Ізгілік негізі
Нағима АДАМБАЕВА,
Маңғыстау облысы,
Ақтау қаласы,
№13 орта мектеп
гимназияның мұғалімі
Әдептілік – әдемілік
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, әдеп әліппесін дарыту, жаманнан жиренуге, жақсыдан үйренуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: топтық, ұжымдық.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрініс көрсету, баяндау, ой толғау.
Көрнекілігі: өсиет сөздер, мақалдар, адамгершілікке байланысты суреттер.
Кіріспе:
Мұғалім: Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдеттен, – дейді халық. Әдепті болу үшін иманды, кішіпейіл, көпшіл болу қажет. Әрбір адамның әдептілігі оның сөзінен, көзінен, өзінен байқалады. Иман жүзді, әдепті адам күндей күлімдеп, жарық дүниедей жадырап сөйлейді. Халық әдебі «сіз» деген сөзден басталады. Бұл сөз исламды, құрметтеуді, ардақтауды білдіретін қасиетті сөз.
«Сіз» деген әдеп,
«Біз» деген көмек.
Негізгі бөлім:
— Әдептілік неден басталады? ( Сәлемдесуден)
Оқушы:
«Білер қазақ баласы,
Сәлем – сөздің анасы»
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
– Сәлеметсіз бе, ағай! – деп
– Сәлеметсіз бе, апай! – деп
– Есенсіз бе, әжей! – деп
– Амансыз ба, атай! – деп
– Ұл-қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
1 жүргізуші:
– Қазір балалар, сәлемдесу рәсімін көрсетіп жіберейік.
– Адам бойында жақсы, жаман қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым-кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты біздің ата-аналарымыз, ақ сүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата-баба салтын, әдеттерін бойымызға сіңіреміз. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін өздерің айтыңдаршы.
2 бөлім. Ақыл әліппесі.
1-бала:
Ата-ананың тілегі,
Адам болып өскенің.
Адамдықтың тілегі,
Адал болып өскенің.
Әдептілік дегенің,
Әрқашанда көргенің.
Әсемпаздық дегенің,
Әуре салсаң әлегің.
2-бала:
Спортпен айналыс,
Сұлулық сыйлаған.
Сол саған пайдалы іс,
Саулық пен кинодан.
3-бала:
Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала күйініш,
Төмендеп басың кетеді.
Асан Таңсу. «Ертегілер әлемі» әні
4-бала
Су құйдым да құманмен,
Қолына мен әкемнің.
Содан кейін оған мен,
Орамалды әпердім.
«Әдептілік әліппесі» – Е.Өтетілеуов.
5-бала
Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Асықпай іш тамағыңды,
Жалама аяқ – табағыңды.
6-бала
Пышақты ұста оң қолмен,
Шанышқыны ұста сол қолмен.
Нанды үгітпе, қадірле,
Қабығымен бәрін же.
7-бала
Саусағыңды сормағын,
Салдыр салақ болмағын.
Салма аузыңа инені,
Үзбе жұлқып түймені.
8-бала
Ашуланбай, долданып,
Жауап бергін ойланып.
Құр бекерге қылтима,
Болмашыға бұртима.
9-бала
Іштарлыққа жол берме,
Бақталастық білдірме.
Мақсат қойма алдыңа,
Қыдырып құр қаңғырма.
10-бала
Сыйлап үлкен кісіні,
Қамқорлыққа ал кішіні.
Сақта көше тәртбін,
Бағдаршамның ал тілін.
Ахметов Нұрбахыт. «Кеңес» күйі.
Ойын «Жалғасын тап».
1. Әдепті бала ата- анасын мақтатар, ……………..
2. Әдепті бала – арлы бала, ……………
3. Әдептілік белгісі, …………….
4. Әдепсіз өскен адамнан, ………….
Ой талқы: Мен қандай боламын?
11-бала
Құс ұясын бұзбаймын,
Бүлдірмеймін жейдемді.
Қабырғаны сызбаймын,
Жинап қоям бөлмемді.
Бос шималап, шатпақтап,
Дәптерді де жыртпаймын.
Бір күн болмай сатпақтап,
Киімімді де құртпаймын.
12-бала
Апамызды сыйлайық,
Үйдің ішін жинайық.
Бұрынғыдай егесіп,
Ерегесіп тұрмайық.
Қалмау үшін керісіп,
Кел алайық келісіп,
Атқарайық үйдегі,
Жұмысты тең бөлісіп.
13-бала
Кел, самаурын қайнатып,
Дастарханды жайнатып.
Отырайық бөлмеде,
Бөпемізді ойнатып.
Гүлдерді де суарып,
Еденді де жуайық.
Келген кезде жұмыстан,
Қалсын апам қуанып.
14-бала
Сыйлап сәлем беремін,
Көршілерді көргенде.
Ізетті де білемін,
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Анама айтып өкпесін.
Нұржанова Мерей. Ән.
15-оқушы. Бата:
Көпті көрген өзім де ұстаз едім, көне едім.
Шәкірттерге жыр мен бата беремін.
Сағаттың жаңылма есебінен.
Өзің оян, өзің тұр төсегіңнен.
Дер кезінде тамақтан,
Кешікпей кел сабақтан.
Оқуда зейінді бол,
Еңбекке бейімді бол,
Кір шалмасын беттерін,
Таза болсын дәптерің.
Оқығаның есте болсын,
Күнделігің беске толсын,
Шәкірт кезде
Шоқандардай озық бол,
Оқу – білім бейнетіне төзіп көр!
Әумин!
Қорытындылау.