Бақылау жоспарлары

 

Бақылау жоспары деп өнімнің партиясын бақылау кезінде орындалуы қажет болып табылатын талаптар мен ережелердің жиынтығын айтады. Бақылау жоспары мынылырдан құралады: бақыланатын партияның көлемі; бақылау деңгейі және түрі; таңдамалы бақылау жоспарының типі; таңдаманың көлемі; бақылау нормативтері; шешуші ережелер және т.б.

Таңдамалар санына байланысты бір сатылы, екі сатылы, көп сатылы және тізбекті бақылау жоспары кездеседі:.

Бір сатылы бақылау жоспарында өнімнің партиясын қабылдау туралы шешім бір ғана таңдаманы бақылау нәтижесі бойынша шағарылады.  Көлемі N партиядан n таңдама алынады, қабылдау саны Ас және аралық қабылдау саны Re тағайындалады. Ақаулы өнім  бірліктерінің  санын  z. z ≤ Aс болса партия  қабылданады. z ≥ Re болса, партия қабылданбайды (брак деп танылады).

Екі сатылы бақылау жоспары бойынша өнімнің партиясын қабылдау туралы шешім екі (одан көп емес) таңдаманы бақылау нәтижесі бойынша шағарылады және екінші таңдама алу қажеттілігі бірінші таңдаманы бақылау нәтижесі бойынша анықталады. 

         Бақылау жоспарында мыналар тағайындалады:

         N – партиядағы өнім бірліктерінің жалпы саны;

n1 – бірінші таңдаманың көлемі;

Ac1 – бірінші таңдама үшін қабылдау саны;

Re1 – бірінші таңдама үшін аралық сан;

z1 — бірінші таңдамадағы ақаулы өнімдер саны;

n2 – екінші таңдаманың көлемі;

Ac2 – екінші таңдама үшін қабылдау саны;

Re2  — екінші таңдама үшін аралық сан;

z2 — екінші таңдамадағы ақаулы өнімдер саны.

Егер көлемі n1 бірінші таңдамада z1 ≤ Ac1 болып шықса, партия қабылданады. z1 ≥  Re1 болған жағдайда партия қабылданбайды.

Егер Ac1 < z1  < Re1 болып шықса, онда көлемі n2 екінші таңдама алу туралы шешім қабылданады.

Екінші таңдама үшін  Ac2 және Re2  бақылау нормативтері тағайындалады және бұл нормативтермен бірінші және екінші таңдамалардан шыққан ақауы бар өнім бірліктерінің сомасын (z1 + z2) салыстырады.

Егер (z1 + z2) ≤ Ac2  болса, партия қабылданады; (z1 + z2) ≥ Re2 болса, онда партия бракқа шығарылады, яғни қабылданбайды.

Екі сатылы бақылау кезінде бұйым партияларын қабылдауды мына екі бір-бірімен қиылыспайтын кездейсоқ оқиғалардың сомасы деп қарастыруға болады:

А – партия бірінші  таңдамадан алынған өнім бірліктерін бақылау нәтижесі бойынша қабылданады;

Б —  партия бірінші және екінші таңдамадан алынған өнім бірліктерін бақылау нәтижесі бойынша қабылданады.

Таңдамалы бақылаудың бір сатылы немесе екі сатылы жоспарын таңдау кезінде бір сатылы жоспардың мына ерекшеліктерін ескерген жөн: қолдануға жеңіл; таңдаманы бақылауға көп уақыт кетпейді; материалдық шығыны көп емес.

Көп сатылы бақылау жоспары бойынша өнімнің партиясын қабылдау туралы шешім бірнеше таңдаманы бақылау нәтижесі бойынша шағарылады, таңдамалардың максимум саны алдын ала тағайындалады және келесі таңдаманы алу қажеттілігі оның алдындағы таңдаманы бақылау нәтижесінен тәуелді болып табылады. 

Тізбекті бақылау жоспары бойынша өнімнің партиясын қабылдау туралы шешім бірнеше таңдаманы бақылау нәтижесі бойынша шығарылады, таңдамалардың максимум саны алдын ала тағайындалмайды және келесі таңдаманы алу қажеттілігі оның алдындағы таңдаманы бақылау нәтижесінен тәуелді болып табылады. 

Әр тексеруден кейін үш шешімнің бірі қабылданады:

1- партия қабылданады; 2 — тексеруді жалғастыру керек; 3 — партия қабылданбайды.

Бақылау жоспарының оперативтік сипаттамасы

Әртүрлі бақылау жоспарларын салыстыру және бағалау үшін оперативтік сипаттама – партияны қабылдау ықтималдығының (L) ақаулы өнім бірліктерінің үлесінен (q) тәуелділік графигі қолданылады.

Партияны жаппай бақылау кезінде оперативтік сипаттама идеалды түрде табылады (1a- сурет) және бұл жерде q ≤ qкр болған барлық партиялар қабылданады, ал q > qкр болған партиялар бракқа шығарылады (жарамсыз деп танылады). Басқа түрде бұны былай көрсетуге болады:

L(q) = 1, егер q ≤ qкр

L(q) = 0, егер q > qкр.

         Таңдамалы бақылау үшін оперативтік сипаттама 1б- суретте көрсетілген.

 

 

 

 

 

                   а)                                                               б)

Сурет. Оперативтік сипаттамалар графигі

а) жаппай (100 % көлемінде) бақылау кезінде;  б) таңдамалы бақылау кезінде

 

         Оперативтік сипаттама идеалды сипаттамаға неғұрлым жақын болса, бақылау жоспары соғұрлым жақсы болып табылады (нәтижелеріне сенімділік жоғарырақ болады). Бірақ α-β айырымы үлкейген сайын (q1 және q2 аралығында) таңдаманың көлемі, яғни бақылаудың ақшадай бағасы (құны) ұлғаяды). Сондықтан әдетте құны жағынан қолайлы шешім қабылданады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *