Гендік инженерияның мақсаты

Гендік инженерияның мақсаты — әрбір дербес құрылымдық генді бір өсімдіктен басқа бағалы сорттың өсімдігіне оны одан әрі жақсарту үшін енгізу. Гендік инженерияның әзірше алға қойған мақсаты – аналық бір белгі жазылған қарапайым гендермен айналысу. Мысалы, кейбір қор белоктары, гербициттермен пестициттерге төзімділік гендері. Өсімдіктердің құрылымдық гендерін бөліп алу үшін гендік инженерияның әдістері қолданылады.гендердің көптеген геномдық көшірімдемелері ДНК-ның комплементарлық тізбегін (қДНҚ) кері транскриптаза көмегімен матрицалық РНК да синтездеу арқылы алынған. Қор белоктарының молекулалаық салмағы және комплементтер саны бойынша едәуір лина аралық полиморфизм болады. Олардың құрылымы жөніндегі информациялар ДНК денгейінде де сақталады. Мүмкін бұл полимрфизм жылжымалы генетикалық элементтерге байланысты болады. Сонымен қажетті белгіні кодтайтын гендерді бөліп алу қиындығы, олардың бірегейлігіне, геномында сирек кездесуіне байланысты немесе олардың топтасып хромосомалардың әр түрлі жерінде орналасуына байланысты.

         Құрылымдық гендерде тек қана метобольизм өтуінің нәтижесінде түзілетін заттардың коды жазылған. Оларда ген активтілігін реттеитін бөлшек мүлдем жоқ. Сондықтан жаңа құрылымдық гендерді иеленген клеткаларда ол гендер өз бетімен тиісті қызметін атқара алмайды. гендердің клеткадағы әрекетін басқаратын репликаия және транскрипция сигналдарын оларға вектор қамтамасыз етеді. Бөтен генді клетка ішіне тасымалдап алып баратын арнаулы ДНК молекуласын вектор деп атайды. Оларға бірнеше талаптар қойыады;

  1. Өз алдына репликациялану
  2. Трансформацияланған клеткаларды анықтау үшін оның ерекше генетикалық белгілері болуы керек
  3. Құрамында рестиктазалар үзе алатын нуклеотиттер тізбегі болуы керек
  4. Векторлардың көлемі кішігірім болуы керек.

Әдетте құрылымдық ген өте қысқа болып келеді. Оны бірден көп мөлшерде бөліп алу қиын. Ген қолдану үшін бактерия қолданылады.

Практикада өсімдік клеткаларының трансформациясын in vitro өткізген қолайлы. Т-ДНК жүйесін қолданып бүтін өсімдіктер мен потопластарда көптеген эксперименттер жасалған. Трансплантацияланған кейбір өсімдіктердің ұрпақтары алынған. Оларға бөтен ген егізу арқасында пайда болған жаңа қасиеттер Мендель заңы бойынша тұрақты тұқым қуалайды. Вируленттілік агробактерияларды протопластармен аралас бірге өсіргенде трансформация өту үшін клетка қабығының қайта құрылуы қажет. Бұл құбылыс клетка қабығын тежейтін заттарды қолдану және де бактериялардың протопластарға қосылуын тежейтін ЭДТА қолдану арқылы дәлелденген. Осы әдістің модификациясы, ол протопластарды бактериялар дың сферопластарымен (қабығы жоқ) бірге өсіру. Осы бағытта протопластарға ПЭГ көмегімен Т-ДНҚ тікелей енгізу тәжірибелері жасалынған. Трансформацияланған клетклар гормондары жоқ ортада өсіріліп сұрыпталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *