ХХ ғасырдағы адамзаттың санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды. Соңғы 100 жылдағы өсімге Жердегі қазір өмір сүретін адамдардың ¾-і сәйкес келеді. Ғасырдың екінші жартысында әр он жыл сайын жылдық өсім шамамен 10 млн.-ға артып отырды. 50-жылдары 53,3 млн. болса, 60-жылдарда -66,7 млн.,70-жылдарда – 70,3 млн., 80-жылдарда- 86,4 млн., адам. Адамзат тарихы мен эволюциясының ерекше факторынан басқа халық санының шектен тыс артуын эпидемиялар мен аштықтан болатын өлім санының кемуімен түсіндіруге болады. ХХ ғасырда аталған факторларға гигиеналық және медициналық жағдайлардың жақсаруына байланысты дамушы елдердегі бала өлімінің кемуі де қосылды 1990-1995 жылдары дүние жүзіндегі жалпы туу коэффициенті — 24,6 % дейін кеміді, жалпы өлім коэффициенті 9,8 % болса , табиғи өсім коэффициенті – 14,8 % құрады. Қазір көбеюдің шамамен осындай көрсеткіштері сақталуда. Әр минут сайын жерде 270 бала өмірге келсе, әр жастағы 110 адам өледі де дүние жүзі халқы 160 адамға өсіп отырады.Әр түрлі елдер мен континенттердің халық санының өсуіне қосқан үлесі әр түрлі. Абсолюттік саны бойынша ең үлкен өсімі ірі азиялық елдер — Қытай, Үндістан, Индонезия берсе, ал ең жоғарғы өсу жылдамдығы Африка мен Латын Америкасында байқалған