Қоршаған ортадағы антропогенді ластаушыларды анықтау Практикалық сабақ

Қоршаған ортадағы антропогенді ластаушыларды анықтау

   Кіріспе: Автотранспорт-атмосфераны азот оксидтерімен (NO және NO2 азот оксидтерінің  қоспасы), көміртегі (II  ) оксидтері (СО), негізгі ластаушылардың бірі.Ауаның транспорттық ластану үлесі осы газдар бойынша жалпы ластануының СО 60%,NOх 50 % астам үлесін құрайды.

        Автотранспорттың зиянды заттарға бөлінген қалдықтары белгілі уақыт аралығында атмосфераға шығарылатын газдардың мөлшерімен сипатталады.

        Шығарылатын зиянды заттарға көміртегі оксидтері (концентрациясы 0,3—10%), көмірсутектер-жанбай қалған отын (3%) жәнк азот оксидтері (0,8%), күйе жатады.

        Автотранспорттың  атмосфераға бөліп шығаратын зиянды заттарының  мөлшерін есептік әдіспен бағалауға болады.Шығарылатын қалдықтардың мөлшерін есептеуде гі  бастапқы мәліметтерге мыналар жатады:

автотранспорттың отындық шығынының нормасы  автотрассаның белгілі бір бөлігінен уақыт бірлігінде жүріп өткен әр түрлі типті автотранспорттың саны;
автотранспорттың отындық шығынының нормасы (қала жағдайында автотранспорт қозғалып келе жатқандағы оттынның орташа шығынының мөлшері).

7-кесте

Автотранспорт типі

 

Отынның орташа шығын мөлшері (100км/л)

Отынның меншікті шығыны Уі (1км/л)

жеңіл автомобиль

11-13

0,11-0,13

жүк автомобилі

29-33

0,29-0,33

автобус

41-44

0,41-0,44

Дизельді жүк машинасы

31-34

0,31-0,34

 

        Жанармай түріне байланысты автотранспорттың бөліп шығарған зиянды заттарын  анықтайтын  импирикалық коэффициенттерінің мәні 8-кестеде берілген.

8-кесте

Отын түрі

Коэффициенттер мәні (К)

 

Көміртегі оксиді (СО)

көмірсулар

азот оксиді

бензин

0,6

0,1

0,04

Дизель отыны

0,1

0,03

0,04

        К коэффициентінің шамасы сандық жағынан 1км жол жүруге қажет (яғни меншікті шығын), отын мөлшері жанған кездегі берілген компонеттің (литрмен) бөлінген зиянды заттардың шамасына тең.

        Мақсаты: қоршаған ортаның антропогенді ластаушыларының негізгі түрлерімен және оларды жедел сараптамалау әдістерімен танысу.

1-тапсырма. Автотранспорттың ауаға шығаратын зиянды заттарының мөлшерін есептеу.

        Құрал-жабдықтар:қалам, қағаз, микрокалькулятор.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *