«Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалық сапасы бұрынғы кезден ауытқуда. Оның негізгі себептері – ауаға адамның антропогендік іс-әрекетінен болатын әртүрлі газдардың шығарлыуы. Оларды ауаны ластағыш заттар деп атайды.
Негізінен атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі жоғары Атмофера – бұкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз ете отырып, тіршілікке қажетті газ элементтерімен ( оттегі, азот, көмір қышқыл газы, аргон т.б) байытады және жерді метеорит әсерлерінен, күн және ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден қорғайды, зат және энергиялық алмасуларды, ауа райының кызметін реттеп, жалпы жер шарындағы тұрақтылықты үйлестіріп отырады.
Бірақ, адам баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейіні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Ең басты себеп ауаның ластануы. Атмосфера ауасының сапалық күйінің көршеткіштері оның ластану дәрежесі болып саналады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шекті мөлшерлі концентрациясы ШМК қалыпты құрамынан асып кетіп сай келмесе, онда ауаны ластанған деп саналады.»[1]
«Ғалымдардың сөзінше, адамдар арасындағы өлім-жітімнің көбеюіне өндіріс пен өнеркәсіп орындары санының артуы салдарынан болатын климаттың өзгеруі мен озон қабатының бұзылуы сияқты факторлар да үлкен әсерін тигізіп отырған көрінеді. Тропосферадағы озон концентрациясы мөлшерінің өсуі демікпе ауруларының санының өсуіне себеп болып, соның кесірінен әлем бойынша жылына 470 мың адам өмірден өтеді екен.»[2]
Өзіміз тұрып жатқан Алаты қаласын алатын болсақ,«Бұл қала — арман қала, жап-жасыл орман қала» — деп әнге қосқан, апортымен әлемге әйгілі оңтүстік астанамыз бұл күндері лас ауасымен танымал бола бастағандай. Тіптен осы лас ауа қаламыздың «брендіне» айналды десек те артық айтқандық емес. Әрине, бұған көп үлес қосып жатқан қаламыздағы жарты милионға жуық автокөлік екендігі кім-кімге де болса түсінікті.
Алатау тау бөктеріне орналасқан қаламыздың климат жағдайларының өте қолайлы екендігіне қарамастан, қала атмосферасының өздігінен тазару қасиеті төменгі дәрежеде болып табылады. Сонымен бірге, атмосфераны ластаушы көздердің артуына байланысты қала ауасының ластану деңгейі халықтың денсаулығына кері әсерін тигізіп отырғаны аса маңызды экологиялық проблемаға айналып отыр. Жалпы айтқанда, Алматы қаласының қоршаған орта ауасының тазалығына үнемі мониторинг жүргізу арқылы, антропогенді әсерден болатын ластаушылардың түрін, мөлшерін, шығу көздерін білуге болады.
«Қазақстан қалаларының ішіндегі ауа ластануының жоғары деңгейін көрсетіп, бірінші орынға шыққан Алматы қаласы бүгінгі күнде дүниежүзіндегі 25 ластанған қаланың тізіміне еніп отыр. Қаламыздың Қазақстандағы ең лас қала аталуының басты себебі, автокөліктер болып табылады. Өткен жылы Алматы ауасының ластануы 14,3 деңгейін көрсеткен, биылғы сараптама бойынша көрсеткіш 13,5 болып отыр. Мамандардың пайымдауынша, бұл осы жылдың сәуір айында қабылданған 2009-2018 жылдарға арналған Алматы қаласында қоршаған ортаның ластануын төмендетудің кешенді бағдарламасының арқасында мүмкін болып отыр.»[3]
Осыған байланысты, қазіргі уақытта атмосфералық ауаның сапасын жақсарту бойынша бірнеше алдын алу шаралары, яғни, ауыр жүк машиналардың қаланың ішімен жүруге тыйым салу, бір маршрутпен жүретін бірнеше автобустардың шоғырлануына жол бермеу, бензинмен жүретін көліктердің ауаға шығаратын газдарын ұстап қалатын бақылау-реттегіш қондырғыларын пайдалану, сондай-ақ, барлық жеңіл, жүк және қоғамдық автокөліктерді газға көшіру қолға алынуда. Ол үшін қаланың іші мен сыртындағы жанармай құю бекеттерін жауып, олардың орнына газ құю бекеттерін орнату қажет.
Гигиеналық тұрғыдан алып қарағанда, газды пайдалану өте тиімді болып табылады, себебі, одан ауа ластанбайды және оны қолдануда экономикалық шығын туғызбайды, өте арзанға түседі. Сонымен қатар, Алматыда негізінен метро, троллейбус пен трамвай авто көлік түрлерін кеңінен пайдаланған тиімді болып табылады. Қалада салынып бітпей жатқан метро келешекте жұмыс істейтін болса, онда Алматыдағы көліктердің жұмыстары айтарлықтай жақсарар еді.