Негізгі ұғымдар: ғылым, ғылым дамуы, ғылыми таным, ғылыми проблема, ғылыми теория ғылыми зерттеу.
Пәнге кіріспе. Курсты оқыту мақсаты мен міндеті. Ғылымның даму заңдылықтары. Қазіргі кәсіптік білім беру мәселелері. Теория мен практиканың бірлігі.
- Пәнге кіріспе. Курсты оқыту мақсаты мен міндеттері.
«Кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеу негіздері» курсы 5В012000 «Кәсіптік білім» мамандарын даярлайтын мемлекеттік стандартқа және оқу жоспарына сәйкес жасалынған.
Курстың негізгі мақсаты:
— жоғарғы оқу орындарында болашақ кәсіптік оқыту мұғалімдерін дайындаудағы орындалатын ғылыми-зерттеу бағытын таңдау негіздерімен және кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеулердің әдіснамасымен таныстыру.
«Кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеу негіздері» курсының негізгі міндеттері:
- Ғылыми таным мен шығармашылық негіздері туралы түсінік қалыптастыру;
- Кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеу әдістерімен таныстыру;
- Ғылыми ақпараттарды іздестіру, жинақтау және өңдеу іскеліктерін меңгерту;
- Кәсіби педагогикадағы ғылыми педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру және ғылыми зерттеу әдістерін қолдана білу іскерліктерін қалыптастыру.
«Кәсіптік білім (профиль бойынша)» мамандықтарының мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары кәсіптік білім стандартына сәйкес студенттер келесі білімді игеруі тиіс:
- Ғылыми проблеманың пайда болуын;
- Жаңа білімнің қажеттілігін;
- Проблеманың шешілу мәселелері жөніндегі бағыт-бағдарын;
- Ғылым әдіснамасы жөніндегі түсінігі;
- Теория мен практиканың практикалық бірлігі;
- Зерттеу логикасын түзе білуі;
- Зерттеудің жұмысшы жоспарларын түзе білуі.
Іскерлікті игеруі тиіс:
- Педагогикалық эксперименттердің түзілімін;
- Зерттеу аппаратын және зерттеу әдіснемесін анықтауды;
- Социологиялық зерттеу негіздерін пайдалануды;
- Материалдарды өңдеудің математикалық тәсілдерін игеруді;
- Әдебиеттермен жұмыс істей білуді;
- Зерттеу мазмұнының жазылу тәсілдерін меңгеруді.
- Ғылымның даму заңдылықтары. Ғылыми зерттеу бағытын таңдау негізі.
Ғылым – шындық жөніндегі объективтік заңдарды жасап шығару және ториялық жүйеге келтіру жүретін іс-әрекет ауқымы.
Ғылым – табиғат, қоғам және ойлау заңдарын зерделеу, табиғи байлықтарды ұтымды пайдалану және қоғамды тиімді басқару мақсатында болмыс туралы объективті білімді тұжырымдау және теориялық жағынан жүйелеу функциясы болып табылатын адам қызметінің саласы.
Ғылымның ауқымындағы іс-әрекет – ғылыми зерттеу. Ғылыми зерттеу — таным процесінің ерекше формасы. Ғылыми зерттеу барысында объектілерді жүйелі және мақсатты зерттеу, онда құралдарды және ғылыми әдістерді пайдалану және зерттелетін объектілер жөніндегі білімдерді қалыптастыру мен қорытындылау жүргізіледі.
Ғылыми таным: танымдық іс-әрекетті арнайы адамдар тобы жүзеге асырады. Жүзеге асыру түрі – ғылыми зерттеу. Ғылым тарихында арнайы таным құралдары, ғылыми зерттеу әдістері шығарылып, жасалады.
Ғылыми зерттеу жүйелі және мақсатқа бағытталған болады.
Ғылыми-зерттеу қызметі – зерделеніп отырған объектілерге, құбылыстарға (процестерге) тән ерекшеліктерді, заңдылықтар мен заңдарды анықтау мақсатымен қоршаған болмысты зерделеу және алынған білімді практикада пайдалануға байланысты қызметтің түрі.
Іргелі ғылыми зерттеулер – табиғат, қоғам адам дамуының және олардың өзара байланысының негізгі заңдылықтары туралы жаңа білім алуға бағытталған теориялық және тәжірибелік қызмет.
Қолданбалы ғылыми зерттеулер – практикалық мақсаттарға қол жеткізу және нақты міндеттерді шешу үшін жаңа білім алуға және оны қолдануға бағытталған қызмет.
Болжам — құбылыстардың өмір сүру себептерінің шындығын қасиеттерін түсіндіру мақсатында алға қойған негізделген жорамалды көрсететін ғылым түрі. Болжам деп кез келген ойдан туған жорамал немесе қиялды айтуға болмайды.Обьектіге байланысты болжам жалпы және дербес болып бөлінеді. Ғылымда іске басшылық болжамы маңызды орын алады. Зерттеудің бастапқы кезінде алға қойылатын бақылау нәтижелерін тұңғыш жүеге келтіру, бірақ оларды түпкілікті түсіндіру қамтамассыз етпейтін шартты долбар болады. Болжам арқылы дамытудың 2 кезеңі бар: олар болжамды құру, тексеру. Болжамды құру алғашқы белгіленгендерді табу және сұрыптау. Болжамды тексеру одан туындайтын нәтижелерді және оларды нәрселердің нақты күйімен салыстыруды жалпыдан жеке қарай жүретін ой туындалын жүзеге асыру.
Ғылыми абстрактілеу — заттардың белглі бір қасиеттерін немесе қатынастарын ойша бөлуді өз бетімен қарастыруды қамтитын танымның бір жағы, түрі . Мұның мақсаты мүғалімдердің теориялық деңгейін білімдігін әдістемелік дайындығын көтеру, педагогика ғылыми жетістіктерін насихаттау, озат тәрбиені жинақтау, оқушылармен жұмысты тиімді әдістер мен жұмыс түрлерін қолайлы пайдалануды өндіру. Ғылыми тәжірибелік конференция-оқыту және тәжірибелеу жұмыстарының өзекті мәселелерінің тәжірибесін ұжым болып зерттеу және талқылау түрі. Мұның мақсаты- теорияны басшылыққа ала отырып нақты тәрбие мекемесінің тәжірибесіндегі белгіленген мәселенің шешілу барысын жан- жақты талдау.
Ғылыми педогогикалық хабар — пеодогогика ғылымы пайдаланылатын арнайы басылымдар, техникалық құрылымдар және басқалар арқылы таратылатын оқу және тәрбиелеу теориясы мен тәжірибенің барлық салаларының дамуы жайындағы мағлұматтар жүйесі.
3.Қазіргі кәсіптік білім беру мәселелері. Теория мен практиканың бірлігі.
Білім — адам ойында шындықты дұрыс бейнелеуі қоғамдық тәжірибеде тексерілген таным барысының нәтижесі. Білім адамдардың қоғамдағы материалдык және рухани іс әрекеті нәтижесі ретінде пайда болады кез келген шындықты бейнелеу білім болмайды(жануарларға байланысты қарайтын болсақ) адам өзін өмірдегі ісінен , оның обьективті жағдайлары мен заттарынан бөліп қарайды. Адамдар болмысының тәсілдерінің өзі олардың әлемге қатынастарының тәсілдерінің мақсатқа сәйкес және тек басқа адамдармен қарым- қатынасымен жүзеге асатын нақты іс. Сондықтан да әрбір жеке адам өз әрекеттері мен заттарына сырттай қатынасатын сияқты. Әрбір құбылысының өзіндік қасиеттері мен сапалары бар шын әлем оған сыртқы обьективті өмір ретінде көрінеді. Адамның обьективті әлем заттары мен құбылыстарының обьективті мүмкіндіктері жөніндегі ойы оның білімдерінің алғашқы түрі. Тек білімдер ғана іс мақсатын көруге береді. Бұл жерде адамның шындыққа қатынасы аралыққа айналды. Осы қатынас яғни адамдардың шын өмір барысын олардың болмысын саналы қабылданған болмысқа айналдырады. Сана дегеніміз адамның әлемге қатынасының өзі осы әлемнің шын қабылеті қандай және оған өзінің заттары мен күштері арқылы әсер еткенде не болатынын біле отырып қатынас жасау. Білім беру — жүйеге келтірілген білім,білік және дағдыларды игеру барысы және нәтижесі, оқушы өмірге және еңбекке дайындаудың қажетті шарты, білім берудің негізгі жолы мектепте оқыту білім берудің мектепке дейінгі бастауыш, ора, жоғары тағы сол сияқты сатылары бар.
Білім беру және оқыту теориясы — педагогика ғылымының саласы. Білім беру және оқыту теориясы жас кезеңдерінің барлық сатыларына сәйкес оқытудың заңдылықтарын оған қойылатын талаптарды, білім беру міндеттерін мазмұнын, оқыту мен оқу түрлерін әдістерін оқу барысында ынталандыру мен бақылауды анықтайды. Білім беру және оқыту теориясының методологиялық негізі таным теориясы, оқушы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып табылады. .Бұл теория білім беру және оқытуда арнайы ұйымдастырылатын іс деп қарайды. Оқыту барысында оқушылардың білім, білік, дағдыларды меңгеруде мұғалім мен олардың өз бетіндік іс бірлігі айқындалады .
Білім беру және оқыту теориясы адамның ісін санасын, қарым-қатынасын зерттейтін философия. Бұл теорияның мақсаты оқытудың заңдылықтарын қоғам қажеттігіне сай оқытудың мақсаттары мен міндеттері, әдістері, түрлері және нәтижелері байланысын ашу. Заңды байланыстардың көптеген түрлерін жинақтай отырып бұл теорис оқытуға қойылатын талаптарды қалыптастырады. Бұл талаптарды орындай отырып мұғалім оқу барысын қолайлы етіп құра алады. Соңғы жылдары білім беру және оқыту теориясы оқу жүктемесін тиімді және ұтымды ету тұрғысынан оқытудың әрбір нақты жағдайын сапалы және мақсатты ұйымдастыруға мүмкіндік беретін оқыту барысын қолайлы ету теориясын жасап шығарады. Қоғамдық қажеттілікті есепке ала отырып әрбір тарихи кезеңге білім беру және оқыту теориясын,оқыту міндеттерін, білім беру мазмұнын таңдап алу белгілерін, оқу жоспарларын, бағдарламаларын, оқулықтарды оқу құралдарын, дидактикалық материалдарды жасаудың негізін ашып береді. Білім беру және оқыту теориясы оқыту әдістерін зерттейді, оларды түрлі негізде топтайды, тәжірбиелік эксперименттік және педагогикалық озат тәжірбие негізінде жаңа әдістер мен әдістемелік жүйелерді жасайды. Бұған шешімі табылуға тиісті мәселе көтере отырып, оқушылардың танымдық іс жасау күйін туғызу, ізденіс, әдістерінің пайда болуы дәлел. Білім беру және оқыту театры оқытуды ұйымдастыру түрлері мен құралдарын қарастырады. Ғғылым(наука)-мақсаты мен қызметі адамның өзі және оны қоршаған әлем жөніндегі білімдерді жасап шығару болып табылатын адамзаттың іс шеңбері, қоғамдық санның бір түрі. Ғылым деген атау мен табиғат қоғам құбылыстарын түсінуге және олардың дамуын алдын ала болжауға мүмкіндік беретін бірте кеңейіп келе жатқан теориялық білім жүйесін белгілейді. Қазіргі кезде ғылым тікелей өндіргіш күшке айналып отыр.
Білім беру әдістемесі – ғылыми негізделген оқудың әдістері, ережелері, тәсілдері, жүйесі осының арқасында оқушының дуниеге көз карасын қарастырып алған білімдерін тәжірбие жүйесі осының арқасында оқушының дүниеге көзқарасын қалыптастырып алған білімдерін тәжірбиеде өз бетімен қолдану дағдыларымен қаруландыру. Білім беру әдістемесі таным теориясына суйенеді. Педагогика, психология, логика және т.б бірқатар ғылымдар жетістіктерін басшылыққы алады. Білім беруде оқытуға қойылатын талаптарды шығармашылықпен қолдану үлкен пайда келтіреді.Психология ғылымындағы оқушы зейіні, иесі, қабылдауы, қызығуы мәселелерін оқыту барысында есепке алу қажет. Логика мұғалімді ойлау заңдарын білу мен, сендіру әдістерімен, алға қойған қағидаларды ғылыми дәлелдеу тәсілдері мен қаруландыру .Оқыту барысының кезеңдеріне сәйкес әдістемеде мұғалімнің сабаққа дайындалу, жаңа материалдарды баяндау, оқушылардың әдебиеттермен өз бетімен жұмыс істеуі, олардың оқу және тәжірбелік тапсырмаларды орындауы қорытындылау білімін тексеру және бюағалау тәсілдері қарастырылады. Білімді бекіту — оқытудың барлық кезеңдерінде жүзеге асатын білімді игеру беріктігінің міндеттерін шешуге мүмкіндік береді. Әдетте білімдерді бекітуге арнайы уақыт бөлінеді. Оқылатын материалды тусіндіру барсында оның негізгі мазмұнын қайталау үшін әңгіме ұйымдастырылады. Білімді бекітудің ең тиімді тәсілі оларды тәжірбиеде қолдану болып табылады. Білімді бекіту оқытатын жаңа материалмен байланыстар негізінде бұрынғы білімдерді тереңдетуді, білім , білік, дағдыларды жетілдіруді талап етеді. Білімді бекітудің үйреншікті әдістері мен түрлері бұрын оқылған материалдар бойынша әңгіме, жинақтау сипатындағы сабақтар, шолулар, кітаппен жұмыс, тәжрибелі тапсырмалар болып табылады.Ұмытудың алдын алу білімдерді бекіту мақсатында оқу жұмысының барысында тексеру және қайталау жұмыстары жүргізіледі. Бұл оқу материалы жуйеге келтіруді ,жинақтауды, толықтыруды және білім мен біліктің беріктігін қамтамассыз етеді. Осы жұмысты жүргізуге мұғалім болашақ оқу жұмысына қажетті білім қырларына баса назар аударады. Әдістемелік тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған білімді бекіту жұмыстары түрлі анықтама әдебиеттерді жұмыс орындауда, бақылау орындауда тиімді пайдалануға оқушылардың танымдық қызығуы, өз беттерімен білім алу қабілеттерін дамытуға бейімдейді.
Білімді ұғып алу — білім, білік дағдылады игеруге бағытталған іс-әрекет. Зерттелетін құбылыстарды деректерді, барысмтарды талдау және мсұрыптау нәтижесінде ғылыми ұғымдардың негізін қалайтын жинақтау қалыптасады. Білімдерді ұғып алудағы жинақтаулар сипатын оқушылардың жеке ерекшеліктерімен және қабілеттерімен анықталады.Мұғалім бул ерекшелктерді еске ала отырып оқушыларды талдау, сұрыптау, жинақтау, жалпылау, сияқты ақыл адамдарын үйретеді мысалы, жалпы ұғымда шығару үшін жеткілікті деректер мен құбылыстарды талдай отырып бекітеді. Оқыту барысында тек дайын білімдерді беру ғана емес, оқушыларға оларды өз бетімен алу білігін үйрету, оның тиімді тәсілдері мен әрекекттеін қалыптастыру маңызды нәрсе болып табылады.
Кәсіби педагогика – жалпы педагогиканың бір тармағы ретінде кісіптік білім беру жүйесімен қатар қалыптасып келе жатқан ғылым саласы. Кәсіби педагогиканы теориялық және қолданбалы ғылым ретінде сипаттауға болады. Өйткені ол, бір жағынан, кәсіби педагогикалық құбылыстарды баяндап түсіндірсе, екінші жағынан, кәсіптік білім берудің міндеттерін шешуге бағытталған оқыту және тәрбиелеу жолдарын қарастырады. Ол теориялық жағынан дами отырып, кәсіптік білім бойынша оқу-тәрбие процесін жетілдіруді көздейді.
Кәсіби педагогика – түрлі типтегі кәсіби оқу орындарында жүзеге асырылатын кәсіптік білімнің орта, жоғары және жоғары білімнен кейінгі мәселелерін қарастырады.
Кәсіби педагогиканың объектісі – кәсіптік білім беру жүйесі.
Кәсіптік білім – бұл белгілі бір жүйеде кәсіп бойынша алынған білім, білік және дағдылар жиынтығы және оны тиісті кәсіптік ортада пайдалана білудің ережелері мен нормалары тәртібі.
Кәсіби даму – жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекеттің субъектісі ретінде дамуы.
Кәсіп – жалпы адамзаттық мораль нормаларымен келісілген еңбек түрі және адамзат үшін материалдық игіліктер бастамасы.
Кәсіптік оқыту – бұл болашақ маманның өзі таңдаған кәсібі бойынша ғылыми-техникалық ілімді игеруі және кәсіптік білік, дағдыны қалыптастырудағы бірлескен іс-әрекеті.
Білік — әйтеуір бір ережеге және оны нақты міндеттерді шешу барысында лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі.Білікті әрекеттің орынды тәсілдерін таңдай білуден, тек қана таңдай білуден емес оларды тәжірибеге қолдану.
Біліктің және дамуның ең тиімділігін қамтамамсыз жалпы шарттар:
-тұжырымдалған ережені тусіну:
-орындалатын қажет әрекет бейнесін қалыптастыру:
-жаңа міндеттерді шешу барысында әрекетті оындаудың нәтижілігі жөнінде хабар алып отыру:
Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:
- 1. Курстың мақсаты неге бағытталған?
- Курстың міндеттерін атаңыз.
- Ғылымның даму заңдылықтарын атаңыз.
- Кәсіптік білім беру мәселелерін нақтылаңыз және шешілу жолдарын қарастырыңыз.
Әдебиеттер:
- Пошаев Д.Қ. Ғылыми-педагогикалық зерттеу негіздері. Шымкент, 2003, 112б.
- Загвязинский В.И. Исследовательская деятельность педагога.-М.,2008.
- Асқаров, Е.С. Ғылыми зерттеулердің негіздері :оқу-әдістемелік құрал .-Алматы,2005.
4.ҚоянбаевМ.,Қоянбаева Г.Р. Педагогика әдіснамасы және педагогикалық зерттеулетін әдістері. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2007,32б.
- Аканов Б., Карамзин Н.Основы научных исследований.- Алматы,1989-136с.
- Новые исследования в педагогических науках Вып 2.-М.,1991.
8.Личность и профессия: психологическая поддержка и сопровождение . — М.,2005.
- Общая и профессиональная педагогика/Под ред. В.Д. Симоновича.-М.,2005.
- Педагогика профессионального образования/Под ред. Сластенина.-М.,2004.
- Профильное обучение:спецвыпуск. — Новосибирск,2002.