Күміс түстілер терісі

Күміс түстілері — жабын талшығы қоңырқай-сұрғылт, жота тубіті қызылқоңыр, бауыр жүні күміс түстес ақшыл-сұр; сарғыш түстілері — жабын талшықтары қоңырқай сарғыш, ұшы ақшылдау, түбіті ақшыл-қызылқоңыр, алтын түстілері —жабын талшығы алтын түсті немесе тұтастай ақшыл-алтын түсті, түбіті сарғыш немесе ақшыл-сары, реңі алтын түстес (түбіт талшығының ұшы едәуір қоңырқай болуы мүмкін); ақ түстілері — жабын және түбіт талшықтары ақ; қара түстілері — жотасындағы жабын талшығы қара немесе шымқай қара, бауыр жүні қоңырқай-қызылқоңыр немесе қара, түбіті қоңырқай-қызылқоңыр не шымқай қара.

Сазқұндыз терісінің негізгі ақаулары — жарылу, тесілу, қажалу, жүн талшығының жапырылуы, тістелуі, тықырлануы, терінің негізгі түсінен өзгешеленетін түс теңбілдері, жүнінің жидуі, терісін сыпырғанда бауыр жағынан тілу (сазқүндыз терісін әдетте жотасынан тіледі), терінің тұтастығының сақталмауы (бауырынан тілуі), майының дұрыс алынбауы.

Сазқұндыз терісін ақаулық дәрежесіне қарай қалыпты және ақауы аз, орташа, көп терілер деп бөледі. Иленген сазқұндыз терісін ГОСТ 12133-66 бойынша сорттайды. Тері жүнін әрлеу әдісіне карай қырқылған және қырқылып, кылшығы алынған деп бөледі.

Қыркылмаған табиғи теріні түсіне карай қызылкоңыр, маржан түстес, күміс түстес, сарғыш, алтын түстес және ак түсті деп бөледі. Жүн талшығының сипаттамасы иленбеген терінікімен бірдей.

Қылшығы жүлынып, кырқылған және қырқылмаған терілерді қоңырқай-қызылқоңыр, мұнда жотасы мен бауыры қоңырқай-қызылқоңыр түсті және кызылқоңыр, бауыры қызыл-қоңыр немесе ақшыл-қызылқоңыр деп бөледі. Сазкүндыз терісі әр түрлі түске боялуы мүмкін, бірақ міндетті түрде түсі бірыңғай болуы тиіс.

Қырқылмай иленген әр түрлі сорттағы теріге қойылатын талаптар шикізатқа қойылатын талаптарға үқсас.

Егер қырқылған терінің жүні қою, қылшығы жиі, түбіті тығыз болса I сортқа, егер жүн талшығы онша қою емес, кылшығы мен түбіті едәуір сирек болса II сортқа жатқызылады. Қырқылып, қылшығы жұлынған теріде түбіті қою, жүмсақ болса I сортқа, ал түбітінің қоюлығы мен жұмсақтығы шамалы болса II сортқа жатқызады.

Иленген тері ақауларына — тігіс, тесілу, тістелу, қырқылу, Кажалу, басқа түспен дақтану және қырқылып, кылшығы түтас жұлынбай қалу сиякты кемшіліктері жатады. Теріні ақаулық дәрежесіне карай калыпты және ақауы шамалы, орташа, көп деп бөледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *