Сан есім

 

 

Дәріс жоспары:

  1. Есептік, реттік, жинақтық сан есім.
  2. Бөлшектік, топтау, болжалдық сан есім

Мақсаты: Екі тілдегі есептік, реттік, жинақтық сан есімдер.

Бөлшектік, топтау, болжалдық сан есім

Мазмұны:  Сан есім — заттың сан мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табы. Сан ‘■ есімдер басқа сөздерге тіркестірілмей жеке-дара айтылғанда, тек абстракт сандық ұғымдардың атаулары ретінде қолданылады. Олардың нақты мағыналары озге создермен қарым-қатынасқа түсін айтылғанда ғана ! айқындалады. Екі тілде де морфологиялық сипаттары жағынан сан есімдердің озіне тән, өзге соз таптарына үқсамайтын ерекшеліктері бар.

Сан     есімнің     негізгі     функциясы     анықтау болғандықтан,   қазақ   тілінде   ол   үнемі   анықтайтын создерінен       бүрын       түрады,       бірақ       ешқандай , морфологиялық өзгеріске түспейді.                         |

Ал орыс тілінде зат есімге ыңғайласып септеледі, ! көптеледі, тек (род) категориясы бойынша өзгереді: две \ девушки ~ двум девушкам — десятъ девушек; два парня | — двух парней.

Қазақ   тілінде   тек   субстантивтенген   жағдайда ғана   түрленіп,   өзгеріске   түседі,   яғни   коптеліп   те септеліп   те,   тәуелденіп   те,   жіктеліп   те   қолданыл, береді.

Сан есімдер морфологиялық қүрамына қараіз
негізгі сан есімдер және туынды сан есімдер болып
екіге болінеді. Негізгі сан есімдер қатарына тек қана
есептік сандар жатса, туынды сан есімдер осы негізгі.
есептік сан атауларына қосымшалар мен шылаулардын
тіркесуі, қосылуы арқылы жасалатыны белгілі.
Мысалы: уш үшінші — ушеу — ушеудей — уш —
уштен; три — третий, трое
—■ оқоло трех — по три | |
т.б.                                                                            

Қазақ тілінде де, орыс тілінде де де сан есімдер дара және 11
күрделі сан есім болып болінеді. Мысалы: жуз сто, \ 1
бес — пять; жуз бес — сто пять; бір мың елу алты ~ \
одна тысяча пятьдесят шесгпь т.б.

Қазақ тілінде күрделі сан есімдер он бірден басталса, орыс тілінде жиырма бірден (двадцать один) басталады.

Күрделі сан есімдердің жасалуына қатысты екі тілде мынадай айырмашылықтар бар: қазақ тілінде әуелі ондық, одан кейін бірлікті білдіретін сөз тірхеседі. Мысалы: он бір, он екі, елу уш, алпыс төрт т.б

Орыс тілінде он бірден он тоғызға дейінгі сан атаулары былай жасалады: әуелі бірлік, одан кейін ондық аты тіркеседі. Мысалы: двенадцатъ (два на десять), четырнадцать (четыре ңа десятъ) т.б. Ал жиырма бірден бастап қазақ тіліндегі сияқты әуелі ондық содан соң бірлік атауы тіркесіп келеді. Мысалы: сорок четыре, девяносто два т.б.

Екі тілде де сан есімдер семантикалық, морфологиялық және синтаксистік жағынан іштей бірнеше топқа бөлінеді: есептік (количественные), реттік (порядковые), жинақтық (собирательные), бөлшектік (дробные). Қазақ тілінде бүдан басқа топтық және болжалдық сан есімдер бар.

ЕСЕПТІК САН ЕСІМ (КОЛИЧЕСТВЕННЫЕ ЧИСЛИТЕЛЬНЫЕ)

Салыстырып отырған тілдерде есептік сан есімдер
жалпы заттың зат есімнен туған сындық белгінің немесе
іс-орекет, амалдың саны, сандық мөлшерін білдіру
үшін қолданылады. Олар тікелей саңдық мағынада
қолданылғанда, ешқандай морфологиялық езгерістерге
түспейді. Мысалы: Он екі кітап, жүз дәптер алынды. —
Купили     двенадцать     книг,     сто     тетрадей. Ал

субстантивтенген       жағдайда        сөз       түрлендіретін аффикстерді қабылдайды.

Мысалы: Беске алтыны қосқанда он бір болады.  —    К пяти прибавить шестъ, будет одиннадцать.

Қазақ тілінде есептік сандардың қатарына сан есімдердің өзге топтарының жасалуына негіз болатын табиғи сандар жатады.

Есептік сан есімдердің ішінде бір сөзінің алатын орны ерекше. Бір сезі есептік сан есімдерден жаңа создер жасайтын амал-тәсілдердің бәріне түгел қатысады, басқа қосымшалар арқылы да әр түрлі жаңа формалар жасайды. Бір сөзінен лексика-семантикалық тәсіл арқылы басқа сөз табына ауысқан формалар да бар. Мысалы: біреу келеді, біреу кетеді. Ол бір келді, бір кетті.

Орыс тілінде де один формасының орны ерекше. Один созі басқа соз табына ауысып, зат есім, сын есім, есімдік мағыналарын білдіре алады. Мысалы: Все за одного — один за всех. Мы учились в одной школе. К нам пришел один человек.

Сан есім ретінде один созі тек жекеше формада қолданылады. Ал көптік түлғадағы зат есіммен тіркескен жағдайда один сөзі көптік жалғауды қабылдауы мүмкін. Мысалы: одни хлопдты, одни брюки т.б. Одиң созі тек (род) формасы бойынша өзгере алады: один университет, одна школа, одно окно.

Жалпы орыс тілінде үштен мыңға дейінгі есептік сан есімдердің тек (род) категориясы жоқ. Тек (род) түлғасы один, одна, одно; два, две; оба, обе; полтора, полторы деген сан есімдерге ғана тән.

Орыс тілінде есептік сан есімдер зат есімдермен тіркескенде септеледі, көптеледі. Мысалы: один сын — пятеро сыновей — одному сыну — пятерым сыновьям т.б.

Два (две), три, четыре сакдары зат есімдермен ерекше тіркеседі. Егер олар Атау немесе Табыс септігінде түрса, зат есімдер жекеше форманың Ілік септігінде тіркеседі. Мысалы: два дома, четыре окна, три ученика. Но пять домов, сорок учеников.

Ал зат есімдер басқа сан есімдермен тіркескенде, көгшіе форманың Ілік септігінде қолданылады. Мысалы: пять домов, шестъ окон, семъ учеников т.б. Бірақ два, три, четыре сандары зат есімдердің ер (мужской), ортак (средний) тек (род) түлғаларьшен қатар сьш есімдермен тіркесіп берілсе, көбінесе көпше форманың Ілік септігівде қолданылады. Мысалы: два болъших окна, три широких кроватей т.б.

Орыс тілінде кейбір есептік сан есімдер сын есімдер сияқты септеледі: один, одна, одно, одни; ал кейбіреулері зат есімдер сияқты септеледі: пять, восемь, тридцатъ т.б.

РЕТТІК САНЕСІМДЕР (ПОРЯДКОВЫЕ ЧИСЛИТЕЛЬНЫЕ)

Реттік сан есімдер белгілі бір заттар мен кұбылыстардың сандық ретін білдіру үшін қолданылады. Қазақ тілінде реттік сан есімдер есептік сандарға -ыншы-інші аффиксін қосу арқылы жасалады: жетінші үй, бірінші бала т.б.

Реттік сан есімдер де өз мағынасында қолданылғанда, ешқандай озгеріске түспейді. Мысалы: екінші адамеа, бірінші оқушыларымды т.б.

Тек с^бстантивтенген жағдайда ғана оларға көптік, тоуелдік, септік жалғаулары қосылады. Мысалы: біріншілер келді, алтыншының аты-жөні т.б.

Орыс тілінде реттік сан есімдердің жасалуы күрделілеу. Олар есептік сан есімдердің түбіріне сын есім жалғауларының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: шесть — шестой, восемь — восьмой т.б.

Тек первый (один), второй (два) реттік сан есімдері басқа тәсілмек, яғки түбірлерінің озгеруі арқылы жасалады.

Ал елуден сексенге дейінгі есептік сан есімдерден реттік сан есімдер жасалганда, септік түлғасындағы есептік санның түбіріндегі соңғы жіңішке дауыссыз жуан дауыссызға айналады. Мысалы: пятьдесят — пятидесятый. семъдесят — семидесятый т.б.

Девяностый реттік сан есімі девяност негізінен жасалады. Сто есептік сан есімінен реттік сан есім сот деген негізден жасалады: сот+ый. Ал екі жүзден тоғыз жүзге дейінгі реттік сан есімдер Ілік септік түлғасындағы есептік сан есімдердің негізінен жасалады: двухсот+ый, пятисот+ый т.б.

Мың, миллион, миллиард, биллион т.б. есептік сан есімдерінен жүрнағы арқылы реттік сан есімдер жасалады: тысячный, миллионный т.б.

Реттік сан есімдер орыс тілінде сын есімдер сияқты септеледі, көптеледі, тек (род) формалары бойынша озгереді. Мысалы: шестой, шестые, шестая т.б.

Ал күрделі реттік сан есімдердің тек соңғы компоненттері септеледі, көптеледі, тек (род) формалары бойынша өзгереді. Мысалы: сто двадцатъ первый, сто двадцать первая, сто двадцать первые т.б.

Сан есімнің түлғалануы зат есімнің түлғасына теуелді болады: зат есім кай текте, қай септікте түрса, сан есім де сол текте (род), сол септікте түрады. Басқаша айтқанда, сан есім зат есіммен қиыса байланысады. Ал қазақ тілінде әзінің түлғалық дербестігін сақтап қалады, қабыса байланысады.

 

ЖИНАҚТЫҚ САН ЕСІМДЕР (СОБИРАТЕЛЬНЫЕ ЧИСЛИТЕЛЬНЫЕ)

Қазақ тілінде жинақтық сан есімдер бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге -ау(-еу) жүрнағы қосылуы арқылы жасалады: біреу, алтау т.б. Жинақтық сан есімдер үнемі субстантивтеніп жеке қолданылады. Мысалы: Екеуі келді. Үшеуіне айт.

Бүл сан есімдерге қазақ тілінде сөз түрлендіретін грамматикалық формалар қосыла береді, бірақ олар бәріне бірдей жалғанбайды. Мысалы, көптік жалғау тек қана   біреу  созіне   жалғанады.   Мысалы:   біреулер   келді (белгісіздік есімдігі).

Ал тоуелдік жалғаулары тек семантикалық ерекшеліктеріне карай жалғанады: үшеуің келіңдер, екеуміз барамыз т.б.

Егер жинақтық сандар сөйлемде баяндауыш болса, жіктіктің І-ІІ жағының қосымшалары ғана жалғанады: сендер бесеусіңдер, біз төртеуміз т.б. Ал септік жалғаулары жинақтық сан есімдердің жай түріне де, тәуелді түріне де жалғана береді. Мысалы: үшеуінің жагдайын біл. Алтауды анықта т.б.

Ал орыс тілінде жинақтық сан есімдер (собирательные числительные) екіден онға дейін болады. Төрттен онға дейінгі жинақтық сан есімдер -ер-о аффикстері арқылы жасалады. Мысалы: четверо, десятеро т.б. Орыс тілінде оба^ обе сөздері де жинақтық сан есімдерге жатады. Жинақтык сан есімдер орыс тілінде зат есіммен тіркесіп қолданылады. Мысалы: четверо детей, оба брата т.б. Бірақ жан-жануарлар атаулары мен өйел тегі (женский род) түлғасындағы зат есімдермен жинақтық сан есімдер тіркеспейді. Мысалы: две сестры, два вола т.б.

Ал двое, трое, четверо жинақтық сан есімдер тек көпше формадағы зат есімдермен Атау (Именительный), Табыс (Винительный) септік формаларында тіркеседі. Мысалы: двое щипцов, трое ножниц, четверо саней т.б. Ал басқа септік формаларында трех щипцов, четырем саням деген дүрыс болады.

БӨЛШЕКТІК САН ЕСІМДЕР (ДРОБ&ЪШ ЧИСЛИТЕЛЬНЫЕ)

Екі тілде де бул сан есімдер белгілі бір заттар мен Қүбылыстардың сандык бөлшегін білдіреді. Мысалы: алтыдан үш — три шестых, нөл бүтін оннан тогыз ноль Целых девять десятых т,б.    Қазақ   тілінде   бөлшектік сан есімдер қүрамы жағынан күрделі, олар есептік сан
есімдердің синтаксистік тәсілмен тіркесе айтылуы
арқылы     жасалады:   болшектік     сан     есімдердің

қүрамындағы сөздердің бірінші компоненті Ілік септік түлғасында түрады, екінші сыңары тәуелдік жалғаулы болып келеді: екінің үші, елудің он бесі т.б.

Сонымен қатар, бөлшектік сан есімдердің қүрамындағы сөздердің бірінші сыңары Шығыс септік түлғасында, ал екінші компоненті Атау септік түлғасында беріледі: отыздан елу, тоғыздан бес т.б. Сондай-ақ бөлшектік сан есімдердің қүрамыңдағы сөздердің бірінші компоненті Шығыс септік түлғасында, екінші компоненті Атау септік түрінде қолданылады. Ондайда «бөлігі» сөзі қосылып айтылады: бестен бір бөлігі, екіден бір бөлігі т.б. Қазақ тілінде болшектік мөнді білдіретін жарты, жарым, ширек деген сөздер де қолданылады.

Орыс тілінде бөлшектік сан есімдер есептік сан есімдердің реттік сан есімдермен тіркесуі арқылы жасалады: бірінші компонент ретінде есептік сан есім аталса, екінші компонент ретінде негізінен коптік форма, Ілік септік (Родительный падеж) түлғасындағы реттік сан есімдер айтылады. Тек одна есептік сан есім мен тіркескен жағдайда реттік сан есім жекеше форма Атау септік түлғасында келеді: одна вторая, одна шестая т.б.

Бөлшектік сан есімдер септелгенде, орыс тілінде бірінші компонент те, екінші компонент те септеледі. Мысалы: три пятых, трех пятых, трем пятым, тремя пятыми, о трех пятых. Ал қазақ тілінде басқаша үлгіде келеді: беспгің үші, бестің үшінің, бгстің үшінен т.б.

Орыс тілінде полтора деген болшектік сан есім
пол,  втора деген создердің бірігуі арқылы жасалған.
Бүл создің септелуі де басқаша:
И.п.  полтора ( полторы )       Д.п.  полутора

Р.п.   полутора                Тв.п.   полутора

В.п.  полтора  ( полторы )    П.п.  о полутора

Сонымен қатар, орыс тілінде бөлшектің ширегі цетверш сезімен де беріледі: четверть площади.

Ал қосарланған заттар пара сөзімен аталады: пара сапог, две пары перчаток т.б.

ТОПТАУ САН ЕСІМДЕР

Қазақ тілінде біркелкі заттар мен қүбылыстардың сан мөлшерін топтап көрсететін топтау сан есімдер деп аталатын ерекше топ бар. Олар есептік, жинақтық, болжалдық сан есімдерге -дан-ден; -тан-тен аффиксін қосу арқылы жасалады. Мысалы: екі жүзден, қырықтан т.б.

Морфологиялық   қүрамы   жағынан   топтау   сан

есімдері дара да, күрделі де болады. Дара түрі жеке сөздермен айтылады да, күрделі түрі сан есімдердің тіркесіп келуі арқылы немесе қосарланып келуі арқылы жасалады. Мысалы: жиырма екіден, қырық-елуден т.б.

Орыс тілінде сан есімдердің бүндай тобы жоқ, бірақ сан есімдердің топтық мағынасы есептік сан есімдердің -по предлогымен тіркесуі арқылы беріледі. Мысалы: по два, по двести т.б.

БОЛЖАЛДЫҚ САН ЕСІМДЕР

Қазақ тілінде сан есімдердін тағы бір тобы бар.
Олар белгілі бір заттар мен қүбылыстың сан молшерін
дәл атамай, түспалдап атайтын сөздер. Болжалдық сан
есімдер         -дай-дей,-тай-тей     жүрнақтары     арқылы

морфологиялық жолмен есептік сан есімдердің не жинақтық сан есімдердің қосарлануы арқылы жөне шақты, шамасы, тарта, жуық, шамалы, қаралы деген сөздермен тіркесуі арқылы синтаксистік жолмен жасалады, Мысалы: екі жуз алпыстай, екі — уш жылга, он шақты, елуге жуық т.б.

Болжалдық сан есімдер де тек субстантивтеніп қолданылған жағдайда ғана көптік, септік, тәуелдік жалғауларын қабылдайды. Мысалы: үш жүзге жақын, алпыстайын алды т.б.

Ал болжалдық сан есімдерге жалғанған көптік жалғаулары көптік мағына емес, болжалдау мағына береді. Мысалы: жиырмаларга келген шыгар т. б.

Орыс тіліне болжалдық сан есімдер Ілік септік (Родительный падеж) формасындағы есептік сан есімдердің около шылауымен тіркесіп келуі арқылы, есептік сан есімдермен жинақтық сан есімдердің қосарлануы арқылы беріледі: около пятисот^ два-три раза, двое-трое суток т.б.

Сонымен қатар, орыс тілінде болжалды сан есімдер под, свыше шылаулары, более сөзі жоне қосарланған сан есімдердің -по шылауымен тіркесуі арқылы беріледі. Мысалы: ей было под 40, свыше двадцати тысяч тенге, более девяти случаев, по четыре-пять книг т.б.

Екі тілде де барлық топқа жататын сан есімдер (қазақ тіліндегі болжалдьгқ сан есімдерден басқалары) субстантивтенеді. Осыған байланысты сөйлемде бастауыш, толықтауыш, баяндауыштың қызметін атқарады. Мысалы: Екінші бүрын келді. — Второй пришел раньше. Екі жерде екі — төрт. Дважды два — четыре. Он сегіз төртке тең бөлінбейді. — Восемнадцатъ на четыре без остатка не делится.

Сонымен қатар, сан есімдер екі тілде де анықтауыш пен пысықтауыштың қызметін атқарады. Мысалы: Сен екінші үйге тоқта. Ты оспюновисъ во втором доме. Оган күнде екі жүзден төлейді. — Ему платят каждый денъ по двести тенге.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *