МЕН ҰЛТШЫЛМЫН!

МҰҚТАРБЕК АЙТ

МЕН ҰЛТШЫЛМЫН!

Мен ұлтшылмын, мен ұлтшылмын!
Ұлтсызданған елдегі,
Мәңгүрттенген ұлды көріп төрдегі,
Шағынатын бабасына көрдегі.

Мен ұлтшылмын, мен ұлтшылмын!
Еліктеуден есі кетіп ездері,
Ұлт қадірі құнсызданған кездегі.

Мен ұлтшылмын, мен ұлтшылмын
Ана тілін менсінбейтін елдегі,
Келімсегі тайраңдайтын жердегі.

Мен ұлтшылмын, мен ұлтшылмын!
Өз елімде тұрсам да
Ұлтшыл «атақ» тағылған.

Мен ұлтшылмын, мен ұлтшылмын!
Қазақ деген басым бар,
Мәңгүрт деген қасым бар.

Мен ұлтшылмын, мен ұлтшылмын!
«Құбыжықпын» сасыңдар,
Мен ояндым, мен ояндым қашыңдар!

Мен ұлтшылмын, мен ұлтшылмын!
Жалғыз ағаш емеспін мен шөлдегі,
Жалғыз қайық та емеспін мен көлдегі.
Үйірі бар,
Арындаған арғымақпын өрдегі.

Мен ұлтшылмын, мен ұлтшылмын!
Өрлеп келем көр мені.
Қанша жерден бөгесе де өр мені.

Мен ұлтшылмын, мен ұлтшылмын!
Мәңгі ұлт болу арманым,
Керек етпеймін, керек етпеймін қалғанын!

МӘҢГҮРТ болма — МӘҢГІ ҰЛТ бол!

Авторы: Мұқтарбек Тұрысбекұлы 05.12.2019 ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *