Бұл тіркес жанды немесе жансыз заттың орнын білдіру үшін қолданылады. Қазақ тіліне жатыр, бар, тұр деп аударылады. Негізінен қазақ тіліне аударған кезде мекен пысықтауышынан бастап аудару керек. There is тіркесі жекеше түрдегі зат есіммен, there are көпше түрде қолданылады. Сөйлемдегі орын тәртібі: 1. there is/are 2. Зат есім 3. Мекен пысықтауышы. Мысалы:
There is a pen on the desk.
There are two pens on the table.
Егер сөйлемде there + to be тіркесімен бірнеше бастауыш келсе, онда to be әдетте өзінен кейін келген бастауышпен байланысады (бастауыш жекеше түрде тұрса there is, көпше түрде there are қолданылады). Мысалы:
There is a table and five chairs in the room.
There are five chairs and a table in the room.
|
Болымды түрі |
Сұраулы түрі |
Қысқа жауап |
Болымсыз түрі |
жекеше |
There is a book on the table. — Үстелдің үстінде кітап бар. |
Is there a book on the table?-Үстелдің үстінде кітап бар ма? |
Yes, there is. – Иә, бар. No, there is not. — Жоқ. |
There is not a book on the table.-Үстелдің үстінде кітап жоқ. |
көпше |
There are many trees in the park. — Саябақта ағаштар көп |
Are there many trees in the park?-Саябақта ағаштар көп пе?
|
Yes, there are. – Иә, бар. No, there are not. — Жоқ. |
No. There are not many trees in the park. — Жоқ. Саябақта ағаштар көп емес. |
Егер адам, я зат бізге белгілі болған жағдайда, оның алдынан белгілілік артиклі қойылады және there is/there are тіркесі қолданылмайды. Оны аударғанда мекен пысықтауышы сөйлемнің сонында тұрады. Мысалы:
The book is on the table. — Кітап үстелдің үстінде тұр.
Бекіту жаттығулары
Жаттығу №1
Жақшаны ашып, керекті формаға қойыңыз:
- There (is, are) two pens and four pencils on that table. 2. There (is, are) a box on the floor. 3. There (is, are) some shoes on the floor. 4. There (is, are) a book on the table. 5. There (is, are) four pencils on the table. 6. There (is, are) a table in the room. 7. There (is, are) a gas cooker in the kitchen. 8. There (is, are) some pictures in the room. 9. There (is, are) a cup and three spoons on the table. 10. There (is, are) ten students in the classroom.
Жаттығу №2
Жақшаны ашып, керекті формаға қойыңыз:
- There is a refrigerator in the room. 2. There is a TV set in the living room. 3. There are cups on the table. 4. There is some milk in the bottle. 5. There are nine students and a teacher in the classroom. 6. There are newspapers and magazines on the table. 7. There is some oil in the bottle. 8. There are two windows in my room. 9. There is some vase in the room. 10. There is a radio in the kitchen.
Жаттығу №3
-to be-етістігінің (is, are) дұрыс формасын қойыңыз және аудармасын жазыңыз:
- There … some new commercial banks in our city.
- There … state chartered banks that offer many services.
- There … some non-deposit financial institutions in the USA.
- There … an insurance company and some pension funds on the list below.
- There … a growing number of small finance companies in the USA today.
Жаттығу №4
Төмендегі сөйлемдерді сұраулы және болымсыз сөйлемге қойыңыз.
- There’s a blackboard in our classroom.
- There are some English books on the table.
- There were very many mistakes in your dictation.
- There’s a new grammar rule in Lesson Four.
- There was a telegram on the table.
- There was too little ink in my pen to write two letters.
Жаттығу №5
Жақшаны ашып, керекті формаға қойыңыз:
- There … a large table in my room.
- There … three windows in my classroom.
- There … a table and four chairs in my sister’s room.
- There … a blackboard, four tables and five chairs in our classroom.
- There … a text-book and two exercise-books on my table.
- There … a school here in 1920.
- There … very many children in the park yesterday.