Балабақшада оқыту және оның теориялық негіздері.
Қазіргі дидактика оқытуды екі жақты процесс ретінде анықтайды, педагогтің оқушымен өзараәрекеті, бағытталған білім, дағды және біліктілікті, сонымен қатар оларда ақыл-ой күшін және қабілеттерін, дүниекөзқарасын тәрбиелеу, жеке адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.
Бұл өзараәрекеттестікте оқытушының әрекеті қиын: оқытады – білім береді, әрекет тәсілдері, оқушылардың әрекетін ұйымдастырады және басқарады. Оқушылардың әрекеті – оқу, оқу әрекеті, танымдық әрекеті үлкендердің қатысуымен және басшылығымен асырылады. Тәрбиеші мен балалардың өзараәрекеті негізінде, балабақшада оқыту процесінің бірізділігі қалыптасады.
Оқыту процесінің құрылысы.
Оқытудың негізгі компоненті: білім – оқу әрекеті болып табылады. Баланың оқу әрекетіндегі таным процесі, таным диалектикасының негізгі ережелерін бейнелендіреді. Оқушының қоршаған ортаны тануы, адамдардың тарихи заңдылықтарымен жүреді. Ол күрделігімен, қарама-қайшылығымен сипатталады және шындыққа жету процесі ретінде. Таным процесі – белсенді процесс. Ол әлемнің ішкі тәжірибелік құрылуымен тығыз байланысты. Танымның шынайылығы тәжірибемен тексеріледі.
Оқыту процесі балалардың үнемі білмеуінен, білуге ауысып отыратындығымен сипатталады.
Тарихи таным, таным оқу әрекетімен қарама-қайшы. Бұл қарама-қайшылық көптүрлі: меңгерілген білімдермен қарама-қайшылық, алда меңгерілетін, сонан кейінгі меңгерілетін; білім және біліктілікті қолданудағы арасындағы қарам-қайшылық, жаңа білімді және игерілетін тәсілдер арасындағы қарам-қайшылық және т.б. Бұл қарам-қайшылықтар балалардың таным әрекетінің қозғаушы күштері болып табылады, сонымен қатар оқыту процесінің.
Таным спецификасы оқытуда жалпы қоғамдық-тарихи тәжірибе түрлері білім, дағды және біліктілікті- түрлі ақыл-ой тәсілдерін және тәжірибелік әрекеттерді игерумен қорытындыланады. Бұл білімнің мазмұны нақты іріктеліп және дидактикалық өңделген. Ғылыми, тереңдігі, білім, дағды және біліктілігін сақтай отырып жеткізілуі, оқушылардың танымдық мүмкіншілігіне төселдендіру. Оқыту барысында педагог балаларды тиімді тәсілдермен қаруландырады.
Білімді игеру процесінің қарама-қайшылығы өзінен-өзі болмайды – ол оқыту мазмұнынын біртіндеп күрделену нәтижесі. Қарам-қайшылықтарды шешу тәжірибенің жинақталуымен емес, жаңа танымдық тәсілдерді игеру жолымен, оқытушының басшылығымен жүзеге асырылады.
Педагогтың оқыту процесіндегі әрекеті білімді, дағды және біліктілікті белсенді игеруге бағытталған. Олар бірқатар функцияларды атқарады: ақпараттық – білім көзі ретінде; ұйымдастырушылық – балалардың танымдық әрекетін ұйымдастырады; бақылау-диагностикалық – мазмұнын меңгерудің деңгейлерін анықтайды және соған сәйкес оқыту процесін жалғастыруды ұйымдастырады; тәрбиелік – танысатын объектілерге қатынасын қалыптастырады, баланың жеке басын дамытуға жағдай жасайды. Бұл функциялар бір-бірімен өте тығыз байланысты және негізгі функциялар оқыту процесінде баланың жеке басын қалыптастыруда көрініс береді: білімділік, дамытушылық, тәрбиелілік,
Негізгі оқыту міндеті білімділік фугкциясы: қазіргі заманның ғылыми негіздерін меңгеру табиғат және қоғам туралы, адамдардың іс-әрекеті және таным заңдары, бұл білімдердің толықтылығы, олардың жүйелілігі және түсініктілігі – бұлардың сіңуі және оларды өмірде тәжірибелік тапсырмаларды шешуде қолдана білу біліктілігі.
Оқыту мазмұнына дағды және біліктілік кіреді – ақыл-ой және тәжірибелік. Олар қоғамдық-тарихи тәжірибе жақтарын кұрастырады. Танымдық дағды және біліктілік оқу-танымдық әрекеті құрылымына кіреді, бұлардың қалыптасуы білімділік функциясымен байланысты.
Білім алу үшін барлық іс-әрекеттерде негізгі компоненттер тиімді: мақсаты немесе нақты тапсырмалар, мотивтер, жоспарлау, жеке әрекет және операция көмегі арқылы таным процесі жүзеге асады, нәтижесі. Оқыту процесінде балалар оқу әрекетінің тәсілдері туралы білім алады, ғылымның негіздерін меңгереді және білім алу әрекеті қалыптасады.
Білім алудың жалпы мақсаты – оқыту процесінде білімді және әрекет тәсілдерін меңгеру, біртіндеп нақты оқу-танымдық міндеттерін күрделендіру, сонымен қатар заттардың ғылыми мазмұнын жәге логикасын оқып білу. Тапсырмалардың нақтылығы, оқушылардың таным мүмкіншілігіне сәйкестігі олардың түсінуіне және нақты жағдайларды шешуге қамтамасыз етеді.
Әрбір танымдық міндеттерді шешу оқыту процесі арқылы жүзеге асырылады оқу әрекетінің өзара байланыстылығы, дағды және біліктілік деңгейінде.
Оқу әрекеті балаларда әртүрлі мотивтер жүйесімен анықталады. Жас ерекшелігіне байланысты олар дамиды және өзгереді. Білім алу мотивтерінің ішінде (әлеуметтік, моральдік және т.б.) негізгі таным қызығушылығы және таным қажеттілігі маңызды орын алады. Танымдық қызығушылығын қалыптастыруда негізгі жағдайлар оқу әрекетінің мотиві, үнемі оқытудың мазмұнын тереңдету және оқыту процесі барысында оқушылардың белсенді позицияларына жағдай жасау.
Сонымен, оқыту процесінде балалардың бірізділік әрекеті оқуәрекетінің мақсатымен, құралдарымен және мотивтерінен көрінеді. Осы әрекеттің дағды және біліктілігін меңгеру, білімді меңгеру процесі сияқтыпедагогтың басшылығымен жүзеге асырылады.
Балабақшада оқыту педагогикалық процестің бір бөлігі болып табылады, мектепке дейінгі жастағы балалардың жан-жақты дамуына және тәрбиелеуге бағытталған. Мектепке дейінгі жастағы балалардың жеке басын қалыптастыру (әртүлі жас кезеңідегі сияқты) қоғамдық-тарихи тәжірибелерді инеру арқылы жүзеге асырылады.
Балабақша жағдайында және отбасында тәжірибені игеру әртүрлі каналдар арқылы жүзеге асырылады: балалардың үлкендердің өмір әрекетіне қатысуы арқылы, өзіндік бағытталған, тәжірибелік және іздену әрекеттері үлкендердің өмірін және табиғат құбылыстарын бақылау және т.б. Барлық жағдайларда беру және білімді меңгеру, дағды және біліктілік жүйесіз біртіндеп жүзеге асырылады.
Оқыту процесі (немесе оқу әрекеті) балабақшада, мектепте бағытталған және ұйымдастырылған процесс ретінде білім, дағды және біліктілік қалыптасқан, тәртіп дағдылары, дидактиканың негізгі принципімен құрастырылған, нақты бағдарламасы бар, нақты жағдайлар жасалған (әртүрлі құралдар мен әдістемелік нұсқауларды пайдалану), анық ұйымдастырылған формасы (фронтальды және индивидуалды), сонымен қатар нақты әдіс және тәсілдерді пайдалану арқылы.
Балабақшада оқыту оның негізгі компоненттері (мақсаты, мазмұны, дидактикалық жағдайлары, формасы және әдістері, нәтижесі), мектептегі сияқты, педагогпен баланың өзара әрекеті, білім, дағды және біліктілікті меңгеруге, ақыл-ой күшін және қабілеттерін және олардың қорашағн ортамен қатынасын дамытуға бағытталған. Осыдан оқыту процесі оқытушының әрекеті – педагог (тәрбиеші) және оқушы балалардың белсенді әрекетін біріктіреді. Бұның бәрі тікелей тәрбиешінің басшылығымен, ұйымдастырумен жүргізіледі. Сонымен, балабақшада және мектепте оқыту арасында көп жалпы ұқсастық бар.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
- Балабақшада оқыту және оның теориялық негіздері.
- Оқыту процесінің құрылысы.
- Оқыту процесі кезінде педагогтың әрекеті
- Жалпы білім алу мақсаты
- Мақсаты, мазмұны, дидактикалық жағдайлары, формасы және әдістері, нәтижесі.
Әдебиеттер:
- Жумабаев М. Педагогика. Алматы, 1994 г.
- Ядэшко В.И., Сохина Ф.А. Дошкольная педагогика. Алматы, Мектеп, 1982 г.
- Основы дошкольной педагогики./Под ред. Запорожца Л., Маркова
Т.А. -М.: Педагогика, 1980 - Козлова С.Л., Куликова Т.А. Дошкольная педагогика. М.
Издательский центр Академия, 2002 г.