Популяцияның негізгі қасиеттері:

Популяцияның  негізгі   қасиеттері:

Даралардың  кеңістікте  таралуы.

Популяциялардың  күйі  мен тіршілігі  популяцияның  жалпы санына  және  олардың  кеңістікте  орналасуына  байланысты. Популяцияны  құрайтын  даралардың   кеңістікте   таралуы  әр  түрлі  болуы  мүмкін .  Даралар  мен  олардың  топтарының таралуы  кездейсоқ,  бірқалыпты  және  топтық  болып  бөлінеді.  Ағзалардың  таралу типін  білудің   популяцияның тығыздығын іріктеп  алу әдісімен  бағалаудың   маңызы  зор.

          Іріктеп   алу —  популяция тығыздығын  бағалауға   арналған  эксперименттер қатарын атаймыз.

 Іріктеу санын   п-деп белгілейміз.Әр  іріктеудегі  даралардың  орташа  санын   т –деп  белгілесек ,  онда  даралардың  кеңістікте  таралу   сипатын  s2— дейміз.

                                  < ( m- x)2

                       S2=   — ————-  

                                         n-1

мұндағы:  s2  — таралу шамасы

                 х- шамасының  орташа  т  ауытқуы  ( дисперсия)

Бірқалыпты таралу   жағдайында s2 =0.  Себебі: әр іріктеудегі  даралар  саны  тұрақты  және  орташаға  тең.     Кездейсоқ  таралу  кезінде    орташа  т  мен  дисперсия  s2   тең (п- іріктеу  саны  жеткілікті  болғанда)

Топтық   таралу  кезінде  дисперсия  орташадан  жоғары  және  неғұрлым  жиналуға  қабілеті  күшті  болса  олардың  айырмашылығы  да  күшті  болады.     Даралардың  бірқалыпты  таралуы  табиғатта  өте  сирек  кездеседі .  Кездейсоқ  таралу  тек  біртекті  ортада   және  жиналуға  қабілеті  жоқ  түрлерде  байқалады.  Топтық таралу  табиғатта жиі  кездеседі.

Популяция  саны — берілген   территория   немесе  көлем  бірлігіндегі   даралардың   жалпы   саны.   Ол  еш  уақытта   тұрақты   болмайды   және   көбею    мен  өлімнің  интенсивтілігінің   қатынасына   байланысты. Көбею   процесінде   популяцияның   өсуі   жүреді  де ,   өлім  оның санының  кемуіне  әкеледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *