Жүні күңгірт, өңсіз қылшығы қүрғақ, әрі тез сынатын, түбіті сирек, тері

Жүні күңгірт, өңсіз қылшығы қүрғақ, әрі тез сынатын, түбіті сирек, тері ткані қалың, әрі қатқыл, ақшыл немесе қызылқоңыр теңбілі бар терілер (ересек ондатрдың жазғы терісі), сондай-ақ жас ондатрдың жүні «Үрпиген», тері ткані жұқа терілер

стандартқа жатқызылмайды да, оларды аулауға тыйым салынады.

Ондатр терісінің негізгі ақаулары: жыртылу, тесілу, оқ тесу, тістелу, қырқылу, жарылу, көктемгі түлеу белгілері (жүнінің көмескіленуі және аздап сиреуі, шелінің қалыңдап, қатаюы), майының жөнді алынбауы, бүктелген күйінде кептірілуі. Терінің ақауын айырғанда қалыпты және ақауы шамалы, орташа, көп деп беледі.

Өңделген ондатр терісін ГОСТ 11106-64 бойынша сорттайды. Жүнін әрлеу әдісіне қарай теріні қырқылмаған, қырқылған, қылшығы қырқылған; ал түсі бойынша — табиғи және боялған деп бөледі. Табиғи терінің жотасы күрең-қызылқоңыр, бүйірі ашық қызылқоңыр және бауыры боз-ақшыл болуы тиіс. Түбіті сұр, ұшы қызыл-қоңырлау.. Боялған теріні қара және түрлі түсті деп бөледі. Қара түсті тері жүнінің ең кемі 2/3 үзындығы қара түсті, ал түбі қара немесе қарақошқыл болуы мүмкін. Түрлі түсті терілерге қызылқоңыр, көгілдір, сарғыш және басқа түстер жатады. Түсі жотасынан бүйіріне қарай, қылшық ұшынан түбітіне дейін әлсіреуі мүмкін.

Қазіргі кезде анилиң бояуымен қара түске боялған ондатр терілері шығарылмайды, себебі анилин бояулары тері тканінің беріктігін едәуір әлсіретеді.

Қырқылмаған тері үш сортқа, ал қырқылғаны және кылшығымен қоса қырқылғаны — екі сортқа бөлінеді. Стандартсыз иленген терінің әр түрлі сорттарына қойылатын талап иленбеген теріге қойылатын талапқа ұқсас. Егер қырқылған терінің жүні өскелең, бүкіл тері аумағының түбіті тегіс, қылшығы майда болса I сортка, егер жүнінің өскелеңдігі шамалы, жылтыр, бүкіл тері аумағында түбіті тегіс, қою болса II сортқа жатқызады.

Терідегі ақаудың аз-көптігіне және мөлшеріне қарай иленген ондатр терісін қалыпты және А, Б, В тобындағы ақаулы деп бөледі. Ақауына жататындары: тігіс орны, қырқылу, тесілу, қылшығының мыжылуы, жүні түсіп тақырлану, қырқылған тері де қылшығының қалуы (егер терінің бүкіл аумағында 20 %-тен астам қылшық қалса, онда оны қырқылмаған деп есептейді).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *