Заттың сынын, сапасын, түр-түсін білдіретін сөз табын сын есім деп атайды.
Ағылшын тілінде сын есімдер тек шырайлар арқылы өзгереді. Үш шырайы бар: жай, салыстырмалы және күшейтпелі.
Сын есім шырайларының жасалуына байланысты 3 топқа бөлінеді:
- Бірбуынды – long, short, big және т.б., сонымен қатар –у, -le, -e, -er, — ow –ға аяқталатын екібуынды сын есімдер – easy, early және т.б.
- Көпбуынды – interesting, difficult және т.б.
- Ережеге бағынбай жасалатын сын есімдер – good, bad, little, far, many, much.
- Бірбуынды сын есімдерден салыстырмалы шырай жасау үшін сын есім түбіріне – er жұрнағы, ал күшейтпелі шырай жасау үшін –est жалғанады.
Мысалы: long –longer – the longest (ұзын- ұзынырақ- ұп-ұзын)
short – shorter – the shortest (қысқа – қысқарақ – қып-қысқа)
big – bigger – the biggest (биік- биігірек – ең биік)
easy – easier – the easiest (оңай- оңайырақ – оп-оңай)
ІІ. Екібуынды сын есімдерден салыстырмалы шырай жасау үшін сын есімге more, ал күшейтпелі шырай жасау үшін the most сөзі тіркеседі.
Мысалы: interesting – more interesting – the interesting (қызық – қызығырақ – ең қызық)
difficult – more difficult – the most difficult (қиын – қиынырақ – ең қиын)
III. Ережеге бағынбай жасалатын сын есімдерді есте сақтаған жөн.
good – better – the best (жақсы – жақсырақ – ең жақсы )
bad – worse – the worst (жаман – жаманырақ – ең жаман)
little – less – the least (кішкене – кішірек- кіп-кішкентай)
far – father, further – farthest, furthest (алыс- алысырақ – ап-алыс)
many, much- more- the most (көп – көбірек- ең көп)
Ағылшын тілінде салыстырмалы шырайда than жалғауы қолданылады.
Мысалы: My daughter is younger than yours. – Менің қызым сіздікінен жасырақ.
Сындары бірдей зат есімдерді салыстырғанда as….as тіркесі, ал сындары әр түрлі (арттық, я кем) болғанда not so….as тіркестері қолданылады.
Мысалы: This book is as interesting as that one – мынау кітап анау кітаптай қызықты.
This girl is not so tall as that one- мынау қыз анау қыздай ұзын бойлы емес.