Әр түрлі тірі ағзалардың зат айналымындағы рөлін зерттеу.Тапсырма

Әр түрлі тірі ағзалардың зат айналымындағы рөлін зерттеу.

Кіріспе. Зат айналымы – заттардың жерде жүріп жатқан процесстерге бірнеше рет қатысуы. Нақтырақ айтқанда айналымға заттар емес, химиялық элементтер қатысады. Бір ағзалар пайдаланып болғаннан соң химиялық элементтер басқа ағзалар қорытатын қозғалыстарға айналады. Бұл процесстерге қажетті энергия күннен алынады, ал мұнда тірі ағзалар белсенді рөд атқарады. Көміртегінің биохимиялық циклына органикалық заттардың өндірушілері (продуценттер), тұтынушылар (консументтер) және ыдыратушылар (редуценттер) қатысады. Өсімдіктер мен жануарлар өлгеннен соң олардың ағзалары редуценттердің (бактериялар, саңырауқұлақтар, көптеген омыртқасыздар) көмегімен ыдырайды.

Мақсаты: далалық зерттеулердің нәтижесінде алынған мәліметтер негізінде әр түрлі түрлердің зат айналымындағы рөлін анықтау.

Қажетті құрал-жабдықтар: далалық зерттеулердің статикалық өнделген мәліметтері (8-кесте), микрокаькулятор.

Солтүстік Каспий маңындағы кіші саршұнақтар мен дала суырларының өнімділігі мың ккал/га

15-кесте

Түр

Жыл

Қорек

Екінші реттегі өнім

 

 

Пайдаланған

қорытылған

кіші саршұнақ

1971

535

427

40

 

1972

355

283

28

 

1973

283

225

17

Дала суыры

1974

278

206

54

 

1975

318

239

65

 

Жұмыстың орындалу барысы

1. Екінші реттегі өнімнің пайдаланылған қорекқе қатынасын (%) есептеңіздер
2. Екінші реттегі өнімнің қорытылған қорекқе қатынасын (%) есептеңіздер
3. Алынған нәтижелерді 4-кестеге еңгізіңіздер.

 

Әр түрлі жануарлардың өнімінің түзілуінің тиімділігі

16- кесте

Түр

Жыл

Екінші реттегі өнімнің пайдаланылған қорекқе қатынасын (%)

Екінші реттегі өнімнің қорытылған қорекқе қатынасын (%)

Кіші саршұнақ

1991

 

 

 

1992

 

 

 

1993

 

 

Дала суыры

1994

 

 

 

1995

 

 

Нәтижелерді өңдеу мен қорытындылар

Алынған мәліметтерді сараптап, әртүрлі жануарлар өнімінің түзілуінің тиімділігі туралы қортынды жасаңыздар.
Қандай жануарлар тамақ энергиясын өсуге және май қорын жинауға анағұрлым тиімді пайдаланатынын анықтаңыздар.
Әр жылдардағы энергияны пайдалану тиімділігі қалай өзгереді.

 

 

1.Ағзалардың қоректену әдісі бойынша қандай топтары химиялық элементтердің айналымына қатысады?

2.Бұл топтардың әрқайсысының зат айналымдағы (химиялық элементтердің) рөлі қандай?

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *