?Құнанбайдың отбасы
?Құнанбай ұзақ өмірінде төрт әйелге үйленген. Бәйбішесі – Әйбөбек («Күнке» деп атап кеткен), екіншісі – Ұлжан, үшіншісі – Айғыз, төртіншісі – Нұрғаным.
?Құнанбай заманындағы архив деректерінен отбасы туралы біраз деректер табылған.
Оның бірі – Құнанбай Өскенбаевқа 1852 жылы 24 желтоқсанда толтырылған бас жұмыс – іс қағазы.
Орыс тілінде жазылған бұл құжат 1976 жылы Москвадағы әскери-тарихи архивтен табылыпты.
?Құнанбай жөнінде мынандай деректер айтылады:
«Үш әйелге үйленген: Әйбөбек, Ұлжан, Айғыз.
?Бірінші әйелінен ұл балалары: Құдайберді 1830 жылы 30 октябрьде, Ысқақ 1847 жылы 11 майда туған, екінші әйелінен:
Тәңірберді 1834 жылы 21 мартта, Ибрагим 1846 жылы 15 июньде, Оспан 1852 жылы 15 сентябрьде туған.
Үшінші әйелінен: Халиолла 1849 жылы 11 апрельде, Смағұл 1852 жылы 1 июньде туған» деп көрсетілген.
Архив деректерінде оқырмандардың бұрын назарына ілінбеген, ойландыратын жайлар да бар.
Әйбөбек деп жазылған – Күнке.
Ысқақ Ұлжаннан туған, ол Күнкенің бауырында өскен, сол себептен Күнкеден туған болып жазылған».
Екіншісі – академик Әлкей Марғұлан тауып, «Жұлдыз» журналының 1982 жылғы 4-санындағы дерек, бірақ автор қай архивтен алынғанын көрсетпеген.
?Құнанбай әйелдері ішінде қазақ салтымен бірінен туған баланы бірі бауырына салып өсіргендіктен, бұл деректерде Құнанбайдың қай баласы қай әйелінен туғанын және олардың туған жылдары қате көрсетіліп, бір-біріне қайшы келетін тұстары бар.
#go_semey