Графиктер

 

 

Мәліметтерді график түрінде көрсету (графиктер) мәліметтердің мағынасын кернекі түрде және жеңіл түсіну мүмкіндігін беру мақсатында кеңінен қолданылады.

Графиктердің мынадай түрлері кездеседі:

  • сынық сызық түріндегі графиктер;
  • сызықтық график;
  • шеңбер түріндегі график;
  • таспа түріндегі график;
  • Z-тәрізді график;

Шеңберлік графиктер —  қарастырылатын мәліметтердің пайыздық қатынасын көрсету үшін қолданылады. Шеңберлік график көмегімен бүтін параметрді құрайтын бірліктерді көреді. Құраушылар шеңбер секторы ретінде көрсетіліп, шеңбер бойымен сағат тілінің бағытымен ең көп пайыздық элементтен бастап, азына қарай бағыттайды. Шеңберлік  графикте бірден бірліктермен құраушыларды жеңіл көруге болады. Шеңберлік график 1.1 суретте көрсетілген. Графикте карп өнімінің өзіндік бағасын құрайтын қатынастарды тез бағалауға болады. Егер өнімнің әр түрі бойынша шығынды қорытындап, тексеру мен сату шығындарын қосып бөлетін болсақ, онда өнімнің өзіндік бағасын төмендетуге ықпал ететін ақпарат алуға болады.

 

Рис. 1.1.  Өндірістің өзіндік құнын құрастырушы элементтер

1 — өндірістің құны; 2 – жанама шығындар; 3 – тура шығындар; 4 – шикізат пен материалдарның құны; 5 – сыртқы тапсырыстар бойынша төлемдер; 6 – жалақы; 7 – сатып алынатын бөлшектердің құны; 8 – басқа шығындар; 9 – электр құаты мен отынның құны; 10 – арзан бағамен сату; 11 – млн. тенге

 

Бағандық графиктер.

Бағандық графиктің көмегімен бағанмен көрсетілетін сандық көрсеткіштерді анықтайды. Бағандық графиктер түрлері болып Парето диаграммасы, гистограммалар табылады.  Бағандық график суреті 1.2.

 

 

 

Рис. 1.2. Сатып алуға ынталандыру стимулдары

1 – жағдайлар саны; 2 – жағдайлар; 3 – бұйымды сатып алуға ынталандыру стимулдары; 4 – сапасы; 5 – бағасын түсіру; 6 – кепілдік мерзімі; 7 – дизайн; 8 – жеткізіп беру; 9 – басқалар.  

 

Ленталық график.

Ленталық график қандай да бір параметрлерді құрайтын қатынастарды анық көру үшін сонымен қатар осы қатынастардың уақыт ағымы мен өзгеріп отыруын көруге болады. Мысалы: қандай да бір заттарды сату кезіндегі ай сайынғы немесе жыл сайынғы табыс өзгерістерін көру үшін.

Ленталық графикті құру кезінде графиктің тік бұрыштаррын бірнеше даналарға пропорциялы құраушылары болса немесе сандық мағыналарына сәйкес лента бойымен құраушылардың әр бір факторына сәйкес бөліктерге бөледі. Ленталы график мысалы 1.3 суретте көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

Рис. 1.3. Жеке бұйымдар түрлері бойынша түскен қаржы сомаларының өзара қатынасы

 

Z тәріздес график — фактілік мәліметтердің әр ай сайынғы тіркеу кезіндегі жалпы  тенденциясын бағалау үшін қолданылады.

Жалпы график оны құратын үш график бойынша Z әріпі тәріздес болады, осыған орай атауы да «Z тәріздес график».

 

 

 

 

 

… сурет. Табыс сомаларын бақылау.

1 – шығарылған бұйымдар саны; 2 – жыл айлары; 3 – млн. тенге; 4 – түскен табыстың кумулятивтік сомасы; 5 – айлық табыс; 6 — өзгертілген жалпы табыс  

Радиациялық диаграмма. Бұл график келесідей құрылады: шеңбер центрінен мәліметтер санына байланысты радиустар жүргізіледі. Бұл радиустарға ұзын градуировкалар созып оған мәліметтерді бөледі. 

 

 

… сурет. Басқару жай-күйін талдау

1 – жалпы капиталдан түсіп жатқан пайда пайызы; 2 – сатудан түсіп жатқан жалпы пайда пайызы; 3 – сатудан күнделікті түсіп жатқан пайда пайызы; 4 — өз капиталының жалпы пайдаға қатынасы; 5 – сатудан түсетін пайдадан төленетін төлемдер пайызы; 6 – пайда мен шығындар қатынасы; 7 – шекті пайда пайызы; 8 – сатудан жылына түсетін пайданың көтерілу пайызы

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *