Дидактикалық ойындар

   Ойын — тек көңіл көтеру ғана емес, сондай-ак оның көмегі арқылы жас балаларға қоршаған өмірді таныстыратын да тәсіл болып саналады. Балалар неғұрлым аз болған сайын олармен жүргізілетін білімдік-тәрбиелік жұмыстардың тәсілі ретінде ойын да соғұрлым жиірек қолданылады. 

1.. Бұл ойындарда табиғаттың табиғи заттары (овощтар, жемістер, гүлдер, тастар, тұқымдар, кепкен ұрықтар), өсімдіктер мен хайуанаттардың суреттері бейнеленген картинкалар, үстелде ойналатын ойындар мен әр қилы ойыншықтар пайдаланылады. Табиғаттың табиғи материалымен немесе оның бейнеленуімен ойналатын дидактикалық ойындар балалардың сезімдік жағынан (сен-сорлық) тәрбиелеуде танымдық іс-әрекетінің дамуында негізгі тәсіл болып табылады. Ойындар сабақтарға, экскурсияларға, серуендеулерге арнайы бөлінген уақыттарда өткізіледі.

      Сабақтарда қолданылатын дидактикалық ойындар балаларға заттардың қасиетін тануына және табиғатты бақылау кезінде алған елестетулерін анықтай түсуіне көмектеседі.

      Балалардың сәби топтарында ойын әдетте барлық сабақта тұтастай өткізіледі, естиярлар, ересектер мен мектепке даярлық топтарында көбінесе сабақтың бір бөлігін қамтиды да, 5 минуттая 20 минутка созылады.

     Сәбилер топтарында заттарды бала сыртқы түріне қарал айыра білуге үйренетін ойындар ойналады. Тәрбиеші мұндай ойынды ұйымдастыра отырып, балаларға жапырак, гүл, сәбіз, қызылша, картон және т. б. алып келуді тапсырады.

     Естиярлар тобында, балалар заттарды (овощтар, жемістер) ұстап, тани алатын болады. Мұндай ойындарға «Дорбадағы не нәрсе екенін тап», «Қолдағы затты тап» ойындары жатады. Осы ойындардың алғашқысын ойнатарда тәрбиеші алдын ала дорба әзірлеп, оған овощтарды немесе жемістерді (картоп, пияз, қызылша, сәбіз, қияр, алма, алмұрт, лимон) салады. Балалар кезекпен дорбаға қол-дарын сұғып, затты алады да сипалап ұстап, атын атайды, одан сон дорбадан алып шығып, топтағы барлық балаға көрсетеді.

       Балаларда өсімдіктер (даладағы, ормандағы, бөлмедегі және т. б.) жөнінде айқын елестетулер жинақталған соң барып ересек балалар тобындағыларға заттарды салыстыра және олардың бөлшектерін  (гүлдерін, жапырақтарын)  тани білуге арналған дидактикалық ойындарды ойнатуға болады. Мысалы, «Ненің жапырағы екенін тап» ойынын ойнағанда балалар берілген жапырақты барлық өсімдіктің жапырақтарымен салыстырады.

     Мектепке   даярлық   тобында өсімдіктердің немесе жануарлардың кейбір белгілерін таба білу және оларды сипаттап, қорытындылай білу талаптары бар ойындар ойналады.

         С ө з а р қ ы л ы о й н а л а т ы н ойындарды, мысалы, «Затты    сипаттау арқылы    тану», «Мынаның    не екенін тап» немесе «Мынау не?» ойындары таныс материал арқылы ұйымдастырылады,  олардың  көмегімен  балалардың  ойлау  белсенділігі артады, тілі ұшталады.

      Бұрыннан белгілі нақты елестетулердің негізінде балалардын объектілерді жіктей білуін қорытындылауда дидактикалық ойындардың көмегі мол, мұнда заттарды жалпы белгілері бойынша біріктіруге болады; орманда немесе бау-бақшада өсетін өсімдіктердің атын атау; жылдың қандай да болсын бір мезгілін бейнелейтін картинкаларды таңдап алу; ағаштардын, балықтардың, аңдардың, құстардың бейнелері бар картинкаларды жинап алу.

Дидактикалық ойындарды бірте-бірте күрделендіру керек. Мысалы, заттарды ең алдымен сыртқы түрі бойынша, содан соң ұстап көру, одан әрі сипаттамасы бойынша, ал ең соңында, жұмбақты шешуге берілген сұрақтар жөніндегі жауаптар бойынша тану. Ең қиыны—заттардың жалпы белгілері бойынша объектілерді жалпылау және берілген сұрақтарға қайтарылған жауаптар бойынша заттарды тани білу.

Өсімдіктер арқылы ойналатын дидактикалық ойындар кезіндо балалардың оларға мұқиятты түрде қараушылығын тәрбиелеу керек.

2.Табиғаттың табиғи материалымен ойналатын ойындар. Серуендеулер кезінде балалардың табиғи заттармен ойнаулары кеңінен қолданылады.

Балалар құммен, сумен, қармен, ұсақ тастармен түрлі ойындар ойнаған кезде, табиғи материалдардың сапасымен және қасиеттерімен танысады, сезіну тәжірибелерін байыта түседі. Мәселен, олар судың суық әрі жылы болатынын, оның төгілетінін, оған тастың бататының жаңқалар мен жеңіл ойыншықтардың қалқитынын, қиыршық қардың шашылатынын, ал жұмсақ қардан домалатып әр түрлі ойыншық және т. б. жасауға болатынын біледі.

Табиғи материалмен (қармен, сумен, құммен) ойнаған кезде тәрбиеші балалармен әңгімелесе отырып, оларға материалдың кейбір қасиетін танып білуіне көмектеседі, мысалы: «Коля құрғақ құмды алды, ол шашылады» немесе «Әділ балшықты кішкене қалыпқа салды, онда тамаша самса шықты».

Зырылдауық, жебе, тиірмен сияқты ойыншықтармен ойнау арқылы балалар желдің, судық әрекетімен танысады, алдағы уақытта физиканың қарапайым заңдарын (заттардың суда жүзуі, ауадағы қозғалысы және т.  б.)  түсінуіне    септігіи тигізетін    бірнеше фактілерді меңгереді.  Орманда қыдырғанда өз бейнелерімен құстарға, аңдарға ұқсайтын ағаш бұтақтарына, қураған бұтақшаларға, түбірлерге балалардың назарын аудару пайдалы. Балалар табиғи материалға бірте-бірте көңіл қоя қарап, олардан таныс заттардың ұқсастықтарын іздей бастайды. Бұл оларды өте қуантады және байқағыштығын, қиялын жетілдіруге   әсер   етеді.

3.Рольдік ойындар. Балалардың ойыны экскурсиялар немесе серуендеулер кезінде қабылдағандарын әрдайым творчестволықпен қайтадан жаңғырту болып табылады. Онда өсімдіктер, жануарлар және адам еңбегі жайында алған елестетулері бейнеленеді. Мұндай ойындарда балалар бақылағандарын қайталайды, білімдерін және алған дағдыларын нығайта түседі.

Тәрбиеші балалардың ойындарын бақылай отырыя, оларды қажетті заттармен жабдықтайды, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап таба білуге көмектеседі, елестетулері дұрыс болмаса түзетеді. Ойын балаларға міндетті түрде таңылмауы және онда олардың тек қана өз қабылдауларын қайталауы өте маңызды. Мұндай ойындарды бақылау тәрбиешінің балаларды танып-білуі, олардың білетін елестетулерін және табиғат пен еңбекке деген көзқарасын есепке алуы үшін мол материал береді.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.

  1. Балаларды табиғатпен таныстырудағы әр турлі ойындардың манызы қандай?
  2. Балалар бақшасының әр жас тобында ойналатын дидактикалық ойындардың ерекшеліктері қандай?
  3. Балаларды табиғатпен таныстырудағы рольдік ойындардың маңызьш анықтаңдар.

Негізгі әдебиеттер:

1.Веретеникова.с.А. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру. «мектеп»1983

2.Горощенко В.П.,Степанов И.А. Методика преподавания природоведения . М.,Просвещение, 1984.

3.Пакулова В.М., Кузнецова В.П. Методика преподавания природоведения. М. Дрсвещение, 1980.

  1. Аймағанбетова.К.А.Дүниетануды оқытудың теориялық негіздері.Алматы,2000ж
  2. Горощенко В.П. Табиғаттануды оқыту методикасы. Алматы1985ж

Қосымша:

  1. Аквилева Г.Н. Наблюдения и опыты на уроках природоведения. Пособие для учителей начальных классов. М.Дросвещение 1988.

2.Папорков М.А. Учебно-опытная работа на пришколъном участке. Пособие для учителей. М.,Просвешение,1980.

3.. Қ.Аймагамбетова. Бастауыш сыныптарда табиғаттануды оқыту методикасы. Алматы. Мектеп. 1974. — 68 б.

4.ҚАймагамбетова. Аз компектілі бастауыш мектептерде табиғаттануды оқыту. Алматы. Мектеп. 1983. —152 6.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *