The Future Continuous Tense to be көмекші етістігі келер шақта және Participle I негізгі етістіктен жасалады:
shall/will be + V + ing
Формасы |
||
Хабарлы |
Сұраулы |
Болымсыз |
I shall be working You will be working He will be working She will be working It will be working We shall be working You will be working They will be working |
Shall I be working? Will you be working?
Will he be working? Will she be working? Will it be working? Shall we be working? Will you be working? Will they be working? |
I shall not be working You will not be working He will not be working She will not be working It will not be working We shall not be working You will not be working They will not be working |
Қолданылуы:
- Белгілі бір кезде басталып келер шақта әлі орындалып жататын іс-әрекет: He will be reading an English book when I return home – Мен үйге келгенде ол ағылшын кітабын оқып отырады.
- Белгілі бір кезде келер шақта болып жататын іс-әрекет: He will be working on a new play during this summer – Осы жазда ол жаңа пьесасымен жұмыс істейтін болады.
- Созылмаған, бірақ алдын-ала жоспарланған іс-әрекет: I’ll be meeting them at the station – Мен оларды аялдамада тосып тұрамын.
- Екі қатар болып жататын, біреуі екіншісін келер шақ екенін көрсететін іс-әрекеттер: While my mother is reading a book I shall be playing the piano – Менің анам кітап оқып отырғанда мен пианино ойнап отыратын боламын.
Сұраулы сөйлем: Сұраулы сөйлем жасау үшін shall/will етістігі бастауыштың алдына шығады. Shall I be meeting them at the station?
Болымсыз сөйлем: shall/will етістігінен кейін not көмекші сөзі қосылады. I shall not be meeting them at the station.