Ойын технологиясы

 

  1. Ойын түрінде оқытудың мақсаты
  2. Іскерлік ойыны

 

Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті — ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады. 

Ойын  түрінде оқытудың мақсаты:

Жеке – қызмет түрінде білімді ,біліктілікті ,дағдыны меңгеруді қамтамасыз етеді.

Мағынасы: Оқу материалын ізденуге ,өндеуге меңгеруге бағытталған танымдық жеке қызметтер.

Іске асыру құралы:Оқушыларды шығармашылық қызметіне ойын әдістері арқылы қызықтыру.

Міндеті — баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру. 
Дидактикалық ойындар — балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. 
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. 

Ойындарды дене  ( қозғалыс ),ой-өрісі  (ақыл-ой),еңбек ,әлеуметтік және психологиялық қызметтер түрлеріне бөлу керек.

Ойындар ерекшеліктеріне қарай мына топтпрға бөлінеді:

а/ оқыту,жаттығу,бақылау және қорытындылау;

б/ таным,тәрбие,даму:

в/ еске алу,өнімділік,шығармашылық;

г/ коммуникативтік,таным әдісі,кәсіпке бағдарлау және т.б.

Ойын әдістемесі пән бойынша  сюжеттік, рөлдік, іскерлік, еліктеушілік және драмалық ойындар.

Пәндер бойынша ойындар барлық оқу пәндері саласына бөлінеді.Ойын ортасы ойындар технологиясының ерекшелігін анықтайды: затпен және затсыз ойындар үстел үстінде, көшеде, бөлмеде, компьютерде, оқу техникалық құралдармен және түрлі жүру техникасымен.

  Дамыту ойындар технологиясы ( Б.П. Никитин).

Ойындар қызметінің бағдарламасы түрлі дамыту ойындарынан тұрады.Олар ортақ ойлардан шығады және сипаттамалық ерекшеліктерін игереді.

   Әр ойын көптеген мақсаттардан тұрады, оларды балалар кубтар, квадраттар, ою-өрнектер, бұйым бөлшектер арқылы шешеді.

   Пәндер бойынша дамыту ойындарына құрылыс, еңбек және техникалық ойындар жатады.

  Тапсырмалар әр түрлі түрлерде беріледі: үлгілер түрінде, изометриядағы жайпақ сурет, сызба,  жазбаша немесе ауызша нұсқаулар және т.б., сонымен оларды түрлі мәлімет беру әдістерімен таныстырады.

  Тапсырмалардың қиындығы өте көлемді олар төменгі сынып оқушыларына лайықтыдан жоғарғы сынып оқушыларының шамасынан жоғары болып келеді. Сондықтан ойындар оқушының тұрақты қызығушылығын туғызады Ойындардағы тапсырмалардың бірте-бірте өсу қиындығы балалардың алға ұмтылуына көмектеседі ,сол арқылы шығармашылық қабілетін дамытады.

  Оқушыларға тапсырмаларды шешу дерексіз түрдегі жауап сияқты емес,олар сурет ,геометриялық денелер бұйым бөлшектері көрінетін және сезінетін заттар түрінде беріледі.

  Дамыту ойындарының негізгі ерекшелігі мынада:жеңілден ауырға деген ең бір негізгі көзқараспен қабілетіне қарай өз бетінше шығармашылықпен қызмет жасау көзқарасы біріктірілген ,сонда ғана бала өз мүмкіндігін пайдалана алады.

   Бұл ойын кезінде бірнеше мәселелерді ,шығармашылық қабілеттерін дамытуға байланысты шешуді қамтамасыз етеді:

  • Жас кезден бастап дамыту ойындары шығармашылық қабілеттерін дамытуға маңызы зор;
  • Ойынның барлық кезеңдерінде баланың қабілеттерін дамытудың алдын алуға жағдай жасайды;
  • Өз деңгейіне өзінше көтеріле отырып,бала одан ары нәтижелі дамиды;
  • Мазмұнына қарай дамыту ойындары әртүрлі ,олар мәжбүрлікті көтермейді, бостандықтың және қуаныштықтың шығармашылыққа жағдай туғызады.

                                     Іскерлік ойыны

   Жаңа материалды меңгеру ,қорытындылау кешенді мәселелерін шешу ,шығармашылық қабілеттерін дамыту ,жалпы оқу іскерлігін қалыптастыру үшін іскерлік ойыны  пайдаланады.Оқу материалдарын әртүрлі жағдайларда түсінуге мүмкіндік береді.

 Оқыту барысында түрлі ойындардың үлгілері қолданылады::еліктеу,әрекеттік жылдамдық,рөлдік ойындар ;іскер театр,психологиялық және әлеуметтік драма.

Іскерлік ойынның әдіс — тәсілдері төмендегі кезеңдерден тұрады.

Дайындық кезеңі. Дайындық кезеңі ойынды жоспарлаудан басталады: сценарий дайындау; іскерлік ойынның жоспары; ойынды жүйелеп баяндау; нұсқау мазмұны; мәліметтермен қамтамасыз етуді дайындау.

Ойынға кіру: мақсат, міндеттерін қою; жағдайы, нұсқауы, уақыт тәртібі, ережесі; рөлдерді бөлу; топтарды қалыптастыру; кеңес беру.

Өткізу кезеңі: топтардың тапсырмамен жұмысы, дерекнамамен жұмыс, тренинг, миға шабуыл; ойын құрал-жабдықтарымен жұмыс.

Топтар арасындағы пікірталас: топтардың көрсетулері, нәтижелерді қорғау; пікірталас ережесі, сарапшылар жұмысы.

Талдау және қорыту кезеңі: ойыннан шығу; талдау; баға беру және  талдап қорыту; нұсқаулар.

Жан тұлғаны тәрбиелеу мен білім берудің басты міндеттері базалық мәдениетті қалыптастыру, оқушылардың жеке бас әлеуметін барынша дамыту болып саналады. ООның құрамдарының бірі –шығармашылық әлеуетті дамытқан кезде, пәнге танымдық қызығушылық, зияткерлік даму деңгейі, дербес ойлау дәрежесі артады, ізденушілік сипаттағы тапсырмаларды орындауға қызығушылық пайда болады, әуесқойлық,өзіне деген сенімділік , нанымдылық қалыптасады.

 Шығармашылық әрекетті оқыту  технологиясының мақсаты әрбір оқушының шығармашылық қабілеттерін ойлаған деңгейге көтеру емес,табиғи қасиеттерінің анықталуына көмектесу болып табылады.

  Мен ойынның көмегімен оқушылардың жеке басының шығармашылық әлеуетін анықтауға ,дамытуға және күшейте түсуге тырысамын,өйткені ойын дамытуға ,өмірлік тәжірибесін байытуға жәрдемдеседі ,шынайы өмірдегі әрекеті табысты болуы үшін негізін даярлайды.ойын үстінде адам өмірімен әрекеті ,оқушылардың зияткерлік ,адамгершілік және эмоциялық даму нормасы қайталанады.Ойын сабақтың кез келген кезеңі үшін жарамды.

 Сөйтіп,жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін ойын түрлері арқылы дамытудың негізгі мақсаттары төмендегідей:

оқытушылық – оқытудың белгілі бір деңгейін қамтамасыз ету,өтілген материалды қорыту және бекіту;

тәрбиелік – ойын барысында дүниеге эмоциялық – құндылықтық қарым – қатынасын қалыптастыру;

дамытушылық – бітірушінің барабар әлеуметтік өзін – өзі бағалауын қалыптастыру үшін жалпы адамзаттық қабілеттерін дамыту.

 Ойын түрінде құрылған сабақ оқу процесінің басымдықтарын – жеке тұлғаның жан-жақты дамыту мен қалыптастыруға қарай өзгертеді. Бұл жағдайда білім мен біліктерді бүкіл сабақ бойы пайдалану талап етіледі.

 Ойын арқылы оқыту процесінде қарым – қатынас стилі мен сипаты ,сондай-ақ педагог қызметі өзгереді ол сабақта ұйымдастырушы ,үйлестіруші және кеңесші ретін атқарады.Ойында бірде-бір оқушы елеусіз қалмайды,әрқайсысынан жаңа шығармашылық талап етіледі.

 Ойын барысында жеке тұлғаның  шығармашылық әлеуеті ашылып, жетілуі үшін, мен әртүрлі – зияткерлікті – эвристикалықты, байланыстырушы шығармашылықты шығармашылық тапсырмаларды пайдаланамын. Осы тәсілдерді пайдалану арқасында шығармашылықты жеке тұлға сапалары:әуесқойлық ,бақылағыштық,елес,қиялдары дамытылады. Бұл кезде жеке тұлғаның мүмкін қабілеттеріне әсерін тигізетін ойлауы ешкімге ұқсамайтын,дербес болады.

Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді. 
Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.

Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш, дайындық сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Мысалы, дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне сай болып күрделенгені дұрыс. Олай болса, ойынды пайдаланудың маңызы зор. Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыптарына мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс.

Бала ойын іс-әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Мысалы, дайындық сыныптарда сан санауға заттарды санап және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету мақсатында түрлі ойындарды ойнатуға болады. Ойын да халық педагогикасының құрамдас бір бөлігі болып келеді. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ойындарымен таныса отырып, көзіміз әбден жетеді. Халық ойындарын сабақтарда пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік ұштастыруға қолайлы. 

Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Бала үшін ойын – өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады. 

Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Демек, мұғалім сабағын баланың қабілет-қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды. 

Оқушылардың ойын кезіндегі белсенділігі көбінесе жарыс нәтижесін дұрыс есепке алуға байланысты. Оқушылар ойындағы өз жетістіктері мен кемшіліктерін біліп отыруы тиіс. Ойын нәтижелерін есепке алу түрліше: әрбір дұрыс орындалған грамматикалық ойын үшін ұпай есептеу, әрбір ұтылыс үшін кем ұпай беріледі, оқушылар тақтаға жазылған тиісті команда бағанындағы сөз немесе сөз тіркестерін жазып отыру; ол сөздерді есепке ала отыру; қол көтеріп немесе тиісті орфограммалар жазылған карточкаларды 
көтеру арқылы білімдерін анықтау; жаттығуға жіберілген уақытты есепке алу. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *