Көптеген пайдалы өсімдіктер толып жатқан вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар қоздыратын ауыруларға шалдығады. Соның зардабынан жыл сайын олардың өнімдері төмендеп, сапасы нашарлайды. Клондық микрокөбейту кезінде стирильденген экспланттарды асептикалық жағдайда өсірудің арқасында өсімдіктер бактериялық және саңырауқұлақтық патогендерден сауықтырылады, бірақ сауықтырылады, бірақ сыртқы заласыздандыру эксплантты вирустан тазарта алмайды.
Вирустармен әдеттегі химиялық әдістермен күресуге болмайды, себебі олардың тіршілік әрекеті өздері ішіне енген қожа өсімдік клеткаларының метоболизімен тығыз байланысты.
Вирустар қоздыратын ауырумен күресудің негізгі жолы, ол ауырудан таза, сауықтырылған көшет алу. Соңғы кезде вирусы жоқ картоп және вегетативтік жолмен көбейетін өсімдіктерді алу үшін апикальдық меристеманы өсіру әдісімен бірге термоөңдеуді, хемотерапияны және вирустарды сарапқа салуды табысты қолданылады.
Әдеттегі вирустардан құтылу әдісінен апикальдық меристеманы өсіру әдісінің негізгі айырмашылығы мынада іn vitro жағдайында регенерант өсімдіктерді алынғанда, олар инфекцияға шалдықпайды. Бұл әдістің негізін қалаған француз ғалымы П.Лимассе мен П.Коруне. олар 1949 жылы көрсеткендей, теңбіл кеселді темекінің жапырақтарында вирустың концентрациясы өсімдіктің ұшына жақындағанда төмендеген. Өркен ұштарының, яғни апикальдық меристемалардың жартысында вирус тіпті болмаған. Апикальдық мерстеманы өсіру әдісін вегетативтік жолмен көбейетін өсімдіктерді вирус ауыруларынан сауықтыру мақсатымен практикада бірінші пайдаланған 1952 жылы Г.Морель мен К.Мартин. олар бұл әдісті георгин теңбіл вирусынан сауықтыру үшін қолданылған.
Жылумен өсіп келе жатқан өркен ұштарында вирустың көбеюі күшті тежеледі, сондықтан жаңадан пайда болған меристема клеткаларында вирустың болмауы мүмкін. Жылумен өңдеу нәтижелі болуы үшін донорлық өсімдіктерді жоғары температурада (34-40 0С) өсуге жақсы жағдай жасап ұзағырақ ұстау қажет. Сол кезде жаңадан өсіп шыққан өркендердің ұштары вирустан алас болады. Бірақ барлық өсімдіктер ұзақ мерзімді жылумен өңдеуге шыдамайды. Олардың өсуі бәсең болады, басқада жағымсыз өзгерістер байқалады. Танаптық және жеміс –көкөніс дақылдарын сауықтыру үшін термоөңдеу, меристеманы өсіру және вирустық тестер арқасында сұрыптау тәсілдері қосыла аралас қолданылады.
Вирус жұққан өсімдіктерді айқындау. Жылумен өңдеп меристеманы өсіру арқылы алынған материалда вирустың бар жоғын міндетті түрде тексеру керек. Ол үшін әр түрлі әдістер қолданылады:
- Вирустық ауыруды айқындаушы өсімдіктер
- Серологиялық әдістер
- Электрондық микроскоппен көріп тану және иммуноферменттік талдау.
Картоптың вирусы жоқ көшет материалдарын алу технологиясы түйнектерді жылумен өңдеуден басталады. Көпшілік мақұлдаған гипотеза бойынша вирустврдың 34-400 С температурасындакөбеюінің тежелуі зат алмасудың өзгеруімен байланысты. Түйнектерді вирустың түріне қарай 7 күннен 7 аптаға дейін жылумен өңдейді. Сонымен бірге түйнектер вирустарды тежейтін, бірақ өсімдіктердің өсу қарқынын арттыратын заттармен өңделеді. Меристемаларды бөліп алу үшін ақшыл, ұзындығы 3-5 см өскіндер пайдаланылады. Өскіндерді жуып-шайып, стирилдеп, бокстың ішінде олардың апекстерін бөліп алады.
Соңғы кезде картопты сауықтыру үшін каллустарды қолданады. Каллусты қайта –қайта қоректік ортаға көшіргенде вирустардан тазарады, морфогенез процестері кезінде вирустары жоқ регенеран өсімдік алынады. Өсімдіктердің ұштарынан алынған калустарында морфогенез процессі тез өтеді. Вируствн таза материалдарды алу табысты болуы мына шарттарға байланысты:
- Өсімдікті жылумен өңдеу мүмкіншілігі
- Меристеманы өсіру мүмкіншілігі
- Вирустарды анықтайтын жақсы игерілген сезімталдылығы жоғары тестің болуы.
- Сауықтырылған материалдарды толық оңашалау жағдайында өсіріп көбейту
- Сауықтырылған материалдың мөлшері жыл сайын алғашқы материалдың мөлшері жыл сайын алғашқы материалды жаңартуға жеткілікті болуы керек.
Вирустары жоқ көшеттерді шығару технологиясы бірқатар көкөніс , жемшөп, жеміс-жидек, әсемдік және ағаш дақылдарын сауықтыру үшін пайдаланылады.