Экожүйне және биогеоценоз ұғымдары. Экожүйе энергетикасы
Тіршілік ету жағдайлары едәуір дәрежеде ұқсас болып келетін, белгілі бір территорияда мекендейтін өзара байланысты түрлердің комплекстерін биогеоценоз құрайды. Биогеоценоз өлі табиғат факторлары мен ( топрақ, ылғалдылық, температура және т.б.) Тығыз байланыса отырып, олармен бірге тұрақты жүйе түзеді. Өздігінен реттелу әрбір түр особьтарының саны белгілі бір, мұндай өзін — өзі реттейтін тұрақты жүйені экожүйелер деп атайды. Қоректену әдістеріне қарай барлық организмдер екі топқа бөлініді:
1. Автотрофтар
2. Гетеротрофтар
Автотрофтар – негізінен өсімдіктрер органикалық заттарды синтездеу үшін айналадағы ортаның бейорганикалық қосылыстарын пайдаланады.
Гетеротрофты ( жануарлар, адам, саңырауқұлақтар, бактериялар) автотрофтар синтездеген дайын органикалық заттармен қоректенеді.
Биогеоценоздағы зат айналымы – тіршілік үшін қажет шарт.
Кез – келген биогеоценоздың негізі — жасыл өсімдіктер – органикалық зат түзушілер. Биогеоценозды міндетті түрде өсімдікпен, жануарлармен және органикалық заттарды қарапайым минералдық қосылыстарға дейін ыдрататын микро организмдер болады.
Зат түзушілер – продуценттер.
Микроорганизмдер – редуценттер.
Биогеоценозды және онда өтіп жатқан процестерді сипаттау үшін мынадай негізгі көрсеткіштері бар:
А. Түрдің алуан түрлілігі – осы биогеоценозды құрайтын өсімдіктермен жануарлар түрінің саны.
Б. Популяция тығыздығы – осы түрдің аудан немесе көлем бірлігіне келетін особьтар мөлшері.
В. Биомасса органикалық заттармен барлық особьтар жиынтығы энергиясының жалпы мөлшері.
Биогеоценоздар өте күрделі. Оларда параллель және айқыш – ұйқыш орналасқан көптеген қоректену тізбегі болады, ол түрлердің жалпы саны жүздеп, тіпті мыңдап саналады. Әртүрлі объектілердің сан алуан түрімен қоректенеді, сөйтіп өздері бірнеше экожүйеге қорек болады. Қоректену тізбегінің негізі болып саналатын өсімдік текті зат мөлшері, әрқашан да өсімдік қоректі жануарлардың жалпы массасының бірнеше есе арттық болады, ал қоректену тізбегіндегі әрбір келесі буынның массасы жедел кемиді. Мұндай өте маңызды заңдылық экологиялық пирамида ережесі д.а.