Металдардан жасалған насостар

Бұл насостардың конструкциялық ерекшелігі сальникті тығыздықтарысыз жаслынып отыр. Сонымен қатар тасымалдау кезінде дақылды сұйықтардың инфинциясын жоюға мүмкіндік туғызып отыр және үштіректерін тасымалданатын сұйықтардың өзімен де майланады.

Осыған орай осы насостардың бірнеше артықшылығын атап айтқанда жөнірек болады:

  • ешқандай да төмендететін немесе жоғарылататын берілістерді қолданбай насос білігін электроқозғалтқышқа және булы немесе газды турбиналарға тікелей жалғастыруға әбден мүмкін;
  • тасымалданатын өнім ағысының біркелкі болуы;
  • сұйықтың берілуін және арынның жеңіл түрде реттелуі;
  • құрылысы жағынан өте жеңіл және ауқымды болмауы.

Бірақ та бұл насостардың кемшіліктері де болады, олар:

  • сұйықтың аз берілуіне орай, пайдалы әсер коэффициентінің төмен болуы, арынның аз болуы;
  • егер сұйқ тұтқырлы болған жағдайда пайдалы әсер коэффициентінің төмендеуі.

Насостарды жасайтын материалдарын қарастырсақ:

  • маркалары әртүрлі тот алмайтын болат металдарынан;
  • пластмассалар ( полипропилен );
  • сырты рәзенкемен қапталған гуммирлі материалдармен.

Металдардан жасалған насостар құрамында 4 % – ке дейін ұсақ бөлшектері 1 мм болатын қатты қопалары бар суспензиялы сұйықтарды тасымалдау үшін арналған.

Пластмассалардан ( полипропилен ) жасалған насостар араласқан немесе араласпаған минералды қышқылдарды ( 50% − тұз, 30% − күкірт қышқылдары ) және температурасы 70ºС дейін кезінде тығыздығы 1200 кг ⁄ м3 болатын агрессивті сұйықтарды тасымалдауға арналған.

Сырты рәзенкемен қапталған (гуммирлі ) насостар араласқан қышқылдарды ( 70% – күкірт және фосфор, 35% – тұз қышқылдары ) және құрамында 4 % – ке дейін ұсақ бөлшектері 0,5 мм болатын қатты қоспалары бар, температурасы 70ºС дейінгі кезінде тығыздығы 1300 кг ⁄ м3 болатын агрессивті сұйықтарды тасымалдауға арналған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *