Есімдіктер — The Pronouns

 

Есім сөздердің (зат есім, сан есім, сын есімнің) орнына жүретін сөз табы есімдік деп аталады.

Есімдіктер мағынасына қарай мынадай топтарға бөлінеді: жіктеу есімдіктері, тәуелдік есімдіктер, өздік есімдіктері, сілтеу есімдіктері, белгісіздік есімдіктері, сұрау есімдіктері.

 

Жіктеу есімдіктері (personal pronouns)

Жақ

Атау септігі

Объектілі септік

Жекеше түрі

1

I

мен

me

маған, мені, менде, менімен, менен

2

you

сен

you

саған, сені, сенде, сенен, сенімен

сіз

сізге, сізді, сізде, сізден, сізбен

3

he

ол

him

 

оған, оны, онда, одан, онымен

she

ол

her

іt

ол

it

Көпше түрі

1

we

біз

us

бізге, бізді, бізде, бізден, бізбен

2

you

сендер

you

сендерге, сендерді, сендерде, сендерден, сендермен

сіздер

сіздерге, сіздерді, сіздерде, сіздерден, сіздермен

3

they

олар

them

оларға, оларды, оларда, олардан, олармен

 

Атау септігінде тұрған жіктеу есімдіктері бастауыш қызметін және атау тұлғалы баяндауыш қызметін де атқарады:

We live in a small town.                                     Біз  кішкентай қалада тұрамыз.

(бастауыш)

It is I.                                                                  Бұл мен.

(атау тұлғалы баяндауыш)

Объектілі септікке тұрған жіктеу есімдіктері толықтауыш қызметін атқарады және етістіктен кейін тұрады.

Объектілі септікке тұрған жіктеу есімдіктері тура толықтауыштың қызметін атқарады, қазақ тіліндегі барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің есімдіктеріне сәйкес келеді.

I met them at the station.                                  Мен оларды станциядан күтіп алдым.

(табыс септігі)

He showed her the picture.                              Ол суретті оған көрсетті.

(барыс септігі)

This article was translated by her.                   Мына мақала онымен аударылды.

(көмектес септігі)

He, she есімдіктері жанды зат есімдердің орнына қолданылады. It есімдігі жансыз зат есімдердің орнына қолданылады.

They есімдігі көпше түрде жанды да, жансыз да зат есімдіктерді ауыстырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *