Зорман терісі
Зорман немесе сарышұнақ — біздің. елде тараған осы түрдің ең ірісі. Зорман терісі тақыр (2 см-ден аспайды), жүні он-ша қою емес, бауыр және шап жүлндері өте сирек, жота жүні онша қою емес, бауыр және шап жүндері өте сирек, жота жүні қою, бірақ бүйір жүндерінен қысқа.
Түсі бірыңғай сұрғылт-сары, жотасында едәуір , қоңырқай, оның ұшындағы жабын талшығы кара түсті. Бүйір жүні ақшылдау, бауыры— сұрғылт-сары түсті.
Зорман оңтүстік Заволжьеде, Қазақстанның оңтүстігі мен батысында және Орта Азия жазығында мекендейді.
Зорманның ең сапалы мехтық терісі Ақтөбе даласынан, сонымен шектесетін Қостанай жәнс Қарағанды облыстарынан алынады.
Зорманның қыргыздық түрі де болады. Ол жүнінің біршама қоюлығымен, әрі жұмсақтығымен, сұрғылттау түсімен, жота-сындағы коңырқай қылшығымен ерекшеленеді, Оңтүстік Заволжьедегі зорман терісінің жүні онша қою емес, жүні біршама қысқалау, түсі ақшылдау, сарғыш реңі басым, жота қылшығы қоңыр.
Орта Азия мен оңтүстік Қазақстанның жазығы мен тау етегі аудандарынан өндірілетін зорман терісі (ортаазиялық зорман) сапасының өте төменділігімен ерекшеленеді. Терісі шағын, жүні сирек, түсі сарғыш, қылшығы қара түсті.
Зорман терісінің экономикалык мәні өте зор. Қазіргі кезде негізінен Қазақстаннан 500—700 мыңдай тері дайындалады.
Зорманды ерте көктемде, қысқы ұйкысынан оянғаннан бас-тап түлеуі басталғанға дейін аулайды. Ерте көктемдегі зорман терісінің күзгі түлеген терісінен айырмашылығы жок, тек майы болмайды. Терісін құрсағынан тік тіліп сыпырады, мұқият май-сыздандырады, лас пен қанынан тазартады. Теріні ұзынынан керіп жаяды, мұндайда енінің ұзындығына қатынасы 1:1 болуы тиіс және құрғақтай қаттап консервілейді. Терінің көпшілігі кы-зылқоңыр түске боялады (қаракүзен түсіне келтіреді).
Иленген зорман терісін сорттайды. Теріні мөлшеріне карай үш топқа бөледі: ірі—аумағы 350 см астам, орташа — аумағы 250-де.н 350 см 2 дейін және ұсак—аумағы 172-теи 250 см дейін,
Жүн талшығының жетілу дәрежесіне қарай екі сортқа бөлінеді. I сортқа — букіл аумағында жүні қою және біртегіс келетін терілер, II сортқа — жүні сирек, тықыр терілер жатады.
Зорманның иленбеген терісіндегі ақау түрлері суырдікімен бірдей. Теріні а-қау дәрежесіне қарай қалыпты, ақауы орташа және көп деп беледі.
Жүні түлей бастаған, жаңа талшықтары өсе бастаған, тері ткані қоңырқай, майлы, сондай-ақ жаңадан түбіттене бастаған теріні алуға және қабылдауға болмайды. Сондай-ақ әлі түлеп бітпеген, тері ткані қалың әрі майлы терілерді де өндіруге жә-не қабылдаүға тиым салынады.
Зорманның иленген терісің сорттайды. Тері жүнінің сипаты мен сапасына карай екі категорияға бөледі- I—жүні жұмсақ, өскелең терілер; II—жүні қатқылдау, қысқа терілер.
Зорман терісін мөлшеріне қарай үш категорияға бөледі (5-кесте)