Екі тілдегі сөздердің морфологиялық құрамы

 

Дәріс жоспары:

 

1.Морфема туралы түсінік..

  1. Түбір. Жұрнақ. Жалғау.
  2. Постфикстер.

Мақсаты:   Екі тілдегі морфемалардың көрінісі.Орыс және қазақ тілдердегі түбір,жұрнақ, жалғау. Орыс тіліндегі префикс.

Мазмұны:

Қазақ тілінде де, орыс тілінде де сөздің тұлға-тұрпаты (құрылымы) оныц лексикалық және грамматикалық сипаттары-мен байланысты. Осы себептен сөздер морфологиялык кұрылысы жағынан әрқилы болып келеді. Сол әр түрлілік сөздердің кұрамдарының әр түрлі болуына байланысты да, сөздің құрамының түрлі-түрлі болуы оның бөлшектеріне байла-, нысты. Осындай сөздің лексикалық, грамматикалық мағыналарын білдіретін бөлшектер морфемалар деп аталады. Морфемалар түбір морфема, яғни сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең түпкі негізі, қосымша морфемалар, яғни түбірге қосылып, оған қосымша магыналар үстейтін морфемалар деп бөлінеді.

Қазақ тілінде түбір морфема ездігінен жеке тұрып се-мантикалық жағынан да, қызметі жағынан да дербес сөз бола алады.

Ал  орыс  тілінде сөз түбірі  көбінесе  дербес  мағына білдіре алмайды іуч-и — ть, об -уч — е — ни — е). Қазақ   тілі   агглютинативті   тілдер   тобына   жататындыктан. бірнеше косымша бірінен соң бірі жалғана береді. А; орыс тілі флективті тілдер тобына жатады. Флективті тіл де геніміз сөз түлғаларының жалғау арқылы әзгеруі. Осыған бап ланысты екі тілдің грамматикалық қүрылымында төмендегідег айырмаіиылыктар бар:

1, Қазақ тілінде аффикстер бір мағынаны ғана білдір-алады:усигел + дер + дің. Орыс тілінде аффикстер көп магыналы, яғни бір аффикс бірнеше граммати-калық мағына білдіре алады: стол — ов, -ов жалғауы 3 мағынаны білдіреді: көпт. мағына (мн.ч.), І.с (Р.п.), ер тегін (муж.р.). Қазақ тілінде де кейбір қосымшалар көп мағыналы болып келеді: барайық, аталгыз. Мұнда -йың — 1-жак, көпше, -мыз — 1-жақ, көпше. Бірақ бұл қазақ тілінде сирек кездесстін құбылыс.

  1. Қазақ тілінде бір грамматикалык мағына бірнеше
    вариантты бір аффикспен ғана беріледі. Ал орыс
    тілінде бір грамматикалық мағынаны бірнеше
    жалғаумен беруге болады:

а) мәселен, стол+ы^ тетрад+и, пол+я, девчат+а.

Бүл    сөздерде    көптік    мағына    -ы,    -и,    -я,    -а жалғауларымен берілген.

Қазақ тілінде көптік мағына тек   -лар қосымшасы

арқылы ғана ( фонетикалық варианттары -лер,

тар, -тер, -дар, -дер ) беріледі;

ә)   стол+у,   кон+ю,   парт+е,   географи+и.   Б.с.

мағынасы -у, -ю, -е, -и жалғауларымен берілген.

  1. Қазақ тілінде жалғаулар дербес мағыналы түбірге жалғанады. Орыс тілінде жалғау көбінесе дербес мағынасы жоқ түбірге жалғанады (окн+о, окн+а, окн+у т.б.).
  2. Қазақ тілінде жалғаулардың түсіп қалуы деген жоқ (устел+дер+дің). Орыс тілінде көп мағыналы жалғаулар жалғанған жағдайда, басқа жалғаулар түсіп қалады (стол+ов, -ов — коит. мағ., І.с; стол+а, стол+ы (-а, -ы түсіп қалған).
  3. Қазақ тілінде түбір морфема өзгермейді. Ассими-ляцияға байланысты түбір морфема өзгерген жағдайда да грамматикалык мағынасы өзгермейді. Орыс тілінде түбір морфема өзгерсе, грамматика-лық мағына да езгереді (избегать избежать; цашу — қутылу).

Бұл қүбылыс орыс тілінде ішкі флексия немесе фузия деп аталады. Ал қазақ тілінде өзгеріске үшырамайтын түбір морфемаға аффикстерді жалғау тіл білімінде агглютинация деи аталады.

Жоғарыда келтірілген жағдайларды төмендегідей түйіндеуге болады: Аффиксация екі тілде де бар. Бірақ бір-бірінен айтарлықтай айырмашылықтары бар. Бүл ең алдымен аффикстердің жалғану тәсіліне және ретіне байланысты. Мәселен, орыс тілінде жүрнақ түбірге кіріге жалғанады және оң жағынан жалғанады. Түбірдің сол жағынан сөз алды қосьшшасы (приставка) қосылады. Осының салдарынан түбірдің дыбыстық құрамы айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды (выпадение, чередование звуков). Мұны былайша көрсетуге болады:

Орыс тілінде бір түбірге бір ғана жұрнақ қосылатыны содан (бір түбірге екі немесе үш жүрнактың қосылуы сирек кездеседі). Жалпы, орыс тілінде қосымшаның көп мағыналы болуы да осы-дан. Ал қазақ тілінде қосымша түбірге орыс тіліндегідей кірікпейді, тіркесе жалғанады және тек оң жағынан ғана3 жалғанады. Тіркесе жалғанғандықтан бір түбірге бірнеше жүрнақ және бірнеше жалғау бірінің үстіне бірі қабаттасып жалғана береді. Бұны былайша көрсетуге болады:

Мысалы: егіншілерімізді, басқармадагыларга.

Сонымен, орыс тілінің грамматикалық қүрылымында айтарлықтай морфологиялық ерекшеліктер бар екендігі байқалды.

Осыган байланысты    морфемаларды жеке-жеке қарастырған жөн сияқты.

Тү б ір (Корень)

Қазақ тілінде түбір морфеманың дербес мағынасы болады, негізінен түбір езгеріске ұшырамайды дедік. Кейбір дыбыстардың позициялық өзгерісі де сөз мағынасын өзгертпейді (тарақ тарагъш).

Ал орыс тілінде түбір морфеманың дербес мағынасы жоқ (улица, улочка, проулок, переулок, закоулок).

Екі тілде де сөздің негізі тек түбір морфемадан тұруы мүмкін және бүл бөлшек негізгі түбір деп аталады, Жалғау мен форма тудырушы жұрнақты алып тастаса, сөздін негізі деп ата латын белшек шығады. Бірақ орыс тіліпде сәздің негізі ме түбір морфема айқын біліне бермейді. Мысалы: орыс тілінде етістіктің 2 түрлі түбірі болады:

  1. Тұйық етістік формасы.
  2. Осы шақтың түбір формасы. Мысалы: бра-ть, бра-л, бра-ші-ш, вы-бря-нн-ый;

Бер-у, бер-еиіь, бер-ет, бер-и, бер-те, бер-ущ —ий, бер-я. Ал кейде негізгі түбір мен түбір морфема бір болады: н^с-ти, нес-у.

Қазақ тілінде де, орыс тілінде де түбір морфема мен сөз тудырушы қосымша морфемадан тұратын сөздің негізі туынды түбілдеп аталады.

Орыс тілінде кейде туынды түбірдің құрылымы күрделі болады (да+ть, да+ва+ть, по+<)а+ва+ть, пре+по+оа+ва+ть, пре+по+да+ва+тель, пре+по+йа+ва+тель+ск+ая).

Жұрнак   (Суффиксы)

Салыстырып отырған тілдерде туынды түбірдің қүрамына түбірден басқа сөз тудырушы аффикстер кіреді. Екі тілде де негізгі сөз тудырушы аффикстерге жұрнақтар жатады (сез+гіш, сез+ік; цуб+ок, дуб+нн+а, дуб+о«+ый). Қазақ тілінде де, орыс тілінде де онімді, өнімсіз жүрнақтар бо-лады. Жаңа соз тудырушы жүрнақтар өнімді жүрнақтар деп аталады.

Мысалы:

-ость (грандиозн+ость, многолюдн+ость);

  • ец (бор+ец, продав+ец);
  • шы-ші (колхоз+шы, кой+шы);
  • лас-лес; дас-дес; тас-тес (ел+дес, ат+тас);

Жаңа сөз жасау барысында сирек қолданылатын жұрнақтар өнімсіз жүрнақтар деп аталады:

  • ыръ (пуст+ыръ);
  • нъ (руга+нъ);
  • ім (біл+ім);
  • ын (жау+ын).

Екі тілдегі жұрнақтарды былай топтастыруға болады: Аталған тілдерде жұрнақтар сөз тудырушы және форма тудырушы кызмет атқарады. Мысалы: ауыл+дық, аул аулъный.

  1. Мағынасына карай жұрнақтардың бір тобы бір ғана мағьшаны білдіріп, тар мағыналы болып келеді, ал енді бір тобы көп мағыналы болады, яғни екі тілде де моносемантикалық және полисемантикалық жұрнақтар бар:

&) су-лы — водян-ист-ый; май-лы — маслян-ист-ый; ә) дос-тъщ, жақсы-лық, орын-дьщ, үш-тік, аудан-дъщ; уче-ник, чай-иик.

  1. Екі тілде де контекске байланысты колданылатын функционалды жұрнақтар бар. Бірақ олар лексема ретінде дербес қолданылмайды. Мысалы: бір қайнат-ым шай, таяқ тастам жер, молот-кас-тый, сер-пас-тый; Екі тілде де синонимдік, омонимдік мағынада колданылатын жұрнақтар бар. Мысалы:

а) уйқы-шыл; тер-шең; шай-қор; ананас-н-ый, ана-нас-ов-ый, грав-ер, гравиров-щик. ә) Малды колхоз бай -Жартасқа бардым.Дом-ин-а, изюм-ин-а, кон-ин-а. Қазақ тіліне антонимдік мағынадағы жұрнақтар тән. Мысалы: белгі-лі белгі-сіз; орын-ды — орын-сыз.

Жалғау (Флексия)

Қазақ, орыс тілдеріндегі флексияға байланысты айыр-машылықтар төмендегідей:

  1. Орыс тілінде бір жалғау бірнеше мағына білдіре алады (слово — слова — слов — жекеше тұлға (ед.ч.), ортак тек (ср.р.) (о); жекеше түлға (ед.ч), ортақ тек (ср.р.), І.с. (Р.п.) (а); І.с., көпт. түлға (мнч.), І.с. (Р.п.), нөлд. жалғау.
  2. Орыс тілінде бір мағынаны білдіретш жалғаудьщ бірнеше тұрі болады (көнт. жалғау: слов-а, книг-и, сіпол-ы).
  3. Орыс тілінде кейде кейбір жалғаулар сөз тудыру-
    мен қатар форма тудырушы да қызмет атқарады (суп-
    руг — супруг+а, Валентин — Валентин+а).
  4. Грамматикалық мағынасы мен қызметіне қарай екі
    тілде де жалғаулар бірнеше топқа бөлінеді:

а)           көптік жалғаулары. Орыс тілінде септік
жалғаулары септік мағынамен қатар жекеніе,
көпше мағынаны да білдіреді: села, города — сел,
городов;

ә) орыс тілінде жақ мағынасы мен жекеше, көпше мағына етістіктің жіктелетін түлғаларының жалғаулары арқылы беріледі (сиж-у, сид-іш, сид-ишь, сид-ите, сид-ит, сид-ят);

б)        тәуелдік жалғау (орыс тілінде жоқ);

в)        септік жалғау екі тілде де бар.

Орыс тілінде барлық есім сөз таптарына септік жалғауы жалғанады. Қазақ тілінде де есім сөздер септік жалғауларын қабылдайды. Орыс тілінде әр септік жалғауы бірнеше мағына білдіреді (тек (род), жекеше (ед.ч.), көпше (мн.ч.), септік мағына).

г)        жіктік жалғау.

Орыс тілінде есім сез таптары жіктелмейді. Тек етістіктер ғана жіктеледі. Қазақ тілінде етістіктермен қатар кейбір есім сөздер де баян-дауыштың қызметін атқарады.

Сөз   алды   қосымша(Префикс)

Орыс тілінде сөз тудырушы, форма тудырушы косымша морфемалардың бірі ретінде сөз алды қосымша (пре-фикстер) аталады. Префикс дегеніміз түбірдің алдында түратын сөз тудырушы, форма тудырушы морфема. Мысалы: ло-иск, вы-ход; делать — сделать т.б. Орыс тілінде сөз алды қосымшалар ^пре^икстер) кеиде сөздщ грамматикалық, лексикалық Мағынасын да озгертеді. Мысалы: ня-писал, пере-иясш т.б.

Ал қазақ тілінде сөз алды қосымшасы жоқ, тек кірме ^өздерде -на, -ои, -оеи сөз алды қосымшалары кездеседі және олар тек большсыздық мағынаны білдіреді: бенмаза, бейшара, бейтарап, нахақ, наразы т.б.

Жалғаудан кейінтұратын қосымшалар (Ностфикстер)

Д.Түрсынов, Б.Хасанов, К.Бейсембаева т.б. ғалымдар орыс тілінде сөз тудырушы морфема ретінде тек сөз алды қосымшалар мен жұрнақтарды атаса, С.Исаев, Г.Нуркина қосымша сөз тудырушы морфемалар құрамына аффиксоидтерді, постфикстер мен ишерфикстерді де енгізеді. Постфикс — жалғаудан кейін тұратын, сөз тудырушы және грамматикалық мағынасы бар қосымша морфема (-ся, -те, -нибудъ, -таки, -ка, -либо). Мысалы, постфикстер белгісіздік есімдіктер жасайды (кто-нибудь, кто-то, какой-нибудъ, кто-либо т.б.).

Сонымен қатар постфикстер сөздің формасын да туды-рады (пойдем-те, напиши-те; мыть — мыть-ся, держать держать-ся т.б.).

Қазақ тілінде ауылдагы, уйдегі дегендерде -да, -де -Жатыс септіктің жалгауы. Ал -ғы, -гі — зат есімнен сын есім жа-сайтын жұрнақ (ңыс+ңы, жаз+гы). Осыкы постфикс деуге бо-латын сияқты.

Аффиксоидтер және  интерфикстер

Орыс тілікде сөз тудыру функциясын атқаратын аффик-стер мен түбір морфемадан ерекшеленетін, түбірден кейін де, түбірдің алдында да түратын аффиксоид деп аталатын сөз бөлшектері бар, оғаи -пол, -горе, -стан сияқты элеменггер жата-ды.    Мысалы:    Казах-стан,    горе-учитель,    полу-мера,    полу-

Интерфикс деп күрделі, біріккен сездерді қосып тұратын дауысты дыбыстар аталады. Интерфикстер о, е, и, ех формаларында біріккен сөздерде кездеседі: семилетка, трех-кратный, водопад, сталевар т.б. Кейбір тілші-ғалымдар (И.Моисеев т.б.) интерфикске -ан, -итан сияқты сирек кездесетін сөз бөлшектерін де жатқызады. Мысалы: американский, неаполияшнский т.б.’

Тағы бір топ ғалымдар сөз тудырушы аффикстерге нөлдік аффикстерді де жатқызады. Нөлдік қосымша деп ешқандай дыбыспен белгіленбейтін бөлшекті атайды2(0). Мыса-лы: нет ламп — кепт. форма, Ілік септік, 0.

Қазақ тілінде де грамматикалық 0 форма кездеседі. Мы-салы: ол студент, кеше келген т.б.

            Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Орыс тіліндегі ішкі флексия деген не?
  2. Орыс және қазақ тілдеріндегі түбір морфема.
  3. Орыс және қазақ тіліндегі жұрнақтар.
  4. Қазақ және орыс тілдеріндегі флексияға байланысты айырмашылықтары.
  5. Орыс тілндегі префикс.
  6. Орыс тіліндегі постфикстер.
  7. Аффиксоидтер және интерфикстер.

Әдебиеттер: 1,2,4,6,7,9,10,12.

4 тақырып: Қазақ және орыс тілдеріндегі сөзжасам жүйесі

Дәріс жоспары:

  1. Синтетикалық тәсіл.
  2. Аналитикалық тәсіл.
  3. Лексика-семантикалық тәсіл.

Мақсаты: Қазақ және орыс тілдеріндегі синтетикалық тәсіл арқылы сөздердің жасалуы. Аналитикалық тәсіл сөздердің жасалуы. Лексика-семантикалық тәсіл арқылы сөздердің жасалуы.

Мазмұны:  Сөзжасам тілдегі сөз жасау процесімен байланысты барлык қүбылыстар мен заңдылықтарды зерттейді. Тілдін сөзжасам жүйесінің күрделенуі, баюы, толығуы көбіне сөзжасаушы жүрнақтардың мағыналық күрамының кеңеюі арқылы болады. Сөзжасам дербес тілдік үрдіс ретінде сөз қүрамының толығуына, баюына әсер етіп, жаңа лексикалық бөлшектер тудырады. Жаңа сөз әртүрлі әдіс, тәсілдер аркылы жасалады. «Сөз тудыру дегеніміз — жаңадан сөз жасау заңдары мен ережелерінің жинағы» — дейді А.Ысқақов.’ Қазақ тілінде негізінен дәстүрге айналған 3 түрлі тәсіл белгілі:

  1. Синтетикалык (морфологиялық).
  2. Аналитикалық (синтаксистік).
  3. Лексико-семантикалық.

Ал С.Исаев пен Г.Нуркина бүл тәсілдерге қоса аралас. лексико-морфологиялық, морфолого-синтаксистік, лексико-синтаксистік тәсілдерді қоса атайды.

Орыс тілінде негізгі сөз жасау тәсілдері төмендегідей:

  1. Лексико-семантикалық.
  2. Лексико-синтаксистік.
  3. Морфологиялық,
  4. Морфолого-синтаксистік.

Сонымен, екі тілдегі сөз жасау тәсілдерінде айтарлыктай ерекшелік жок, Бірақ сөз жасау қосымшаларында айырмашы-лықтар бар. Осыған байланысты әр тілдің сез жасау тәсілдерін салыстырып қарастырған жөн.

  1. Синтетикалық тәсіл

Екі тілде де бүл ең өнімді тәсіл. Синтетикалык тәсілдің ерекшелігі — сөз тудырушы морфемалар косылып, жаңа мағыналы сөз тудырады, сөз тудырушы морфемалардың ең кең тараған түрі — жүрнақ.

Сөз тудырушы жұрнақтар форма тудырушы жұрнақтардан се-мантикалық қасиетімен ғана емес, грамматикалық қасиетімен дс ерекшеленеді.

В.А.Белошапкова орыс тілінде сөзжасамның  мына екі негізгі тәсілін атайды:

  1. Жұрнақ аркылы жасалу (Аффиксалькый способ).
  2. Жұрнақсыз жасалу (Безаффиксный способ). Қосымша морфема арқылы сөз жасау тәсілі (Аффик-

сальный способ) іштей төмендегідей бөлінеді:

  1. Жұрнак арқылы сөз жасау (Суффиксальный спо-
    соб). Бұл тәсіл арқылы барлық сөз таптары жасала-
    ды.
  2. -О, -е дауыстылары арқылы түбірдің бірігуі мен
    жұрнақтьщ қосылуы арқылы сөз жасау (Сложно-
    суффиксальный способ): канатоходе^, землепрохо-
    дец т. б.
  3. Сөз алды қосымша арқылы сөз жасау (префиксаль-ный способ): яри+город, контр+аіша т. б.
  4. Сөз алды косымша мен жұрнақ арқылы сөз жасау (префиксально-суффиксальный). Бүл тәсілдің өзі іштеи екіге бөлшеді.

а) шылау (предлог) тіркескен зат есімге сөз алды қосымша (приставка) мен жүрнақтың қосылуы арқылы: без денег — бездтежн+ый, под окном —подокон+ник т.б.

ә) кез келген сөз табының түбіріне сөз алды қосымша (приставка) мен жүрнақтың қосылуы арқылы: сокурсник, переносица т.б,

  1. Нөлдік жұрнақ (нулевая суффиксация) тәсілі тек қзна етістік пен сык есімнен зат есімдер жасауда қолданылады: приход, синь, гниль, заика т. б.
  2. Сөз алды қосымша мен нөлдік жұрнақ аркылы (префиксация в сочетании с нулевой суффиксаци-ей): седой — проседь, синий — просинь т.б.
  3. -О, -е дауыстылары арқылы түбірдің бірігуі мен
    нөлдік жұрнак аркылы (сложение в сочетании с ну-
    левой суффиксацией): зубоскал, белозубый, блюдо-
    лиз
    тб.
  4. Қосымшасыз тәсіл (Безаффиксный способ)

В.А.Белошапкова қосымшасыз тәсілдің 4 түрін атайды:

  1. Түбірдің бірігуі (чистое сложение). Бүл тәсіл мы-
    надай компоненттер арқылы жасалады:

а) екі түбірдің интерфикс арқылы бірігуі: лесо^ степь, морозоустойчив;

ә) интерфикссіз: вагон — ресторан, диван — кровать;

  1. Түбірдің бірігуі (сращение). Сөз тіркестерінің бірігуі арқылы жасалады: быстро растворимый быстрорастворішый, играющий долго — долгоиг-рающий.
  2. Қыскару (аббревиация). Тек зат ссімдерден жасала-ды. Аббревиатуралар жасалу жолдарына қарай бірнеше түрге бөлінеді:

а)         бас әріптерден түратындар: СНГ, ЮНЕСКО;
ә) буындардан түратындар: колхоз, сельхоз;

б)        бірінші сөздің бөлшегі мен келесі сөздің
түбірінен түратындар: детсад, подлодка;

в)         бірінші сөздің бастапқы дыбысы мен келесі
сәздің бастапқы буынынан түратындар: ИМЛИ —
институт мировой литературы;

г)         бірінші сездің бас буыны мен келесі сөздің
ақырғы буынынан түратындар: радио станция рация, мо/то вслосн/пед —мопед.

Бүл тәсіл орыс тіліне батыс европа тілдерінің ықпалымен қазан төңкерісінен кейін енген.

  1. Усечение — аббревиация тәсілінің ықпалымен пай-
    да болған тәсіл. Ауызекі тілге тән: заместитель —
    залі, ліигнишофон
    ліаг.

Жоғарыда аталған тәсілге қазақ тілінде аналитикалық тесіл сәйкескеледі.

Аналитикалық тәсілдің төмендегідей ішкі түрлері бар:

  1. Сөзкосым.
  2. Қосарлану.
  3. Гіркестіру.
  4. Қысқарту.

 Сөзқосым тәсілі арқылы қазақ тілінде екі не одан да көп түбір сөздер біртұтас дыбыстық құрамға қосылып, бір лексикалық мағына беріп, бір ұғымды білдіріп, бір лексикалық единица жасайды: бас-пасөз, көлбақа.

Қазақ тілінде орыс тіліңдегідей сөз бен сөзді бай-ланыстырушы элементтер жоқ, күрделі сөздердің ком-поненттері бірімен-бірі бірігіп, қосылып кетеді. Күрделі сөздердің компонеіптері фонетикалық өзгерістерге ұшырап, кейде формалары өзгеріп, соған сәйкес лексикалық мағынасы да езгеруі мүмкін: бел+беу (бел — бау).

  1. Қайталама қос сөздердің жасалу тәсілі қазак тілінде
    жиі кездеседі, орыс тілінде де бұл тәсіл кездеседі, бірақ сирек.
    Қайталама кос сөздер антонимдік түсінік білдіреді. Мысалы:
    жақсы-жаман, ерте-кеш, алыс-жақын, кәрі-жас т.б.

Қазақ тілінде қосарлама қос сөздер бар. Олар қайталама қос сөздерден магыналарымен, жасалу тәсілімен ерекшеленеді (аяқ-табақ, журіс-турыс — (житъе-бытье, посуда).

Орыс тілінің әсерімен қазақ тілінде де сөз қысқарту тәсілі қалыптасып келеді (АҚШ, ҚазҮУ).

Қазак тілінде аналитикалық тәсілдің тіркесу түрінің әр сөз габының сөзжасам жүйесінен алатын орны әр түрлі. Бұл тәсіл сан есіхМ сөзжасамында негізгі тәсіл болып саналады.

  1. Лексика — семантикалық тәсіл

Лексика-семантикалық тәсіл дегеніміз белгілі бір сездердің жаңа мағынаға ие болуы, омонимдік қатарда келуі. Сондай-ақ, прономинализация құбылысы арқылы, яғни сөздердің бір сөз табынан баска сөз табына ауысуы арқылы жаңа сөздің пайда болуы, кейбір сөздердің өз мәнін жоғалтып, не болмаса мағынасы әлсіреп баска сөз табына ауысуы жиі кездеседі

Бұған кірме создер де жатады: рентген, меценат.      Бүл тәсілдің барьш алғаш рет В.Виноградов атап көрсеткен, бірак орыс тілінде бүл тәсіл басқа тәсілдерге қарағанда сирек қолданылады.

Лексика-семантикалық тәсілді кейбір ғальшдар (Б.Оразбаева, Ф.Ғаниев т.б.) өте көне тәсіл деп санайды.

Ал енді бір ғалымдар (Ғ.Сәдуақасов т. б.) бүл жолды сөзжасамға тән тәсіл деп есептемейді. Олардың пікірінше, сөзжасамда жаңа сөздер аффиксаңия жолымен ғана жасалады.

М.Балакаев, Қ.Есенов т.б. ғалымдар лексика-семантикалық тәсіл, көбінесе, омонимдік қатарда кездесетін сөздер арқылы жасалады дейді1.

С.Исаев пен Г.Нуркинаның пікірінше, бүл тәсіл қазак тілінде кеңінен колданылады: стол — устел, кроватъ — кереует, ац ~ белый, ак молочный продукт т. б.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  • Орыс тіліндегі ішкі флексия деген не?
  • Орыс және қазақ тілдеріндегі түбір морфема.
  • Орыс және қазақ тіліндегі жұрнақтар.
  • Қазақ және орыс тілдеріндегі флексияға байланысты айырмашылықтары.
  • Орыс тілндегі префикс.
  • Орыс тіліндегі постфикстер.
  • Аффиксоидтер және интерфикстер.
  • Қазақ және орыс тілдеріндегі синтетикалық тәсіл.
  • Қазақ және орыс тілдеріндегі аналитикалық тәсіл.
  • Қазақ және орыс тілдеріндегі лексика-семантикалық тәсіл.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *