Өтініш пен бұйыру бұйрық рай арқылы беріледі. Бұйрық райдың хабарлы түрі етістіктің to қосымшасы жоқ инфинитивке сәйкес келеді:
Write. – Жаз. Жазыңдар.
Write him a letter. – Оған хат жаз. (жазыңдар).
Ағылшын тіліндегі бұйрық райдың жекеше және көпше түрде бір ғана формасы бар.
Open the window. – Терезені аш (ашыңдар).
Болымсыз түрі do көмекші етістігі және not қосымшасының (do not немесе don’t) тіркесуі арқылы жасалады:
Do not write. – Жазба (жазбаңдар)
Don’t listen to him. – Оны тыңдамаңдар!
Әдетте бұйрық рай екінші жаққа байланысты айтылған. Өтініш пен бұйрық 3-жаққа байланысты айтылса let етістігі, ал 1-жаққа let’s етістігі қолданылады:
Let him read the text. – Ол мәтінді оқысын.
Let’s go for a walk. – Қыдырып келейікші.
Imperative – те тұрған етістік бұйрық емес өтінішті білдірсе, онда сөйлемде please сөзін қолдану керек:
Write him a letter, please. – Оған хат жазыңызшы, өтінемін.
Бекіту жаттығулары
Жаттығу №1
Ағылшын тіліне аударыңыз.
- Маған қалам жіберіңіз. 2. Анна мен Петрды қарсы алыңызшы. 3. Маған қарындаш беріңізші. 4. 46 бетті ашыңыз. 5. Мәтінді аударыңыз. 6. Мына мәтінді оқыңыз. 7. Кешікпеңіз! 8. Қазір барыңыз! 9. Есікті жап. 10. Кітапты тап.
Жаттығу №2
Қазақ тіліне аударыңыз.
- Let me see! 2. Spell it. 3. Let me spell it. 4. Send me my test. 5. Meet me. 6. Let me meet Ted. 7. Tell her my name. 8. Tell me the truth. 9. Please, give me my bag. 10. Take your copybook and copy out these sentences.