Демеуліктер (Предлогтар)   Prepositions

 

 

Қазақ тілінде предлог деген ұғым жоқ, ол қазақ тіліндегі демеулік ұғымына сәйкес келеді. Демеулік дегеніміз сөз алдынан келетін көмекші сөздер.

Ағылшын тілінде демеуліктер сөйлемде екі түрлі қызмет атқарады:

  1. Заттардың кеңістікте орналасуын, іс-әрекеттердің уақытқа қатынасын, істің себеп-салдарын көрсетеді;
  2. Ағылшын тілінің дамымаған жалғау, жұрнақтарының қызметін атқарады.

Демеуліктер бірінші қызметінде қазақ тілінің көмекші есімдеріне ұқсайды. Ал екінші қызметіне келсек, қазақ тілінен аударғанда септік жалғаулары демеуліктер арқылы беріледі.

Мысалы:

  1. ілік септіктің –ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің жалғаулары of арқылы беріледі: the book of the brother. – ағамның кітабы.
  2. барыс септіктің –ға, -ге, -қа, -ке жалғаулары to арқылы беріледі: They went to Almaty. – Олар Алматыға кетті.
  3. шығыс септіктің –тан, -тен, -дан, -ден шылаулары from арқылы беріледі: from a city – қаладан.
  4. көмектес септіктің –мен, -пен жалғаулары with, by арқылы беріледі: with Saule — Саулемен.
  5. жатыс септіктің –да, -де, -та, -те жалғаулары in арқылы беріледі: He is in the class – Ол cыныпта.

Демеуліктер жай ( of, for, on), күрделі (below, between), туынды (in front of, out of) болып бөлінеді.

Ағылшын тілінде демеуліктер орын, бағыт және уақыт және демеуліктеріне бөлінеді:

 

 

 

Орын демеуліктері

on – үстінде

on the desk, on the wall

in – ішінде

in the room, in the street

at – жанында

at the window, at the meeting

near – жанында, қасында

near the door, near the wall

over – үстінде

over the table, over the sofa

under – астында

under the table, under the bed

between – арасында, ортасында

between two chairs, between the doors

among  — арасында

among the students, among them

behind – артында

behind the house, behind the tree

across – арқылы

across the street, across the river

in front of – алдында

in front of the house, in front of the column

through — арқылы

through the window, through the glass

Бағыт демеуліктері

to —  -ға, -ге, -қа, -ке

to the library, to the South

towards — -ға, -ге, -қа, -ке қарай

towards the forest, towards the house

from — -тан, -тен, -дан, -ден

from the table, from the North

into — -ішіне, ішке

into the room, into the box

out of —  -дың, -дің, -тың, -тің ішінен 

out of the house, out of the drawer

off  —  -тан, -тен, -дан, -ден

off the table, of the wall

Уақыт демеуліктері

on — -да, -де, -та, -те

on Sunday, on the tenth of February

in —  кейін

in two days, in September

at — -да, -де, -та, -те

at 7 o’clock, at noon

by – қарай

by 3 o’clock, by noon

from … till- … бастап … дейін

from early morning till late at night

since — … бастап

since 5 o’clock, since midnight

for – ішінде

for an hour, for ages

during – кезінде

during the lecture, during the break

before – алдында

before the bell, before winter

after – кейін

after the break, after classes

till  — дейін

till May, till the end of the year

between — арасында

between one and two o’clock

 

Бекіту жаттығулары

Жаттығу №1

Демеулік қойыңыз:

  1. I work … the hospital.
  2. She works … the therapeutic clinic.
  3. The nurse takes the temperatures … patient every day. Do you live … your family?
  4. The patient was examined … the doctors.
  5. This book was written … Tolstoy.
  6. Thousands of students study … our University.
  7. Children begin school … the age … seven.
  8. Are you fond … cats?
  9. Have you got a dog … your house?
  10. He has got a lot … mistakes … his test.
  11. The nurse airs wards … the morning.

 

Жаттығу №2.

On, in, at, to, into демеуліктерін қолданып, сөйлемді аударыңыз:

  1. Біз орманнан көп саңырауқұлақ жинадық.
  2. Алия бөлмеде болды. Ол терезенің алдында тұрды.
  3. Жерде қалың кілем жатты. Балалар кілемнің үстіне отырып ойнай бастады.
  4. Балалар қайда? – Олар алаңда ойнап жүр.
  5. Сенің қаламың қайда? – Ол менің қалтамда.
  6. Суретті тақтаға іліңіз.
  7. Ол тақтаға шығып борды алды да тақтаға жаза бастады.
  8. Тақтаға шығыңыз.
  9. Інім ас үйге кіріп, үстел басына отырды.

 

Жаттығу №3

Көп нүктенің орнына қожетті демеуліктерді қойыңыз:

  1. The operation was performed … Pr. Smirnov.
  2. I prefer to do my homework … evening.
  3. They are waiting … their father.
  4. I have dinner … six o’clock every day.
  5. Pass the salt … me, please.
  6. The Crimea is … the South … our country.
  7. It consist … many islands — large and small.
  8. Japan is a country … the western part … The Pacific Ocean.
  9. She likes to go … the Caucasus … winter.
  10. When we go … foreign countries we see a lot … things.
  11. What size … gloves does your daughter wear?
  12. My wife has spent a lot … money … fashionable furniture.

 

Жаттығу №4

In немесе at демеуліктерін қолданып сөздерді аударыңыз:

Саяжайда, орманда, театрда, бақшада, асханада, кітапханада, дүкенде, үйде, өзенде, кинода, қарда, ыдыста, институтта, музейде.

 

Жаттығу №5

On немесе at демеуліктерін қолданып сөздерді аударыңыз:

Сөреде, терезенің жақтауында, орындықта, заводта, қабырғада, вокзалда, платформада, еденде, төбеде, көрмеде, аялдамада, жерде, концертте, тақтада, сабақта, көпірде, стадионда, жұмыста.

 

Жаттығу №6

Төмендегі тіркестерді ағылшын тіліне аударыңыз:

Сағат бесте, сағат беске қарай, сағат бестен бастап, түсте, түске қарай, түстен бастап, өткен жылдан бастап, осы жылы, 2011 жылға қарай, 25 ақпанға қарай, 25 ақпанда, таңертеңнен, түнге қарай, түнде, кешеден бері.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *