетін, жиі және қайталауда мазмұнының көлемі күрделене түседі. Оқыту процесі сызықты-концентрикалық құрылады.

Мектепке дейінгі балаларды жүйелілік және тізбектілік оқыту меңгерілетін ббілім, дағды және ббіліктіліктің беріктігін қамтамсыз етеді. Оқыту процесінде әртүрлі әдістер (көрнекілік, тәжірибелік және сөздік) қолданылады. әрбір топ әдісі басты ойлау формасының негізінде құрылады (көрнекі-әрекеттік, көрнекі-бейнелі, сөздік-логикалық), оқытудың мазмұнын берік меңгеру үшін жағдайлар жасайды. Беріктілік принципін жүзеге асыру үшін, оқытуды балалардың күнделікті өмірі және әрекетімен тікелей байланыста (ойындарда, еңбекте) болу керек. Сабақты оқытудың құрылымының мақсатын – балалар білім, дағды және біліктілерін қолданылатындай етіп, жаттығулар түрінде қарастыру керек

Мектептегі сияқты, балабақшада да балалардың жас және индивидуалды ерекшеліктерін есепке ала отырып, оқыту принципі болып табылады.

Балалардың жес ерекшеліктерін есепке алу барлық негізгі принциптерді жүзеге асыруда қолданылады. Сонымен қатар балалардың эмоционалды күйлерін және шаршап қалуларын, сабақтың мазмұнында нақты уақытын ескерілуі қажет. Сабақтың қалыпты эмоционалды фонын ескере, тәрбиеші балалар шаршап қалмау үшін, түрлі оқу әрекеттерін (тыңдау, айту, жаттығулар, бақылау), бірқалыпты фронталды үйлесімді болуын, берілген тапсырмаларды балалар өздігінен әрекет ететіндей (таратпа материалдар және т.б.) жағдай жасайды.  Мектепке дейінгі жастағыларда, мектепке қарағанда индивидуалды өзгерістері байқалады, балалардың психикалық дамуы бір қалыпты болмайды. Балалардың белсенділік дәрежесі, қабылдау және есте сақтауында, жалпы жұмыс істеу қабілеттерінде айырмашылықтар болады. Осылардың бәрін еске ала отырып, тәрбиеші зейінді дамытуға және ұяң балаларды, тез меңгере алмайтын, белсенділігі төмен балалармен жұмыс бағыттарын ұйымдастырады. Бұл балалармен жиі қосымша түсіндіреді, әрекет жасаудың тәсілдерін көрсетеді және олардың жеткен жетістіктерін жағымды бағалайды. Тәрбиеші біртіндеп балаларды жалпы тапсырмаларды бірге шешуге үйретеді. Тәрбиеші әр балаға тапсырмалардың көлемін белгілейді. Күнделікті жұмыс әрекетінде балалардың әр түрлі жылдамдықтарына байланысты индивидуалды жолдарында қарастырады.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар.

  1. Дидактикианың басты принциптері.
  2. Балабақшада оқытудың негізгі принциптерін қолдану спецификасы.
  3. Көрнекілі принципі.
  4. Белсенді және дербестік принципі.
  5. Балалардың жас және индивидуалды ерекшеліктерін есепке алу.

Әдебиеттер:

  1. Жумабаев М. Педагогика. Алматы, 1994 г.
  2. Ядэшко В.И., Сохина Ф.А. Дошкольная педагогика. Алматы, Мектеп, 1982 г.
  3. Основы дошкольной педагогики./Под ред. Запорожца Л., Маркова
    Т.А. -М.: Педагогика, 1980
  4. Козлова С.Л.,  Куликова  Т.А.   Дошкольная   педагогика. М.
    Издательский центр Академия, 2002 г.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *