Мұндай сұраулы сөйлемдер екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлім – хабарлы сөйлем (болымды, не болымсыз) тура сөз тәртібі сақталған, екінші — оған көмекші етістік болымсыз, я болымды түрінде жалғасып сұраққа айналады, ол қзақ тіліндегі солай емес пе деген тіркеске сәйкес келеді. Егер сұраулы сөйлемнің бірінші бөлімі болымды болса, екінші бөлімдегі етістік болымсыз түрде тұрады. Егер бірінші бөлімі болымсыз болса, екінші бөлімдегі етістік болымды түрде тұрады. Бірінші бөлімдегі көмекші етістік немесе модальдық етістік екінші бөлімде қайталанады.
Мысалы:
He works at school, doesn’t he? Ол мектепте істейді, солай емес пе?
My friend didn’t help you, did he? Менің досым саған көмектеспеді, солай ма?