Гистограмма

 

 

Бұйымның сапасы жөнінде пікір айту үшін оның параметрлерін бақылау және өлшеу жолымен мәліметтер (сапа туралы ақпарат) жиналады. Технологиялық  процестің дәлдігі мен тұрақтылығына талдау жүргізу үшін де процестің барысы жөнінде өлшеу және бақылау ақпараты алынады. Параметрлерді өлшеу кезінде алынған мәліметтер қатары реттелмеген мәндер тізбегі болып табылады және оның негізінде нақты қорытындылар шығару мүмкін емес болып табылады.

… кестеде келтірілген сақиналар диаметрін өлшеу нәтижелері сондай реттелмеген мәндер мысалы болып табылады. Сақиналардың сапасын анықтау үшін мәліметтерді реттеу қажет. Бұл мақсатта жиі жағдайда үлестірілу гистограммасы құрылады.

Кесте. Сақиналар диаметрі.

Сақиналар диаметрі, мм (n = 100)

3,56

3,46

3,48

3,50

3,42

3,43

3,52

3,49

3,44

3,50

3,48

3,56

3,50

3,52

3,47

3,48

3,46

3,50

3,56

3,38

3,41

3,37

3,47

3,49

3,45

3,44

3,50

3,49

3,46

3,46

3,55

3,52

3,44

3,50

3,45

3,44

3,48

3,46

3,52

3,46

3,48

3,32

3,40

3,52

3,34

3,46

3,43

3,30

3,46

3,52

3,59

3,63

3,59

3,47

3,38

3,52

3,45

3,48

3,31

3,46

3,40

3,54

3,46

3,51

3,48

3,50

3,68

3,60

3,46

3,52

3,48

3,50

3,56

3,50

3,52

3,46

3,48

3,46

3,52

3,56

3,52

3,48

3,46

3,45

3,46

3,54

3,54

3,48

3,49

3,41

3,41

3,45

3,34

3,44

3,47

3,47

3,41

3,48

3,54

3,47

Гистограмма – күнделікті өлшеу немесе бақылау мәліметтерінің бір немесе бірнеше алдын ала белгіленген мәндер интервалына түсу жиілігі бойынша үлестірілуі бағандар түрінде көрсетілген график болып табылады.

Гистограмма алынған үлестірілуді бақылау нормативтерімен салыстыру кезінде көп мөлшерде бағалы ақпарат беруі мүмкін. Алынған жиіліктердің үлестірілуі бойынша орташа мән және стандарттық ауытқу есептелген жағдайда ақпараттың маңызы арта түседі.

Гистограмманы құруға арналған мәліметтер ұзақ уақыт ішінде – апта, ай, жыл бойы жиналады.

Гистограмма құру үшін  мәліметтерді талдау нәтижесінде өлшенген парамердің ең кишкене және ең үлкен мәнін табады және құлаш есептеледі.

Біздің мысалда:

xmin = 3,3 мм;  xmaх = 3,68 мм;   R = xmin – xmaх = 3,68 – 3,3 = 0,38 мм.

Ары қарай мәндердің үлестірілу диапазонын тең интервалдарға бөледі. Бұл жерде мынаны ескеру керек: егер интервал тым үлкен болса, онда жиіліктің кездейсоқ ауытқу себебінен үлестірілу дұрыс көрсетілмеуі мүмкін; егер интервал тым кішкене болса, онда үлестірілу байқалмауы мүмкін. Мәліметтер саны 100 – 150 болса, интервалдар саны (е) 8 – 10 аралығыанда болғаны дұрыс деп есептеледі. 

Біздің мысал үшін е = 9 деп қабылдаймыз. Сонда әр интервалдың ені:

Δх  = R / e = 0,38 / 9 = 0,0422 = 0,05 (мм)

         Енді интервалдар бойынша жиіліктер есептеледі. Ол үшін ….. кесте құрылады.

         Кесте. Жиіліктердің үлестірілуі

Интервал нөмірі

Интервалдың ортасы

Интервалдың шекаралары

Жиілікті есептеу

Интервалдағы жиілік саны

Жиілік деңгейі

1

2

3

4

5

6

1

3,30

3,275 3,325

///

3

0,03

2

3,35

3,325 3,375

///

3

0,03

3

3,40

3,375 3,425

/////  ////

9

0,09

4

3,45

3,425 3,475

///// ///// ///// ///// ///// ///// //

32

0,32

5

3,50

3,475 3,525

///// ///// ///// ///// ///// ///// ///// ///

38

0,38

6

3,55

3,525 3,575

///// /////

10

0,10

7

3,60

3,575 3,625

///

3

0,03

8

3,65

3,625 3,675

/

1

0,01

9

 

3,675 3,725

/

1

0,01

 

 

 

 

Σ = n = 100

Σ = 1,0

         …. кестеде 4- бағанға 3- бағанда берілген интервалға … кестедегі мәндердің қаншасы (нешеуі) түскенін көрсету үшін штрихтар койылады. Штрихтардың саны, яғни әр интервалға түсу жиілігі 5- бағанға жазылады.

         Гистограмма былай құрылады: абцисса өсіне интервалдардың орталарын көрсететін сандар жазылады. Ордината өсіне жиілік мәндері жазылады. Әр интервалдың биіктігін көрсетіп бағандар құрылады.

… сурет. Үлестірілу гистограммасы.

Тт, Тж – төменгі және жоғарғы шектері

          Көрнектілігі мен құру жеңілдігінен гистограммалар көптеген салаларда қолданылады. Атап айтқанда, гистограммалар әдісі өндірістік процесте өнімнің сапасын бақылау,  технологиялық процесті зерттеу, жеке операторлар мен станоктардың жұмысын талдау, операторлар мен бақылау жүргізушілерді оқыту кезінде қолданылады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *