Сілтеу есімдігі ( demonstrative pronouns )

 

this – мынау, that —  анау. Олардың жекеше және көпше түрлері бар – these – мыналар, those – аналар.

That, those есімдіктері алыста тұрған заттарды көрсету үшін қолданылады.

Ең көп қолданылатын белгісіздік есімдіктері some, any, no, many, much, few, little, one (another), both, all, every, each және олардың туындылары somebody, somewhere, something, anybody, anything, anywhere, nobody, nothing, nowhere, no more болып табылады.

Some, any есімдіктері – бірнеше, қандай да бір, кішкене – адамдардың не заттардың белгісіз санын меңзейді, some болымды сөйлемдерде, ал any сұраулы және болымсыз сөйлемдерде қолданылады. No  болымсыз есімдігі бір нәрсенің жоқ болуын көрсетеді.

 

 

Сөйлемдегі some, any, no есімдіктері және олардың туындылары

Болымды сөйлемдер

some

something

somebody

someone

Болымсыз сөйлемдер

(not) any

no

(not) anything

(not) anybody

nobody

(not) anyone

no one

Жалпы сұрақтар

any

anything

somebody

anyone

Арнайы сұрақтар

some

something

somebody

someone

Өтініш

some

something

somebody

someone

 

I have some English books.                                     Менде бірнеше ағылшын кітаптары бар.

Have you any English books?                                 Сізде қандай да бір ағылшын кітабы бар ма?

I have not any English books.                                  Менде ешқандай ағылшын кітабы жоқ.

I have no English books.                                          Менде ағылшын кітаптары жоқ.

Is there anybody here?                                             Мұнда біреу бар ма?

Where can I buy something to eat?                           Мен қандай жейтін бірнәрсе сатып ала аламын?

Give me something to read, please.                          Маған оқитын бір нәрсе  берші.

Any есімдігі болымды сөйлемдерде қазақ тіліне қайсыбір, кейбір деп аударылады:

Take any book you like.                                            Ұнаған қайсыбір кітабыңызды алыңыз.

Some және аny есімдіктері біраз, кішкене деген мағынаны білдірсе, қазақ және орыс тілдеріне аударылмайды:

Give some milk to the child.                                       Балаға сүт беріңіз.

There is not any sugar in the sugar-bowl.                   Қант салғышта қант жоқ.

Some, аny, no есімдіктері thing, body (one)–мен тіркесіп, something, anything, nothing, somebody (someone), anybody (anyone), nobody (no one) деген есімдіктері туындайды.

 

 

thing

body

one

some

something

бірдеме, бір нәрсе

somebody

someone

біреу, әлдекім

any

anything

бірдеме, бір нәрсе

anybody

anyone

біреу, әлдекім

no

nothing

ештеңе

nobody

no one

ешкім

 

Something, somebody, someone есімдіктері болымды сөйлемдерде, anything, anybody, anyone сұраулы және болымсыз сөйлемдерде қолданылады.

Somebody is waiting for you downstairs?                   Сізді төменде біреу тосып тұр.

I cannot tell you anything definite.                              Мен сізге анық ешнәрсе айта алмаймын.

Will you speak with anyone on that problem?             Сіз бұл сұрақ туралы біреумен сөйлесесіз бе?

Nothing, nobody, no one есімдіктері болымсыздық есімдіктері деп аталады. Етістіктер бұл есімдіктермен болымды түрде қолданылады, өйткені ағылшын тілі сөйлемінде бір ғана болымсыз түр болуы қажет.

Nobody saw him yesterday.                                           Оны кеше ешкім көрген жоқ.

I know nothing about that book.                                    Мен бұл кітап туралы ештеңе білмеймін.

 

Many (көп) және few (аз) есімдіктері

Олар саналатын зат есімдермен қолданылады:

Have you many friends?                                          Сіздің достарыңыз көп пе?

In our library there are very many English              Біздің кітапханада ағылшын кітаптары өте көп,

books, but very few Spanish books.                         ал испан кітаптары өте аз.

Much (көп), little (аз) есімдіктері саналмайтын зат есімдермен қолданылады:

Is there much light in your room?                               Сіздің бөлмеңізде жарық көп пе?

I have so little information about him.                       Менің ол туралы ақпаратым аз.

Many, much есімдіктері сұраулы және болымсыз сөйлемдерде қолданылады. Many, much есімдіктері very, so, too деген сөздермен тіркесіп келсе ғана болымды сөйлемдерде қолданылады. Басқа жағдайларда many мен much есімдіктерінің орнына болымды сөйлемдерде a lot (of), lots (of), plenty (of), a great deal (of) қолданылады:

England imports a great deal of oil.                         Англия өте көп  мұнайды импортқа шығарады.

Little және few есімдіктері белгісіздік артиклімен қолданып, a little (кішкене),  a few (бірнеше) деген мағынаны білдіреді:

I have a little free time today.                                     Менің бүгін кішкене бос уақытым бар.

I know a few French words.                                       Мен бірнеше француз сөзін білемін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *