Кемеңгер Өтеп Байназарұлы 1971 жылы 13 тамызда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қожабақы ауылында дүниеге келген.
1978 жылы Қожабақы ауылындағы №25 мектебіне қабылданып, 1988 жылы бiтiрген.
Осы жылы Қожабақы ауылдық мәдениет Үйiне көркемдiк жетекшi болып жұмысқа қабылданды.
1989-1991 жылдар аралығында Совет Армиясы қатарында әскери борышын өтеп, Қожабақы ауылындағы көркемдiк жетекшi жұмысын қайта жалғастырды.
Ауыл өнерпаздарын өнерге баулып, аудандық,облыстық байқауларға қатыстырды.Мәдениет Үйі жанындағы драма үйірмесін жандандырып, жұмыссыз бос жүрген жастарды ұйымдастырып, Жетіскен Мәкенәлиевтің «Асандар көтерілісі»атты қойылымын дайындап, облыстық театрлар байқауына қатыстырды.
1995 жылы ұйымдастырушылық, әншi-сазгерлiк қабiлетiнiң арқасында Қожабақы ауылдық мәдениет Үйiнiң директоры қызметіне ауыстырылды.
1998 жылы Жаңақорған ауданында өткен облыстық Бексұлтан Байкенжеев атындағы сазгерлер байқауында лауреат атағына ие болды.
2001 жылы облыс әкімінің орынбасары Н.Ерімбетовтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай Алғыс Хатпен марапатталды.
2002 жылы өткен облыстық «Бард» авторлық әншiлер байқауында III-орынды иелендi.
2003-2005 жылдарға арналған аймақтық «Ауыл» бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты өткізілген облыстық кәсіптік конкурста жоғары біліктілігі мен кәсіби шеберлігін көрсеткені үшін облыстық мәдениет басқармасының бастығы Ж.Жонтаеваның «Ауылдың үздік қызметкері»сертификатымен марапатталып, бас жүлдені иеленді.
2003 жылы Қызылорда қаласында өткен «Үздiк мәдениет қызметкерi» атты облыстық кәсiптiк сайыста ауыл келбетін көтерудегі азаматтық сенім жүгін абыроймен атқарғандығы үшін облыс әкiмi С.Ө.Нұрғисаевтың қабылдауында болып, Алғысымен марапатталды.
2006 жылы Жаңақорған ауданында өткен облыстық Бексұлтан Байкенжеев атындағы сазгерлер байқауында бас жүлденi иелендi.
2010 жылы Сырдария ауданында композитор, «Шапағат» медалінің иегері Рамазан Тайманов атындағы «Туған жер әуендері» атты облыстық сазгерлер мен әншілер байқауында ІІ-дәрежелі жүлделі орынға ие болды.
2011 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткізілген облыстық сазгерлер байқауында «Тәуелсіз қазақ елі»атты әні ІІ-орынға ие болды.
2013 жылы Қырғызстан Республикасы Ыстықкөл қаласында өткізілген І-Халықаралық «Ыстықкөл-2013»балалар фестиваліне өнерпаз Аяжан Асылбек Кеменгер Өтептің «Тәуелсіз қазақ елі»әнін орындап, жүлделі орынды иеленіп, авторға жоғары деңгейдегі шығармашылығы үшін Алғыс Хаты берілді.
2014 жылы Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерінің өркендеп өрістеуіне, халық мұрасын жас ұрпаққа кеңінен насихаттап, дәріптеудегі елеулі үлесі үшін Қызылорда облысы әкімі Қ.Көшербаевтың Алғыс Хатына ие болды.
2015 жылы Байқоңыр космодромына 60 жыл толуына орай төсбелгісімен және Грамотасымен марапатталды.
2015 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен марапатталды.
2015 жылы Халықаралық «Қазақ тілі»қоғамының президенті академик Ө.Айтбайұлының «Құрмет Грамотасын»иеленді.
2016 жылы Қазалы ауданының мерейтойлық медалімен және «Жанқожа батыр -240» мерейтойлық төсбелгісімен марапатталды.
2018 жылы Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевтың Алғысын иеленді.
2018 жылы аудандық мәдениет Орталығы жанынан «Сейхун»этно –рок ансамблін ұйымдастырып, 2019 жылы өткізілген облыстық вокальды-инструменталды ансамбльдердің байқауында І-орынды иеленді.
2018 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі А.Мұхамедиұлының «Құрмет Грамотасымен»марапатталды.
2018 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі»төсбелгісімен марапатталды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 29 қарашадағы Жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін»медалімен наградталды.
2019 жылы Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп –лицейдің 10 жылдығына орай «Лицей маршы»әні арқылы мектеп-лицейдің қол жеткен табыстары мен жетістіктеріне қосқан үлесі үшін,ерекше дарынды қабілеті мен ортақ мақсатқа жұмылдырудағы рухы биік ән үшін Алғысқа ие болды.
1994 жылдан бастап сазгерлiк өнермен айналысып, туған жер, ана, махаббат т.б тақырыпта шығарылған бiрнеше әннiң авторы. Атап айтқанда,»Туған жер», »Ару әйел»,»Ерке қыз»,«Гүл сыйлаңдар»,Қос ғашық», »Есімде»,»Сыр қызы», »Тәуелсіз қазақ елі»,»Арманым ардағым», »Ойламаппын», »Сағынып кеттім мен сені»,»Қиялдағы қыз», »Қызғалдақ гүлім», »Анажан», »Тәуелсіздік таңы», »Сағыныш құмарым-ай», »Боздақтар»,»Лицей маршы»,»Ұстаз ана», »Мектеп вальсі», «Тәуелсіз қазақ елі», Боздақтарым», «Сардар», «Балапан»бала-бақшасының әні» халыққа кеңінен танымал болды.
Республикалық дәрежеде ұйымдастырылған «Асандар көтерілісі» құрбандарын еске алуға арналған мәдени көпшілік шараларды, Жанқожа Нүрмұхаммедұлының 240 жылдығы, Шығыстың жарық жұлдызы жастар жетекшісі Ғ. Мүратбаевтың 110 жылдығын,Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Бекарыстан Амалдықүлының 250жылдығы мен Ақтан Ақайұлының 245 жылдығы, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын, Қазалы қаласының атауына 150 жыл, Басықара бабаның туғанына 260 жыл, Шығыс жастарының жетекшісі Ғ. Мұратбаевтың туғанына 115 жыл, Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаевтың туғанына 100 жыл, КСРО халық әртісі, Халық Қаһарманы Р. Бағланованың туғанына 95 жыл, Мемлекет және қоғам қайраткері Әбубәкір Тыныбаевтың туғанына 90 жыл, « Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері Талант Бөрқұлаковтың туғанына 70 жыл және де басқа да түрлі жоспарға сәйкес аудандық, аймақтық іс –шаралардың жоғары дәрежеде өткізілуіне өз үлесін қосты.
2002-2007 жылдар аралығында Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата мемлекеттiк университетiнiң «Музыкалық бiлiм» мамандығын тәмамдады.
2007-2009 жылдар аралығында «Қазалы аудандық мәдениет Үйі мен ауылдық клубтары» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры, 2010 жылы Әйтеке би кенттік клубының музыкалық жетекшісі, 2013 жылдың ақпан айынан бастап «Аудандық мәдениет Орталығының» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директоры болып қызмет атқарып келеді.
Кемеңгер Өтептің «Гүл сыйлаңдар әйелге» әні республикаға белгілі әнші Есет Сәдуақасовтың, «Сыр қызы»әні әнші Өмірқұл Айниязовтың репертуарына еніп, Қазақстан телеарналарында орындалып жүр.
Отбасылы. 1 қыз, 3 ұлы бар.