1. Case-study түсінігі
2. CASE STUDY әдісінің дағдыларды дамытуы
- Кейс-стади әдісінің категориялық аппараты
Оқытудың интерактивті әдісі ретінде кейс студенттер тарапынан қолдау табуда: олар мұнда оқу материалының теориялық ережелерін меңгеру мен практикалық игеруді қамтамасыз ететін ойынды көреді. Сонымен қатар, жағдайды анализ жасау студенттердің кәсіби жетілуіне өте күшті әсер етеді, олардың есеюіне әкеледі, олардың сабаққа деген қызығушылғы мен оң көзқарасын қалыптастырады.
Кейс-әдісі оқытушының оойлауын бейнесі ретінде көрініс табады, оның басқаша ойлау мен әрекет жасауына, өз шығармашылық күш -жігерін жаңартуға әсер ететін ерекше парадигмасы. Бұл жерде негізгі мәселелер оқу барысын кең түрде демократияландыру мен түрлендіру, оқытушылардың еркіндігі, олардың прогрессивті ойлау стилін, педагогикалық қызметінің этикасы мен мотивациясын қалыптастыру ретінде көрініс табады.
Кейс өз тұрғысында кейбір рөльдік жүйе ретіндегі көрініске ие болып табылады. Роль деп белгілі әлеуметтік позицияда тұрған адамдарға қойылатын талаптар жиынтығын айтамыз. Кейстегі рольдердің жоғары концентрациясы кейс-әдісін оның шеттетілетін рольдік формасына айналуына әкеліп-соғады-оқытудың ойын әдісі, яғни, ол ойын өзіне интеллектуальды жетілудің нәзік технологиясы бақылаудың тотальды жүйесін жинақтайды.
Кейстегі әсерлер жазбаша түрде болуы ықтимал. Бұл жағдайда оларды дұрыс ойластыруымыз қажет (алынатын нәтижесі, тиімділігі). Немесе олар мәселені шешу тәсілі ретінде ұсынылуға тиіс. Қалай болғанда да практикалық әсер ету моделін түзу оқушылардың кәсіби сппасын қалыптастырудың тиімді құралы түрінде көрініс табады.
Кейс әдісінің білім беру жүйесіндегі орны біркелкі емес. Ол брлық кәсіп өкілдерінің кейбіреулерінде басым болуға тиіс сапаларды қалыптастыруға көмектеседі. Осыдан келіп кейс-әдістің стратегиялық даму қағмдаларын құрастыруға және оқытуға ендіруге болады. Ол қағидалар төмендегідей:
Біріншіден , кейс-әдісті қазіргі нарық мамандықтарына, оның ішінде менеджер, экономист, әлеуметтанушы, маркетолог, брокер және т.б мамандықтарға оқытуға тезірек ендіру қажкт. Оларда ситуациялық білім және ситуациялық қызмет басым. Шын мәнінде, кейс-әдісі бұл мамандықтарға қандай да бір қозғалтқыш болып табылады, стандартты емесжағдайларда нәтижелі әсер етуге қабілетті.
Екіншіден, ол ересектерге білім беруде, олардың білімін жетілдіруде ерекше тиімді., ситуативтілік арқылы бар білім жүйесін жаңасына жеңіл ендіреді. Бұл әдіс ересектердің дайындық түрі мен деңгейіне, оның мотивациясына, білімді тез жетілдіру мен жаңарту әдісіне көбірек сәйкес келеді. Ересектерге әруқытта пән бойынша кейбір білім деңгейі әруақытта бар, ол белгілі әдіснамалық парадигманы, ойлаудың қалыатасқан тәсілдерін және әдістерін меңгерген. Оның бойында қалыптасқан біраз құндылықтар жүйесі , мінез стандарттары және т.б. бар. Бір жағынан, ересектермен оқу жұмысы өскелең жастарды оқытқаннан әлдеқайда жеңіл, өйткені бұл оқыту басынан басталған жоқ. Екінші жағынан, ойлау консерватизмі мен өзгерісі келмейтіннегитивті көрініс орын алуы ықтимал.
Сондықтан, оқытушы кейсологтың алдына қойылатын бірінші міндет, догматтар мен амбицияларды жоюға бағытталуы, сонан соң өз тұлғасын прогрессивті өзгертуді алдымен қалауы, соңынан соған ұмтылуы болмақ. Жастар аудиториясында жеңіл жетістікке қол жеткізуге болатын нәрселер, ересектер аудиториясында қосымша , кей жағдайда ерекше күш жұмсаумен жүзеге асырылады.
Үшіншіден, кейс-әдіс оқытудың басқа әдістермен, соның ішінде дәстүрлі түрлерімен де органикалық үйлесімде қолданылуы тиіс, өйткені, бұл студенттер бойында міндеттті, нормативті білімді қалыптастырады. Ситуативті оқыту болса динамикалық ситуация жағдайында білімді іздену мен пайдалануға үйретеді, иілгіштік пен ойлау диалеккалығын жетілдіреді.
Мұнда шектен тыс пайдалану болашақ маманды қажетті нормативті «қаңқасыз қалуға ұрындырады. Оның барлық білімі көптеген ситуацияларды білуге шоғырланады да, онда ешқандай әдіснамалық қағидалар мен жүйелер болмайды. Оның меңгергені өзі кездескен ситуацияларды ойластырумен шектеледі де, жаңа ситуацияларға кездескенде «рулсіз және желдеткішсіз» қалып қояды.
Төртіншіден, оның қолданылуы әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық, және педагогикалық тұрғыдан негізделген жәнет қамтамасыз етілген болуы тиіс. Бұл қамтамасыз ету ЖОО оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру деңгейінде де қажет. Мамандықтарды, оқу пәндерін және олардың тарауларын оқытуда кейс-әдісін қолдану дәстүрлі әдіспен салыстырғанда аса үлкен тиімділік беретінін өте алдын ала анық диагностикалау және эксперттік бағалау қажет. Бұл әдіс әдістемелік семинарда пікірталас негізі, оқытушылардың озық педагогикалық тәжірибе өзегі болып, оқытушылар білімін жетілдіру мақсатында көрініс табуы тиіс.
Кейстердің бұл функционалды өрісі әзірге потенциалды сипатқа ие болғанымаен, яғни біздің елімізде кейс-әдісін жақын болашақта оқу үрдісінде кең етек алуда. Украиндық, ресейлік және қазақстандық алғашқы кейстер батыстың дәстүрлі түрінен өзіндік ерекшеліктерімен, ізденіс қызметінің басымдылығымен айқындалады. Оның ішінде отандық кейс-әдіс тек қана экономикалық мамандықтар, пәндер және олардың тарауларын оқыттумен шектелмей, білім беру саласындағы пәндердің басым көпшілігін қамтуда. Оның басты себептерінің бірі Қазақстан ағарту қызметкерлерінің ғылыми әдіснамалықтұрғыдан жетіктігі, ұстаздардың ізденімпаздығы, жаңа оқыту технологияларын жете зерделеп, іс-тәжірибеде сынақтан өткізуге ұмтылуында. Еліміздегі өзгерістердің қоғамның барлық салаларындағы, соның ішінде ағарту саласындағы түбегейлі өзгерістердің сапалы бағыты мұғалімдердің ізденіске толы қызметімен тікелей араласуы арқылы жүзеге асырылуда.
Кейс –стади амал-тәсілі немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі(метод конкретных учебных стиуаций») xx ғасырдың басында Америка Құрама Штаттарының Гарвард университетінің бизнес мектебінде пайда болған. Кейс-стади амал-тәсілі термині алғаш рет американдық ғалым Коплендтің еңбектерінде пайдаланылған. Копленд 1921 жылы оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, кейс-стади амал-тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен.
Кейс амал-тәсілі алғашқы кезде бизнес мектебінде ғана қолданылып келсе, бүгін де бұл әдіс арқылы оқытудың қолданылу аясы кеңіп, ол құқық, мәдениеттану, медицина және т. Б. Салаларда жемісті қолданылуда. Қазір кейс-стади амал-тәсілін педагогикалық оқыту үрдісіне енгізу әдіс-тәсілдерін: Л. Барис, В.А. Ясвин, К. Кристенсен, Э.хансен, М.В. Коротков, М.В. Кларин, А.И.Наумова, А.М.Зобина, М.С.Керимбаева, В.А.Канн-калик, Н.Д.Никандров, Б.Н.Киселева, И.В. Липсина, Г.А.Полонский, Д.Экинсон, И.Уилсондар қарастыруда.
Кейс амал-тәсілінде басты назар оқушылардың ұсынылған реальды немесе қиялдық (алдын-ала құрастырылған) жағдаяттарды талдауы және осы жағдаятқа өзіндік баға беруі, өзінің ой-пікірін нақты әрі толық айтып беруі т. б. Шәкірттің жекетұлғалық қабілеттерін жетілдіруге аударылады.
Демек, мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кейс-стади амал-тәсілін қолдану — қазіргі білім беру талабына оқушының сабаққа деген қызығушылығын туғызатын жеке педагогиканың жаңа инновациялық жүйесі.
CASE-STUDY ӘДІСІ (КЕЙС-СТАДИ)
Кейс әдісі нақты жағдайлар тұрғысынан академиялық теорияларды көрсетуге мүмкіндік береді. Ол студенттерді пәнді оқуға, білімді терең меңгеруге, ақпаратты өңдеуге және талдауға, әр түрлі жағдайларды саралауға мүмкіндік береді.
CASE-терді құрудың келесі негізгі сатылары белгіленген: мақсаттарды анықтау, әр түрлі жағдайларға критерилерді тағайындау, қажет ақпарат көздерін белгілеу, CASE – тегі алғашқы материалдарды дайындау, сараптама жасау, oны қолдану бойынша әдістемелік материалдар дайындау. Оқу процесіндегі кейстермен жұмыс жасау технологиясы келесі сатылардан тұрады:
1) кейс материалдарын зерттеушілердің жеке өзіндік жұмысы (мәселені сәйкестендіру, негізгі баламаларды тұжырымдау, ұсынылған әрекетті немесе шешімді ұсыну);
2) негізгі мәселені енгізуге және оны шешуге байланысты шағын топтармен жұмыс.
3) жалпы дискуссиядағы (оқу тобы шегінде) шағын топтардың тұсаукесерлері және тәжірибе нәтижелері.
CASE STUDY әдісі келесі дағдыларды дамытады:
- Аналитикалық дағдылар. Оларға келесілерді жатқызуға болады: деректердің мәліметтерден айыру шеберлігі, маңызды және маңызды емес ақпараттарды айыра білу, талдау, елестету және оларға қол жеткізу, жіберіп алған ақпаратарды тауып, оларды қалпына келтіру шеберлігі және т.б. Нақты және логикалық ойлау қабілеті. Бұл әсіресе, ақпарат сапасы төмен болған жағдайда өте маңызды.
- Тәжірибелік дағдылар. Кейсте көрсетілген нақты жағдайларымен салыстырғанда мәселенің күрделілігі төмен деңгейі экономикалық теорияларда, әдістер мен принциптерде қолданылатын тәжірибе дағдыларын жүйелеуге мүмкіндік береді.
- Шығармашылық дағдылар. Ережеге сай жалғыз CASE-пен мәселе шешілмейді. Мұнда, логикалық жолмен шешілмейтін, альтернативті шешу генерациясының шығармашылық дағдылары өте маңызды.
- Коммуникативті дағдылар. Олардың ішінен төмендегілерді атап айтуға болады: дискуссияны жүргізу шеберлігі, қоршаған адамдардың көзін жеткізу. Көрнекі материалды және басқа медиа заттарды қолдану – топтарғабірлесу, өз көзқарасын қорғау, оппоненттердің көзін жеткізу, қысқа да нұсқа есеп дайындау.
- Әлеуметтік дағдылар. Талқылау барысында CASE-те нақты әлеуметтік дағдылар қалыптасады: адамдардың өзін — өзі бағалау тәртібі, тыңдай білу, дискуссияны қолдау немесе қарама – қарсы көзқарасты дәлелдеу, яғни, өзін өзі ұстау және т.б.
- Өзіндік саралау. Пікірталас кезінде келіспеушілік басқалардың және өзінің пікірін жете түсінуге және талдауға септігін тигізеді. Туындаған моральдық және этикалық мәселелер оларды шешудің әлеуметтік дағдыларынқалыптастыруды талап етеді.
Кейс әдісін қолдану тек оқытумен ғана шектелмейді, бұл әдіс зерттеу әдісі ретінде де белсенді қолданылады. Сонымен қатар, оқудағы оқу, білім және ізденіс мазмұнын біріктіру арқылы oқытушының кәсіптік құзыреттілігін жоғарылатудың нақты тәсілдерінің бірі. Бұл әдістің тиімділігі, ол басқа оқу әдістерімен оңай байланысуы мүмкін.
Кейс-стади әдісінің категориялық аппараты:
Әдістің категориялық аппаратын құру оны қолдану тиімділігін бірталай арттыруға көмектеседі, сонымен қатар оқу процесіндегі технолизациялау әдісі үшін, жаңа мүмкіндіктер ашады. Кейс-әдісте қолданылатын негізгі ұғымдар «жағдай» және «анализ», сонымен қоса олардан туатын – «жағдайды талдау» ұғымдары болып табылады.
Кестеде кейс — әдісін қолдану кезіндегі әр түрлі анализ түрлері көрсетілген.
Аналитикалық қызметтің көптүрлілігі |
Оларға сипаттама |
Негізгі түрлері |
Проблемалық анализ |
Проблемаларды атап көрсету, проблемалық өріс қалыптастыру, олардың квалификациясы |
1. Жағдайдың проблемалық мазмұнын талдау. |
Жүйелі анализ |
Құрылымымен және функцияларымен сипатталатын кейбір жүйелер сияқты объектіні жүйелік жол жағынан қарастыру. |
1. Дескриптивті анализ, яғни бар құрылымдар негізінде, функция қалыптасады. |
Праксеологиялық анализ |
Қызметтік процесстерді оптимизациялау көзқарысына байланысты қарастыру. |
1. Қызметті оптимизациялау жолдарын талдау. |
Прогностикалық анализ |
Жағдайдың болашақ дамуына қатысты болжауды қалыптастыру. |
1. Жүйенің болашақ күйі берілсе және болашаққа жетудің мүмкіндіктері анықталған болса нормативті прогностикалық талдау. |
Оқытуды ұйымдастыру әдістері жүйесіндегі кейс әдісі:
Кейс әдісінің маңызды ерекшелігі, оның басқа әр түрлі оқыту әдістерімен тиімді үйлесуі болып табылады. Кестеде кейспен жұмысты ұйымдастыруда әр түрлі әдістермен үйлесу мүмкіндіктері берілген.
Кейс-әдісімен үйлескен әдіс |
Оның кейс — әдістегі ролінің сипаты |
Үлгілеу |
Жағдайдың үлгісін құру |
Жүйелі талдау |
Жүйелік ұсыныс және жағдайды талдау |
Ойша тәжірибе |
Жағдай туралы білімді ойша түрлендіру арқылы алу тәсілі. |
Сипаттау әдістері |
Жағдайдың сипатын құру |
Проблемалық әдіс |
Жағдайдың негізінде жатқан түйінді мәселені ұсыну. |
Жіктеу әдісі |
Жағдайды құрастыратын қасиеттер, тараптардың реттелген тізімін құру.
|
Ойын әдістері |
Жағдай кейіпкерлерінің жүріс-тұрысының нұсқаларын ұсыну. |
«Миға шабуыл» |
Жағдайға қатысты ойларды генерациялау. |
Пікірталас |
Түйінді мәселе және оны шешу жолдары жайлы көзқарастармен алмасу. |
Кестеден көрініп тұрғандай, білім беру үрдісін ұйымдастырудың әр түрлі әдістері кейс — әдіспен сәтті үйлесуі мүмкін.
Кейстердің бастаулары:
Кейс оқытушы қызметінің бейнелік нәтижесі болып табылады. Интеллектуалды азық ретінде оның өзінің бастаулары бар. Кейстердің бастауы — өмір деген тезис біреуге күмән келтіруі мүмкін емес. Қоғамдық өмір өзінің әртүрлілігімен кейстің сюжетінің, түйінді мәселесінің және деректік базасының бастауы болады.
Білім келесі бастау болып табылады. Ол кейс — әдіске үйлескен басқа оқыту мен тәрбие әдістерінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды.
Ғылым – бұл бейнелік кешен ретіндегі кейстің үшінші бастауы. Ол аналитикалық іс-әрекетпен және жүйелік жақындасумен, сонымен қатар, кейске және оны талдау үрдісіне үйлестірілген көптеген басқа ғылыми әдістермен, екі негізгі әдістемелерді ұсынады.
Кейстің негізгі детерминация бастауларының ара қатынасы әр түрлі болуы мүмкін. Кейстерді құраудың шынайы тәжірибесінде әдетте бастаулардың біреуі басым болуы байқалады. Осылай қарастыру негізгі бастауларының әсер ету дәрежесіне қарай кейстерді топтауға негіз болуы мүмкін. Бұл жерде даусыз шынайы өмір жағдайларын бейнелейтін, тәжірибелік кейстерді, негізгі міндеті оқыту болып табылатын оқыту кейстерін, зерттеулік іс-әрекетті іске асыруға бағытталған ғылыми-зерттеулік кейстерді ерекшелеуге болады.
Кейстің құрылымы:
Кейстердің көптүрлілігіне қарамастан олардың барлығының типтік құрылымы болады.
Ережеге сәйкес кейс келесілерден тұрады:
— Жағдайлар – кездейсоқ жағдай, түйінді мәселе, шынайы өмірден оқиға.
— Жағдайдың контексті — хронологиялық, тарихи, орын контексті. әрекеттердің немесе жағдайға қатысушылардың ерекшеліктері.
— Автор ұсынған жағдайға түсініктеме беру.
— Кейспен жұмыс істеуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
— Қосымшалар.
Кейсті құрастыру сатысы:
Білім мақсаттары жүйесінде кейстің орнын анықтау.
Кейс тақырыбына тікелей қатысы бар институциалды жүйені іздеу.
— Жағдай моделін құру немесе таңдау.
— Сипаттауды құру.
— Қосымша ақпараттарды жинау.
— Ақырғы мәтінді даярлау.
— Кейстің тұсаукесері, талқылауды ұйымдастыру.
Кейспен жұмыс істеуді ұйымдастыру:
Нұсқалары өте көп, бұл оқытушының шығармашылығы үшін мүмкіндік. Біз жұмыс ұйымдастыруға болатын, максималды жалпыланған сабақ үлгісін ұсынамыз.
Сабақты ұйымдастыру сатылары:
Бірлескен іс-әрекетке жұмылу сатысы:
Бұл сатының негізгі міндеті: бірлескен іс-әрекетке дәлелдеме құру, талқылауға қатысушылардың бастамаларының айқындалуы.
Бұл сатыда келесі жұмыс нұсқалары болуы мүмкін:
— Кейс-стади мәтіні студенттерге өз бетімен зерделеу және сұрақтарға жауап дайындау үшін сабақ басталғанға дейін таратылып берілуі мүмкін.
— Сабақ басында тыңдаушылардың кейс-стади материалдарын білуі және талқылауға қызығушылығы анықталады.
— Кейс-стади негізінде жатқан басты мәселе анықталады, және ол курстың сәйкес бөлімімен үйлестіріледі.
Біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру сатысы:
Бұл сатының негізгі міндеті: – мәселелені шешуге арналған іс-әрекетті ұйымдастыру. Іс-әрекет кішігірім топтарға біріктірілуі және жеке болуы мүмкін. Тыңдаушылар оқытушы берген қандай да бір анықталған уақыт көлемінде сұраққа ұжымдық жауап дайындау үшін уақытша кішігірім топтарға бөлінеді. Әрбір кішігірім топтарда (басқа топтардан тәуелсіз) жауаптарды салыстырулар, оларды өңдеу, тұсаукесер үшін рәсімделетін жеке бір көзқарасты өндіру жұмыстары жүреді. Әрбір топта шешімді жеткізетін «спикер» таңдалады немесе тағайындалады. Егер кейс сауатты құрылған болса, онда топтардың шешімдері сәйкес келмеуі керек. Спикерлер топтардың шешімін таныстырады және сұрақтарға жауап береді. Оқытушы жалпы дисскусияны ұйымдастырады және бағыттайды.
Талдау және біріккен іс-әрекеттің рефлексиясы сатысы:
Бұл сатының негізгі міндеті: — кейспен жұмыстың нәтижелерімен білімдік және оқытулық нәтижелерін айқындау. Сонымен қатар, бұл сатыда сабақтың ұйымдастырылуының тиімділігі талданады, біріккен іс-әрекетті ұйымдастырудың түйінді мәселелері анықталады, ары қарай жұмыс жасау үшін міндеттер қойылады. Оқытушы әрекеттері келесідей болуы мүмкін: оқытушы кейс-стадиді талқылау үрдісін және барлық топтардың жұмысын талдай отырып пікірталасты аяқтайды, оқиғаның шынайы дамуына қысқаша түсініктеме береді, қорытынды шығарады.