Жабайы мысық

Жабайы мысық. Бұған әр түрлі жабайы мысықтардың: орман мысығының, дала мысығының, қамыс мысығының, амур мысығының, сабаншының, шағыл мысығының және каракалдың терілері жатады. Жабайы мысықтар терісінің экономикалық мәні шамалы, Олардан жылына 15 мыңдай тері дайындалады. Әр түрлі жабайы мысықтардың сипаттамасы 22-кестеде келтірілген.

Жолбарыс терісін бауырының ортасынан тіліп алады да, бас, қүйрық, сирақ терілерін сақтайды. Қалғандарын бітеудей сояды. Жолбарыс, барыс, қабылан және сілеусін сирақтарын тырнағын қалдырады. Терінің жүнін сыртына қаратып қаттайды.

Түсі әдемі жабайы мысық терісін табиғи түрінде шығарады, қалғандарын қызылқоңыр, сұр немесе қара түстерге бояйды. Барыстың, қабыланның, сілеусіннің, жолбарыстың және жабайы мысықтың иленбеген терісін ГОСТ 11315-65 бойынша сорттайды. Сілеусін терісі екі түрге бөленеді: Солтүстік — бүғаң жүні түбітті және жүмсақ терілер жатады, және оңүстік — жүні қысқа, қатқыл терілер жатады. Сабаншы (манул) терісі де Солтүстік және Оңтүстік болып бөлінеді, бұлар жүнінің түсі бойынша өзгешеленеді,

Барыс пен қабылан терілері екі түрге бөлінеді: ірі —аумағы 4500 см 2 астам және ұсақ — аумағы 4500 см гастам. Қалған терілерді мөлшеріне қарай, 2-кестеде келтірілген нормаларға сәйкес үш категорияға бөледі.

Жабайы мысық терісі үш сортқа бөлінеді. I сортқа жүні толық жетілген, шелі таза терілер, II сортқа — жүні онша жетілмеген, шелі көгілдір терілер жатады (кесте 2).

Кесте 2

Жабайы мысық терісін мөлшеріне қарай бөлу

Тері мөлшері
Тері аумағы, см
Тері аумағы, см
Тері аумағы, см


Сілеусін
Қамыс мысығы
Жабайы мысық және басқа да түрлері

Ірі

Орташа

Ұсақ
4000-нан астам

2700-4000

1750-ге дейін
2700-ден астам

1600-2700

1600-ге дейін
1900-дан астам

1200-1900

1200-ге дейін


Ерте көктемдегі және көктемдегі жүні өсіңкіреп кеткен терілер ақаулы деп есептелінеді. Жабайы мысық терісіндегі ақаулар — жыртылуы, тесілуі, қырқылуы, қажалуы,, көктемгі түлеу белгісі, тері бөліктерінің жетіспеуі, алғашқы өңдеудің дүрыс еместігі, сілеусін терісіндегі бауырының сарғыштануы. Иленген теріні жұмсақтығына қарай сорттайды. Сілеусіннің иленген терісі жүнінің жұмсақтығына қарай I және II топқа бөледі. I және II топтағы терілердің жүн талшығы күйінің сипаттамасына солтүстік және оңтүстік түрлерінің сипаттамасымен бірдей. Сілеусін терісі түсіне қарай төрт топқа бөлінеді: көгілдір, қоңырқай-сұр, қызғылт және қызыл-жирен түстілер.

Барыс, қабылан, сілеусін және жабайы мысық терілері үш мөлшерлік категорияға бөлінеді (3 кесте). Иленген теріні сортқа бөлу иленбеген терімен бірдей.

Ақау дәрежесіне қарай терілер қалыпты және ақауы аз, орташа, көп деп бөлінеді. Тері ақауына жататындар: тігістер (жіктер), тесіктер, қырқылуы, қажалуы, жалаңаштануы, тері бөліктерінің жетіспеуі (басы, мойны, бауыры), көктемгі түлеу белгілері (бүйір, мойын, сан жүндерінің сиреуі және қажалуы).

Теріде сирағы (барыс, қабылан, жолбарыс, сілеусін), қүйрығы және құлағы (барыс, қабылан, жолбарыс) болмағанда,

сілеусін терісінің жүнінде (бауырында) сарғыш теңбіл болған жағдайда тері бағасы арзандатылады.

Кесте 3

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *