Өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіреді. Мысалы: Ол оқуды бітірді. Мен бұл кітапты оқыдым. Ол кезде сен оннан асқансың. Шалдың бір баласы болыпты. Демалыста оқушылар қалаға баратын.
Берілген мысалдағы бітірді, оқыдым, асқансың, болыпты, баратын деген етістіктер бітіру, оқу, асу, болу, бару қимылдарының (іс-әрекеттерінің) болып кеткенін білдіріп, өткен шақ мағынасын беріп тұр.
ӨТКЕН ШАҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ.
Өткен шақ мағынасы мен жасалуына карай жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ және ауыспалы өткен шақ болып үшке бөлінеді. Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне -ды, -ді, -ты, -ті жұрнағы жалғану арқылы жасалып, жіктеліп колданылады. Мысалы: Асан домбыра тарт-ты, мен өлең айт-ты-м. Сен үйге келме-ді-ң.
Жедел өткен шақтың жіктелу үлгісі.
Жақ жекеше көпше
I. келдім, айттым, алмадым келдік, айттық, алмадық
II. келдің, айттың, алмадың келдіңдер, айттыңдар,алмадыңдар
келдіңіз, айттыңыз, алмадыңыз келдіңіздер, айттыңыздаралмадыңыздар
III. келді-, айтты-, алмады-. келді-, айтты-, алмады-.
Осы кестеден көрінетіндей, жіктік жалғаулары жедел өткен шақ тұлғасындағы етістікке ерекше түрде жалғанады:
Жақ жекеше көпше
/жақта
II
жақта
III
жақта
м
-ң (анайы түрі)
-ңыз, -ңіз (сыпайы түрі)
(жалғау жоқ)
-қ, -к
-ңдар, -ңдер (анайы түрі)
-ңыздар, -ніздер (сыпайы түрі)
(жалғау жоқ)
Жедел өткен шақтың жұрнағы (-ды, -ді, -ты, -ті) мен III жақтың жіктік жалғауын (-ды, -ді, -ты, -ті) шатастырмау керек. Бұл қосымшалардың тұлғасы, дыбысталуы бірдей болғанмен, мағынасы, қызметі баска-басқа. III жақ жіктік жалғауы шақ мағынасын білдірмейді, ал жедел өткен шақ жұрнағы жақ мағынасын білдірмейді. Мысалы, барып-ты, бара-ды деген сөздерде соңғы -ты, -ды жалғаулары шақ (жедел өткен шақ) мағынасын беріп тұрған жоқ, қимылдың 3-жақ (ол) арқылы болатынын білдіріп тұр. Бұл сөздердегі шақтық мағына ол жалғаудың алдында тұрған -ып, -а, тәрізді көсемше жұрнақтары арқылы берілген. Керісінше бар-ды дегенде -ды жұрнағы шақ мағынасын (жедел өткен шақта) беріп тұр да, III жақ мағынасын білдіріп тұрған жоқ. Өйткені I және II жақтарда (бар-ды-м, бар-ды-қ және бар-ды-ң, бар-ды-ңыз, бар-ды-ңдар, бар-ды-ңыздар) да жедел өткен шақ қосымшасы (-ды) сақталады, 3-жақта арнайы жалғау жоқ.
III жақтың жіктік жалғауы тек көсемшенің -ып, -іп, -п және -а, -е, й жұрнағынан кейін ғана жалғанады: кел-іп-ті, қара-п-ты, кел-е-ді, қара-й-ды. Ал жедел өткен шақ жұрнағы етістіктің негізгі және туыңды түбірлеріне және етіс, болымсыз етістік тұлғаларына тікелей жалғанады: кел-ді, қара-ды, кел-тір-ді, қара-т-па-ды т. б.
2. Бұрынғы өткен шақ.
Бұрынғы өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғанда әлдеқайда бұрын болғандығын білдіреді. Мысалы: Сен мектепті бітіргенсің. Ол ауылга барыпты. Бұрынғы өткен шақ екі түрлі жолмен жасалады.
а) Бұрынғы өткен шақ -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады: (мен) бар-ған-мын, (сен) кел-ген-сің, (ол) айт-қан.
Бұрынғы өткен шақтың жіктелу үлгісі.
Жақ жекеше көпше
I. айтыппын, келіппін айтыппыз, келіппіз
II. айтыпсың, келіпсің айтыпсыңдар, келіпсіңдер
айтыпсыз, келіпсіз айтыпсыздар, келіпсіздер
III. айтыпты, келіпті айтыпты, келіпті
I. айтқанмын, келгенмін айтқанбыз, келгенбіз
II. айтқансың, келгенсің айтқансыңдар, келгенсіңдер
айтқансыз, келгенсіз айтқансыздар, келгенсіздер
III. айтқан-, келген-, аитқан-, келген-,
Бұрынғы өткен шақ -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшеге немесе -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшеге е(еді) көмекші етістігі тіркелуі арқылы да жасалады. Есімше түрінде е көмекші етістігі екен түріңде де тіркеседі. Бұрынғы өткен шақтың мұндай күрделі түрінде е (еді, екен) көмекші етістігі ғана жіктеледі. Бұрынғы өткен шақ күрделі түрінің жіктелу үлгісі.
Жақ жекеше көпше
1. оқыған едім (екенмін), оқыған едік (екенбіз)
оқып едім оқып едік
2. оқыған едің (екенсің), оқыған едіңдер (екенсіңдер)
оқып едің оқып едіңдер
оқыған едіңіз (екенсіз), оқыған едіңіздер(екенсіздер)
оқып едіңіз оқып едіңіздер
3. оқыған еді (екен), оқыған еді (екен),
оқып еді оқып еді
Ескерту: Бұрынғы өткен шақтың есімшеден болған (мысалы, білгенмін, оқығансың) және еді көмекші етістігінен кұралған күрделі (мысалы, білген едім, біліп едім) түрлері тұжырымды, айғақты мәнді білдіреді. Ал көсемшеден болған (мысалы, біліппін, оқыгансың) және екен көмекші етістігінен кұралған күрделі (мы-салы, білген екенсің, білген екен) түрі айғақсыз мәнді білдіреді, сөйлеушінің көзі толық жетпейтіндігін байқатады. Сондықтан да бұрынғы откен шақтың бұл түрі ертегілерде жиі кездеседі. Мысалы: Баяғыда бір кемпір болыпты. Оның жалғыз баласы болыпты. Ол бала тентек болып өсіпті т. б.
3. Ауыспалы өткен шақ.
Ауыспалы өткен шақ есімшенің -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасында қолданылады. Сондықтан да оны ауыспалы өткен шақ деп атайды. Мысалы: Асан ауылға жиі баратын. Сен кітапханаға қашан баратын едің? Бірінші сөйлемде бару кимылының болып кеткенін байқасақ, екінші сөйлемде бару қимылының әлі болмағанын, бірак болуға тиісті екекін аңғарамыз,
Ауыспалы өткен шақ жіктеліп те, еді көмекші етістзгімен тіркесіп келіп те (онда еді етістігі жіктеледі) жұмсалады. Ал ауыспалы келер шақ тікелей жіктелмейді, тек еді көмекші етістігімен тіркесіп қолданылады.
Ауыспалы өткен шақтың жіктелу үлгісі.
Жақ жекеше көпше
I
1.
11.
111.
көретінмін, қарайтынмын баратын едім
көретінсің, қарайтынсың
баратын едің
көретінсіз, қарайтынсыз
баратын едіңіз
көретін-, қарайтын-, баратын еді-,
көретінбіз, қарайтынбыз
баратын едіқ
көретінсіңдер, қарайтынсыңдар
баратын едіңдер
көретінсіздер, қарайтынсыздар
баратын едіңіздер
көретін-, қарайтын-,
баратын еді,-
Ескерту: Есімшенің -атын, -етін, -йтын, -йтін түрінде тіркесіп, жіктеліп қолданылған еді көмекші етістігінен жасалған етістіктің күрделі түрі бірде ауыспалы өткен шақ, бірде ауыспалы келер шақ мәнінде жұмсала береді. Оның шақтык мағынасы көбінесе ол етістікпен тіркескен басқа сөзден айқындалып тұрады. Мысалы: Ол ауылға жиі баратын еді. Ол ауылға бүгін (ертең) баратын еді. Бірінші сөйлемде жиі деген сөздің арқасында бару кимылының болып кеткендігін байқаймыз (ауыспалы өткен шақ). Екінші сөйлемде бүгін (ертең) сөздері арқылы бару қимылының әлі болмағандығын аңғарамыз (ауыспалы келер шақ).