Келер шақ

Келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрган сәттен, мезгілден кейін болатынын білдіреді. Мысалы: Ол мектепке ерте бармақ. Сендер үйге келеңсіңдер. 
 
Бұл сөйлемдегі бармақ, келесіңдер деген етістіктер бару, келу қимылдарының әлі болмағанын, бірақ келешекте болатынын білдіріп тұр.
КЕЛЕР ШАҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ.
Келер шақ мағынасы мен жасалуына карай болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ және ауыспалы келер шақ болып үшке бөлінеді.
1. Болжалды келер шак.
Болжалды келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің болу мүмкіндігін айқын көрсетпей, болжай ғана айтылуын білдіреді.
Болжалды келер шақ етістіктің түбіріне есімшенің -ар, -ер, -р, болымсыз етістіктен кейін -с жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы үстелуі арқылы жасалады. Мысалы: Біз бар-ар-мыз. Сен оқы-р-сың сіздер кел-ме-с-сіздер.
Болжалды келер шақтын жіктелу үлгісі. 
 
                   
I. Жақ
II. жекеше                      
III. көпше 
 
бар-ар-мын, кел-ме-с-пін
бар-ар-сың, кел-ме-с-сің, 
 
бар-ар-сыз, кел-ме-с-сіз, 
 
бар-ар-, кел-ме-с-, 
 
барар-мыз, кел-мес-піз
барар-сың-дар, келмес-сің-дер барар-сыздар, келмес-сіз-дер барар-, келмес-, 
 
Ескерту: Болжалды келер шақ — с жұрнағы арқылы болымсыз етістіктен жасалғанда, қимыл, іс-әрекеттің болмауын болжай, күмән келтіре айтудан, білдіруден гөрі жігерлі, үзілді-кесілді мән беруге бейім болады: барма-с-пын, келме-с-пін. Кейде I жақ жіктік жалғауы -пын, -пін ықшамдалып -н түрінде ғана жұмсалады. Мысалы, бар-ма-с-пын — бар-ма-н, сөйле-ме-с-пін- сөйле-ме-н болып та колданыла береді. Мұндай тұлғалы етістіктер поэзияда жиі кездеседі. Ескі бише отырман бос мақалдап, Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап (Абай).
2. Мақсатты келер шақ.
Мақсатты келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді.
Мақсатты келер шак етістіктің түбіріне -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пак,, -пек жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы үстелуі арқылы жасалады. Мысалы: Мен ауылға бар-мақ-пын, Сіз ерте кет-пек-сіз.
Етістіктің -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнағынын үстіне -шы, -ші жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы үстеулі (жіктелуі) арқылы да мақсатты келер шақ жасалады. Мысалы: Мен ауылға бар-мақ-шы-мын. Сен ерте кет-пек-ші-сіз.
Мақсатты келер шақтың болымсыз түрі -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек, және -шы, -ші тұлғалы негізгі етістікке емес деген көмекші етістіктің тіркесуі арқылы жасалады. Ондайда жіктік жалғау емес көмекші етістігіне жалғанады. Мысалы: кел-мек-ші, емес-пін, бар-мақ емес-сің.
Мақсатты келер шақтың жіктелу үлгісі. 
 
Жақ                    жекеше                           көпше
I. Бармақпын, бармақшымын бармақпыз, бармақшымыз
бармақсыңдар, бармақшысың-дар
II. бармақсың, бармақшысың бармақсыздар
бармақсыз, бармақшысыз бармақшысыздар
III. бармақ-, бармақшы-, бармак,-, бармақшы-.
3. Ауыспалы келер шақ.
Ауыспалы келер шақ та ауыспалы осы шақ сияқты -а, -е, -й жұрнақты көсемшенің жіктелуі арқылы жасаладьг. Сондықтан ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы шақ бір-бірінен сөйлемдегі мағынасы жағынан ажыратылады. Мысалы: Ол нағашысының қолында тұрады. Келемін тау ішінде тунделетіп… деген сөйлемдердегі тұрады, келемін етістіктері ауыспалы осы шақ мағынасын білдіріп тұр. Ол ертең тұрады. Ауылға меп кешке келемін деген сөйлемдердегі тұрады, келеміп етістіктері ауыспалы келер шақ мағынасын беріп тұр.
Ауыспалы келер шақтык ауыспалы осы шақтан айырмашылығы сөйлемде мезгіл мәнін білдіретін басқа сөзден де байқалып отырады. Жоғарыдағы мысалдағы ертең және кешке сөздері осындай мән беріп, қызмет атқарып тұр.
Мына мысалдарды салыстырып көріңдер.
Осы шақ келер шақ
Ол мектепте окиды. Ол сабағын кешке оқиды.
Бұл жерде ағаш өседі. Ағаш бұл жерде күтсе ғана өседі.
Мен ылғи ерте тұрамын. Мен ертең ерте тұрамын.
Ол өлең жазады. Өлеңді ол есейгенде жазады.
Ескерту: Ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы шақта I жақ жіктік жалғауы (-мын, -мін) кейде ықшамдалып, -м түрінде жалғанады: айт-а-мын,— айт-а-м, кел-е-мін — кел-е-м, сөйле- й-м.
Бірінші жақтың мұндай ықшамдалып қолданылуы көбіне ауызекі сөйлеу тіліне тән.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *