Мұрағатында 5000000 кітабы бар кітапхана бар екенін білесіз бе? Әуесқойлықпен кітап сөресіне бір-бірлеп кітап жинаудан бастаған Джей Уокердің үйі бүгінде әлемдік деңгейдегі ең таңғажайып кітапханалардың бірі. Мұндай кітапханалар әлемде сирек кездеседі деуге болмайды. Төменде ең керемет кітапханалар тізімін ұсынып отырмыз.
- Швейцариядағы Сен-Галль аббаттығының кітапханасы — ортағасырлық кітаптарға ең бай кітапхана. 2005 жылы жүргізілген санақ бойынша мұнда 160000 кітап бар. Оның 2100-і қолжазба. Мұндағы төрт жүзге жуық кітаптардың жазылғанына мың жылдан көп болған.
- Дублиннің Тринити-колледжінің кітапханасы — Ирландиядағы ең үлкен ғылыми кітапхана. Мұнда 5000000 кітап бар, соның ішінде манускрипт, карта және ноталар да қамтылған.
- Прага қаласында орналасқан Страговск монастырінің кітапханасы. Монастырьдің негізі 1149-жылы қаланған. Мұндағы ең көне кітаптар ХІІ ғасырға жатқызылады. Бүгінгі күні кітапхана мұрағатында 130000 кітап, 1500 мерзімді баспасөз, 2500 қолжазба және бірнеше мың графикалық жазбалар сақталған.
- Джей Уокер — америкалық ойлаптапқыш әрі кәсіпкер. Рriceline.com сайтының негізін салушы. Оның Риджфилдегі үйі адамзат тарихындағы ең үлкен көпдеңгейлі лабиринт тәрізді құрылған кітапхана. Онда 50000 кітап және музейлік деңгейдегі артефакттар бар.
- Йель университетінің сирек кездесетін кітаптар мен көне қолжазбалар кітапханасы. Оның негізі 1963-жылы қаланған. Бұл сирек кітаптар мен манускриптерді сақтауға арналған әлемдегі ең үлкен кітапхана. Мұнда бүгінде 11 миллион кітап бар, соның ішінде Гутенберг Библиясының 48 данасы сақталған.
- Сиэтл кітапханасы — АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы Сиэтл қаласының орталығында орналасқан. Бұл әйнек пен болаттан жасалған әсем ғимараттың негізі 2004-жылы тұрғызылған. Мұнда 1,45 миллион кітап сыйады.
- Гейзель атындағы кітапхана — Сан-Диегодағы Калифорния университетінің басты кітапханалық ғимараты. Кітапхана сегіз қабаттан тұрады, биіктігі 33,5 м. Аты атақты америкалық балалар жазушысы әрі мультипликатор Теодор Сьюз Гейзельдің құрметіне қойылған.
- Голландиядағы Делфт технологиялық университетінің кітапханасы. Ол 1997-жылы Mecanoo архитектуралық студиясының жобасы бойынша салынған. Бұл кітапхана шатыры үлкен конуспен аяқталатын ерекше үлгідегі әлемдегі бірден-бір ғимарат.
- Хосе Васконселос атындағы кітапхана. Мексиканың астанасы Мехиконың орталығында орналасқан бұл кітапхана 2006-жылы ашылған. Кітапхана 1922-1924 жылдары Мексиканың білім министрі болған жазушы әрі пәлсапашы, мемлекет қайраткері Хосе Васконселостың есімімен аталады. Ол ХХ ғасырда Латын Америка философиясының дамуына зор үлесін қосқан тұлға.
- Ванкувер кітапханасы — параллелепипед тәрізді тоғыз қабатты ғимарат. Сыртқы көрінісі римдегі Колизейді еске түсіреді.
- Солт-Лейк-Сити кітапханасының басты бөлігі. Бұл бес қабатты керемет ғимарат Ванкувер кітапханасын салған архитектор Моше Сафдинің жобасы бойынша 2003-жылы салынған.
- Британ музейінің оқырман залы — Ұлыбританиядағы ең үлкен кітапхана. 1997-жылға дейін кітапханаға кәсіби зерттеушілерге ғана кіруге рұқсат етілетін. Мұнда әр кездері Карл Маркс, В.И.Ленин, Махмат Ганди, Дж.Б.Шоу, Герберт Уэллс зерттеу жұмыстарымен айналысқан.
Толығырақ: http://kazgazeta.kz/?p=62238
Просмотр: 435