Микробиологиялық өндірістің технологиялық ерекшеліктері.

Микробиологиялық өндірістің технологиялық ерекшеліктері.

 

Биотехнология, биотехнология өндірісі, биотехнологиялық жабдықтар  — ХХ ғасырдың 70-80-90 жылдарында енгізілген салыстырмалы жаңа терминдері. 

Осы жылдарға дейін кеңінен қолданылған терминдер:

  • Микробиология және микробиологиялық өндіріс
  • Және де сәйкесінше жабдықтар.

Биотехнологияның негізгі мақсаты –

  • Биотехнологиялық белсенуді заттарды өндірістік әдіспен микробиологиялық синтездеу.
  • Және микробиологиялық өндірістің басқа да өнімдері, мысалы:
    • В2 витаминінің концентраты
    • ақуыз витаминінің концентарты
    • сұйық гидролиз егінді материалына және сульфитті сілтілеріне қоректік ашытқылар (дрожжилар)
    • тамақ өнеркәсібінің жандарына (қалдықтарына) қоректік ашытқылар.
    • тазаланған парафиндерге қоректік аашытқылар
    • лимон қышқылы
    • қызылша мелассасына мезин, сонымен қатар амин қышқылы, көбінесе гистидин, аргинин, триптофон және т.б
    • қоректік антибиотиктер (биовит, терравит, бацелихин, бацитрацин және т.б препараттар);
    • бактериалды препараттар немесе тыңайтқыштар, өсімдікті қорғау заттары (нитрогин, азобактерин, фосфобактерин және т.б);
    • ферменнті препараттар
    • уыт және т.б.

Микроорганизмдердің популяциаларына тән келесі қасиеттер:

  • жоғары интенсивті өмір сүруі, яғни өсуі, көбеюі және өлуі.
  • және көптеген заттардың өздігімен алмасуы (метоболизм).

Биотехнологиялық жабдықтардың қолданылуы, оның негізгі көрсеткіштерге сәйкес топтарға жіктелуінде. Мынадай көрсеткіштер:

І. Шикізат немесе өсімнің өңделген материалға әсер етуі.

ІІ. Машина немесе аппарат жұмыс циклінің құрлысы.

ІІІ. Механикаландыру және автоматтандыру дәрежесі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *