Егер зат есім дауыссыз дыбыстан басталса, онда а артиклі, ал дауыстыдан басталса, онда an артиклі қолданылады: a cat, an apple.
a/ an қолданылады:
- a/an деген one – бір деген сан есімнен шыққан, сондықтан ол кейде 1 деген мағынада: I want a ticket – Маған бір билет керек;
- Егер зат есім дараланбай, жинақталған, топталған зат есімді көрсетсе: A cat is a domestic animal. – Мысық – үй хайуанаты. (Яғни, бұл біз білетін біздің үйдегі мысық емес, жалпы мысықтар тобы туралы айтып тұр);
- Егер айтылатын зат есім туралы сіздің толық мағлұматыңыз болмаса: A student is looking for you. (A артиклі студентті бізге белгісіз, әйтеуір бір студент екенін көрсетіп тұр);
- 4. Жекеше түрде ‘’to be’’, ‘’to have’’ көмекші етістіктерінен кейін: He is a famous surgeon. I have a sister.
- ‘’There is’’ конструкциясынан кейін: There is a table in the room.
- 6. Мәтінде бірінші рет айтылса: I see a dog. The dog is hungry.
- Абстрактілі зат есім + анықтауыш боп келсе: a quiet life.
- Саналмайтын зат есімдердің анықталмаған үлесінде: a cup of tea.
- Зат есімдер such, quite, rather сөздерімен келсе: He is such a young boy.
- So, as, too, now сөздерімен сын есімдерден кейін: too important a question
- A few, a little, a lot of тіркестерімен: a lot of books.