БАРЫС ҚАБЫЛАН, ГЕПАРД, СІЛЕУСІН, ЖОЛБАРЫС ЖӘНЕ ЖАБАЙЫ МЫСЫҚ ТЕРІЛЕРІ
Барыс (ірбіс). Алтай мен Орта Азиядағы биік тауларда мекендейді. Барыс терісінің экономикалық мәні шамалы. Жыл сайын одан 100-ге жуық тері өндіріледі. Барыс терісі өте ірі, жүні ұзын, қою, әрі жұмсақ. Түсі теңбіл, ақшыл, сұр-көгілдір реңде сақина тәрізді күңгірт-сұр теңбілдер бар, құйрығы ұзын, өте әдемі.
Қабылан. Түркімения, Кавказ тауларында, Қиыр Шығыста кездеседі. Барлық жерде өте сирек, аздап қана ауланады. Терісі ірі, жүні тақыр, қатқылдау, жирен, жирен-сарғыш түсті, сақина тәрізді қоңырлау-қара немесе қара түсті теңбілдері бар, барысқа қарағанда қүйрығы қысқа, түбіті шамалы. Қиыр Шы-ғыс қабыланының жүні біршама өскелең, жүмсақ, кавказдық және түркімендік қабыландарға қарағанда түсі ашық.
Гепард. Түркменияда сирек кездесді. Терісі қабыланға өте үқсас, айырмашылығы — тұтастай қара бедері бар, сирағы үзын, әрі жіңішке. Мойын жүні өте үзын, жалданып түрады.
Жолбарыс. Қиыр Шығыста, Орта Азияда және Закавказьеде аздап сақталған. Жолбарыс терісінің экономикалық мәні шамалы, олар өндіріске кездейсоқ келіп түседі. Терісі өте ірі, жота және бүйір жүндері сарғыштау, бауыр жүні ақ. Бүкіл денесінде өзіне тән көлденең жолағы болады.
Ортазиялық және кавказдық жолбарыстарға қарағанда амурлық жолбарыстың терісі ірі, түсі ашық, мехы тубітті, әрі қою.
Сілеусін. Барлық орманды аймақтарда, сондай-ақ Кавказ, Закавказье тауларында және Орта Азияда мекендейді. Жыл сайын 4—5 мыңдай терісі дайындалады. Солтүстік аудандардағы сілеусін терісі ірі, жүні түбітті, қою. Оңтүстік аудандардағы сілеусін терісі кішірек, жүні онша түбітті емес, сирек, қатқылдау.
Жүнінің түсі ақшыл-сұрдан ашық-сарғыш түске дейін. Кейбір терінің түсі бірыңғай, теңбілі шамалы білінеді. Қейбіреуінде қара теңбіл анық көрінеді. Бірыңғай түсті көгілдір және қоңырқай-сұр, сондай-ақ қызғылттау терілер солтүстік аудандардан келеді. Қавказ бен Закавказьеден ауланатын сілеусін терілерінде қызғылт ңемесе қызыл-сарғыш теңбілдер басым келеді. Ең бағалысы күлгін түстері, қоңырқай-сұр түстерінің бағасы төменірек. Ең нашары қызғылт-сары түсті терілер.