Қазақ және ағылшын тілдерінің құрылымдық ерекшеліктері. 2. Ағылшын тілінен қазақ тіліне аударма жасаудағы негізгі бағыттар.

 

Ағылшын тілі — Үндіеуропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын тіл. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англосаксондардың тілі, бірақ жауланған кельттердің тілдері де әсерін тигізген.
Ағылшын тілі — халықаралық тіл (де-факто -лингва франка). Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл. Ағылшын тілі Ұлыбритания,Америка Құрама Штаттары,Жаңа Зеландия,Аустралияжәне басқа елдерде ана тілі болып есептеледі. Одан басқа көптеген мемлекеттерде ресми тілі болып саналады.
Ағылшын тілі — БҰҰ-ның алты тілінің бірі болып саналады. Ағылшын тілі —дүние жүзіне ең кең таралған тіл.Үндіеуропа тілдерінің батыс герман тілдеріне жатады. Ағылшын тілі құрылымы жағынан флективті.Ұлыбритания,АҚШ,Аустралия,Жаңа Зеландияның мемлекеттік тілі болып табылады.Канадада (француз тіліменқатар), Ирландияда (ирланд тілімен қатар) мемлекеттік қос тілдің бірі. БҰҰ-да қабылданған ресми алты тілдің негізгісі. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 млн-нан астам адам сөйлейді. Қазақстанда да 20 ғасырдың 50-жылдарынан бастап Абылай хан атында. Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері ун-тінде, өзге де жоғары және орта оқу орындарында Ағылшын тілі оқытылып мамандар дайындалды. Жеке пән түрінде мектеп бағдарламаларына енгізілді. А.т-нің түп-төркіні 5-6 ғ-да құрлықтан Британ аралына қоныс аударған англ, сакс, ют тайпалары мен аралдағы байырғы кельт (бриттер) тайпаларының тілі болып саналады. А.т-нің даму тарихы ежелгі ағылшындық (7-11 ғ.), орта (12-15 ғ.) және жаңа (15 ғ-дан бері) дәуір болып үш кезеңге бөлінеді. А.т-дегі жазба ескерткіштер 7-8 ғ-дан белгілі. Ол уақытта ағылшындар руна жазуын пайдаланып, тасқа, ағашқа, сүйекке ойып жазған. 6-7 ғ-да ағылшындар арасында христиан дінінің таралуына байланысты рунажазуы қолданыстан шығып, латын әліпбиі қолданыла бастады.
Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Жаңа Әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында былай деп атап көрсетті: «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсынамын»*. Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі». Осыған орай мұны мемлекеттік тіл саясатының негізгі басымдықтары ретінде қарауымыз қажет.Бұл ретте, қазақ тілін меңгергендердің ағылшын тілін меңгеруі оңай екенін білу маңызды. Бұл мемлекеттік тілді насихаттау мәселесі емес, әртүрлі объективтік көрсеткіштерді растайтын факті. Мысалы, жалпы әлемдік тілдерге түркі тілдері 26 мың сөз сыйлаған болса, ағылшын тілінде шашамен 4500 мың түркі тілдерінен енген сөздер кездеседі.Әлем тілдерін грамматикалық жағынан қарастыра отырып, адам ойының процесінің өзін реттейтін логикалық заңдар барлық тілдер үшін бірдей, ал әрбір тіл үшін грамматиканың әртүрлі екеніне көз жеткіземіз. Бір тілде ыңғайлы, ұғынықты түсініктер екінші тіл үшін қолайсыз және басқа тіл үшін артық. Алайда, ағылшын тілі мен қазақ тілінің арасында салыстыру жүргізе отырып, олардың арасында кейбір грамматикалық ұқсастықтарды байқауға болады.
Әуелі фонетикаға назар аударайық. Дауысты дыбыстар бойынша ағылшын және қазақ тілдерінде бәлендей айырмашылық жоқ: қазақ тілінде олар 11, ал ағылшын тілінде (дифтонгтарды қоспағанда) 12 және олардың көпшілігі айтылуы бойынша да бірдей, бірақ артикуляцияда аздаған айырмашылықты көруге болады. Мысалы, қазақ тілінде жаңа сөздер мен сөздердің әртүрлі нысандары түбірге қосылу, яғни жұрнақтар мен жалғаулар арқылы жасалады.
Ағылшын тілінде де сөз жасаудың осындай тәсілі бар. Инфинитивтен оған –ing жалғауын қосу арқылы «ингтік» деп аталатын нысандағы ағылшын тілінің ең жиі қолданылатын нысаны пайда болады.
Инфинитивге жалғанған -er (кейде -оr) жұрнағы көп жағдайда іс-әрекетті жасауды білдіреді: to read – reader (оқу – оқырман), to write – writer (жазу – жазушы), to work – worker (жұмыс – жұмысшы), to sail – sailor (жүзу – теңізші) және т.б. Сөзге жаңа лексикалық мән беретін жұрнақ қазақ тілінде ең жиі таралған сөз жасайтын аффикс болып табылады. Ол сөзжасамда оңай байқалады. Мысалы, -шы, -ші: жұмыс – жұмысшы, оқу – оқушы, жазу – жазушы және т.б.
Дегенмен, кейбір айырмашылықтар да бар. Қазақ тілінде түбір өзгеріссіз қалады, ал аффикстер түбірмен үйлесімдік табады, яғни, үйлесімдік заңы бойынша өзгеріске ұшырайды. Осы заңға сәйкес барлық қазақ сөздері жіңішке және жуан буынға бөлінеді. Мысалы, көл, ән – жіңішке немесе қол, жан – жуан. Ағылшын тілінде жұрнақтар мен жалғаулар негізінен тәуелсіз болып табылады.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі дауыссыз дыбыстардың да саны бірдей деп айтуға болады: қазақ тілінде олар 25, ал ағылшын тілінде – 24. Дауысты дыбыстар бұл екі тілде де бірдей. Қазақ тіліндегі сияқты ағылшын тілінде дыбысты дұрыс айтпау сөздерің мағынасының өзгеруіне алып келеді.
Бұл тілдер арасында сондай-ақ кейбір ерекшеліктер де бар. Орыс тіліндегі «род санаты» ағылшын тілінде әдетте тек жақты, өзіндік есімдікті және ерекшелік түрінде кейбір жануарлар мен заттарды білдіреді. Адамға қатысты зат есім («Who is this?» – «Бұл кім?» сұрағына жауап береді) орыс тіліндегідей «мужской род» (сәйкесінше «he, his – ол, оның» есімдігі) және «женский род» (сәйкесінше «she, her – ол, оның» есімдігі) түрінде болады. Ал қазақ тілінде «род санаты» деген ұғым жоқ, сондықтан сөйлемнің мағынасына байланысты сын есім, есімдік немесе сан есім ағылшын тіліне әртүрлі аударылуы мүмкін.
«To be» етістігі ағылшын тілінде міндетті түрде қолданылады, ал қазақ тілінде ол жоқ.
Қазақ тіліндегі сөйлемдегі сөздердің өзіндік реті бар, ол тұрақты. Жай хабарлы сөйлемдегі бастауыш әдетте басында, ал баяндауыш әрқашан соңында, анықтауыш анықталатын сөздің алдында, мезгіл пысықтауыш сөйлемнің басында тұрады. Дәл осылай ағылшын тілінде де бастауыштың, баяндауыштың және т.б. сөйлем мүшелерінің өз орны бекітілген белгілі бір тәртібі бар. Мысалы, «Wе live in Astana» – «Біз Астанада тұрамыз», «Put the book on the table» – «Кітапты столдың үстіне қой».
Бірақ ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуға қатысты тілдің ерекшеліктерімен байланысты белгілі бір қиыншылықтар туындайтыны жасырын емес. Белгілі қазақ лингвист ғалымы Қ.Жұбанов былай деп айтқан: «Бір тілде басқа тілдің қандай да бір сөзімен мәні бойынша дәл қатар келетін сөздер сирек кездеседі. Мәселен, орыс тілінде «пастух» деген ұғым болатын болса, қазақ тілінде «қойшы», «жылқышы», «сиыршы» деп бөлініп көрсетіледі, сол сияқты орыс тіліндегі «тетя» сөзі қазақ тілінде «апа» да «тәте» де және «жеңеше» де болуы мүмкін. Күрделі болғанына қарамастан кез келген орыс тіліндегі сөйлем қазақ тіліне бір сөйлеммен аударылуы мүмкін. Алайда, мұндай сөзбе сөз аударма стилдің дәлдігін ғана емес, сонымен қатар оның мәнін де беруі мүмкін емес».
Тағы бір күрделілік – фразеологиялық сөздерді аударудың мүмкін еместігі немесе дәлсіздігі. Ағылшын тілінен фразеологизмдерді басқа тілдерге аудару әрқашан мұндай конструкциялардың семантикалық тұтастығы мен күрделілігіне байланысты белгілі бір қиыншылықтар туғызады. Мысалы, «to get out of bed on the wrong side» – «сол аяғынан тұру»; «fish begins to stink (or stinks) at the head» – «балық басынан шіриді»; «nothing is stolen without hands» – «жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды». Алайда, осындай қиыншылықтар кез келген тіл жұптарында туындайтынын түсіну өте маңызды.

Ағылшын тілінен қазақ тіліне аударма жасаудағы негізгі бағыттар.
Шетел тілін оқытуда ана тілінің рөлі жоғары, сондықтан шетел тілін ана тілімен салыстыра отырып оқыту жөн деп есептейміз. Біз қарастырып отырған мəселе ағылшын жəне қазақ тілдеріндегі осы шақтардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Ағылшын тілін үйренуде оқушыерге елеулі қиындық тудыратын грамматиканың бір саласы- етістік. Етістік заттың, құбылыстың — əрекетін білдіретін сөз табы. Етістік ағылшын тілі сөз таптарының ішіндегі, қолданыс аясы кең, аса бай грамматикалық категориясы. Етістік қазақ тілінде жақтарға, шақтарға байланысты Не істейді? Не істеп жатыр? Не қылды? тағы басқа сияқты сұрақтарға жауап берсе, ағылшын тілінде де шақтарға, жақтарға байланысты what does (he, she, it (smb.) do?
I
We
What do You do?
I
We
What did You do? [2, 76 бет]
They
He
She
Етістік іс қимылды, əрекетті білдіре отырып, осы іс- əрекеттің сөйлеушінің сөйлеп тұрған сəтімен байланысты өту кезеңін де көрсетеді. Қазақ тілі тəрізді ағылшын тілінде де етістіктің жақ, сан, шақ категориясы бар. Негізінен етістіктер жекеше түрде осы шақта үшінші жақта ғана өзгеріске ұшырайтындықтан, етістіктің жаңа категориясы көп қиындық тудырмайды. Тек To be етістігінің жіктелу ерекшеліктерін есте сақтау керек. Ал шақ категориясы өте күрделі. Active voice-те 16 шақтың формасы, Passive voice-те 10 шақтың формасы бар. Осы шақтың формаларының барлығын бір бірімен шатыстырмай жаттап алу оқушытерге қиындық тудырады. Мұғалімнің міндеті оқытудың неғұрлым тиімді əдіс-тəсілін қолдана отырып, оқушылардың өздігінен қызығушылықпен жұмыс істей білуге үйрету. Шақтық формалар белгілі бір қағиданы сақтай отырып жасалады. Осы қағиданы мұғалімдер оқушыларға жете түсіндіріп берсе, бұл оқушының материалды меңгеруін оңайлата отырып, осы шақтық формаларды оқушының өзі саналы түрде жазып шығаруына мүмкіндік берер еді. Ағылшын тіліндегі етістіктің шақтары басты 4 шаққа: Present, Past, Future, Future in the Past негізделеді. Бұл топтар мағынасы жасалуына қарай əрқайсысы 4 түрге бөлінеді. Енді ағылшын жəне қазақ тілдеріндегі осы шақтардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарына тоқталайық. Соның ішінде Present Continuous Tense-ті қарастыратын болсақ. Ағылшын тіліндегі Present Continuous дəл қазір болып жатқан іс-əрекетті қимылды білдіретін етістік формасы.
To be + V ing [ 3, 543 бет]
Present Continuous шағы To be етістігімен ( am, is, are ) негізгі етістікке ing жалғауын жалғау арқылы жасалады.
Мысалы : My son is reading now. You are speaking.
Қазақ тіліндегі нақ осы шақ қимылдың, іс-əрекеттің сөйлеп тұрған сəтте болып жатқанын білдіреді.
Мысалы : Оқушылар лекция тыңдап отыр. Аққу теңізде жүзіп жүр.
Present Continuous шағының ұқсастықтарына келетін болсақ
•Етістіктің күрделілігі.
Екі тілде де нақ осы шақтарда күрделі етістік (негізгі етістік + көмекші етістік) қолданылады.
көмекші етістік негізгі етістік
is reading
негізгі етістік көмекші етістік
оқып отыр
•Тілдегі көмекші етістіктің ұқсастықтары.
Қазақ тіліндегі нақ осы шақтың көмекші етістігі (отыр, тұр, жатыр, жүр) ағылшын тіліндегі Present Continuous шағының көмекші етістігіне ( am, is, are) сəйкес келеді.
•Екі тілдегі негізгі етістіктің жасалуы.
Қазақ тіліндегі нақ осы шақтың негізгі етістігіне оларға көсемшенің –ып, -іп, -п жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Ал ағылшын тіліндегі Present Continuous нелізгі етістігі ing жалғануы арқылы жасалады.
Етістік Нақ осы шақ Present Continuous
көмекші ет-к отыр, тұр, жатыр, жүр am, is, are
негізгі етістік -ып, -іп, -п -ing [2, 97 бет]
мысалы оқып отыр is reading
•Екі тілделі негізгі етістіктің жалғауларында ұқсастық бар. Екі тілдегі нақ осы шақтарда негізгі етістіктер қандай сөйлем болмасын өз жалғауымен қала береді.
Present Continuous Нақ осы шақ
He is reading Ол оқып отыр
He is not reading Ол оқып отырған жоқ
Is He reading? Ол оқып отыр ма?

•Екі тілдегі болымсыз сөйлемдердің ұқсастықтары.
Қазақ тілінделі нақ осы шақтың болымсыз сөзі ( жоқ) ағылшын тіліндегі Present Continuous –тің болымсыз сөзіне (not) сəйкес келеді.
He is not reading Ол кітап оқып отырған жоқ [2, 97 бет]
•Ал енді Present Continuous жəне қазақ тіліндегі нақ осы шақтың айырмашылығына келетін болсақ.
Екі тілдегі күрделі етістіктің орын тəртібіндегі айырмашылық бар. Қазақ тілінде нақ осы шақтың күрделі етістігінде көмекші етістік негізгі етістіктен кейін тұрады. Ал ағылшын тілінде Present Continuous Tense – тің күрделі етістігінде көмекші етістік негізгі етістіктің алдында тұрады.
Мысалы: She is speaking now. Ол сөйлеп тұр.
•Екі тілдегі көмекші етістіктің лексикалық мағынасы жағынан айырмашылықтары бар. Қазақ тіліндегі нақ осы шақтың көмекші етістігінің дара тұрған кезде лексикалық мағнасы болады, ал күрделі етістік құрамында оның лексикалық мағнасы болмайды.
Мысалы: Ол мектептің алдында тұр (бұл сөйлемде тұр етістігінің мағынасы бар). Тұр етістігі III жақтағы адамның мектеп алдында тұрғанын білдіріп тұр.
Мысалы: Олар қонаққа бара жатыр (бару етістігі бұл сөйлемде негізгі мағынаны білдіріп тұр). Егер бұл сөйлемде жатыр етістігі негізгі мағынаны білдіріп тұрса, сөйлемнің мағынасы болмай кетеді. Шынында да адам тұрып барады. Ал қонаққа ешкім жатып бармайды. Сондықтан жатыр етістігі негізгі мағынаны білдірмейді (негізгі мағынаны бару етістігі білдіреді).
•Екі тілдегі болымсыз сөздің орын тəртібіндегі айырмашылық.
•Екі тілдегі көмекші етістіктердің жалғауларындағы айырмашылық.
Ағылшын тіліндегі нақ осы шақтың көмекші етістігі (сұраулы, хабарлы, лепті, болымсыз) əр түрлі сөйлемдерде ешқандай жалғаусыз түрады. Қазақ тіліндегі нақ осы шақтың көмекші етістігінің жалғаулары əр түрлі сөйлемдерде əр түрлі болады.
They are speaking now.
They are not speaking now.
Are they speaking now? [2, 98 бет]
Олар сойлесіп отыр.
Олар сойлесіп отырган жоқ.
Олар сойлесіп отыр ма?
Бұл мақалада мұғалімнің көмегімен тіл үйренуші мектеп оқушыларына арналған. Мақаланың басты мақсаты-ұқсамайтын екі топқа жататын тілдерді-герман тобына жататын ағылшын тілін жəне түрік тілдері тобына жататын қазақ тілінің шақ формаларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра отырып түсіндіру.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Республиканский методика-педагогический журнал «Мектептегі шет тілі» №3 2007 17-бет.
2.Р.Баданбекқызы М.Б.Өтемқұлқызы М.М.Аманқызы. Ағылшын тілі. 76, 97-98 беттер.
3.Н.А.Бонк Г.А. Котий Н.А.Лукьянова. Учебник английского языка. 543 бет.
4.http://tilder.kz сайты
5.https://kk.wikipedia.org сайты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *