Сілтеу есімдігі
Сілтеу есімдіктері меңзеу, нұсқау, көрсету мағыналарын білдіреді. Сілтеу есімдіктеріне бұл, сол, ол, осы, осынау, сонау, анау, ана, мына, мынау, тонау, әне, міне, деген сөздер жатады. Әдетте сілтеу есімдіктері сілтеу, меңзеу, мәнін білдіріп, сын есімнің орнына жұмсалып, қай? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш қызметін атқарып тұрады.
Мысалы: Самғай бер асқардан-асқарға мынау қырандай (Ә. Ә). Бұл ұрыста Төлеген ерекше ерлік көрсетті (М. Ғ.) деген сөйлемдерде мынау, бұл есімдіктері қай? (қырандай, ұрыста)? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш болып тұр.
Сілтеу есімдіктеріне кейде көптік, тәуелдік жалғаулары жалғанады, анау, мынау, сонау, осынау дегендерден басқасы септелініп те қолданылады. Мысалы: бұл-бұлар, сол-солар, осы-осылар, анау-анауым-анауық-анаулары т. б.
Сілтеу есімдіктерінің тәуелдену үлгісі.
Жақ | бұл | сол | ол | |
I менің | бұным | соным | оным | |
II сенің | бұның | соның | оның | |
сіздің | бұныңыз | соныңыз | оныңыз | |
III оның | бұнысы | сонысы | онысы | |
I біздің | бұнымыз | сонымыз | онымыз | |
бұларымыз | соларымыз | оларымыз | ||
II сендердің | бұларың | соларың | ||
сіздердің | бұларыңыз | соларыңыз | оларың | |
III олардың | бұлары | солары | оларыңыз | |
олары | ||||
Жақ | осы | мынау (мына) | анау (ана) | |
I менің | осым | мынауым | анауым | |
осыным | ||||
II сенің | осың | мынауың | анауың | |
осының | ||||
сіздің | осыңыз | мынауыңыз | анауыңыз | |
III оның | осысы | мынауы | анауы | |
I біздің
IIсендердің сіздердің IIIолардың |
осымыз осыларымыз
осыларың осыларыңыз осылары |
мынауымыз мыналарымыз мыналарың мыналарыңыз мыналары | анауымыз аналарымыз аналарың аналарыңыз аналары |
Сілтеу есімдіктердің септелу үлгісі.
Септік-
тер |
бұл | сол | ол | осы | мына | ана |
А. | бұл | сол | ол | осы | мына | ана |
I.
Б. Т.
Ж.
Ш.
К. |
бұ-ның (мұ-ның)
бұ—ған
бұ-ны (мұ~ны) бұн-да (мұн-да) бұ-дан (мұ-нан) бұ-ны-мен (мұ-ны— —мен) |
со-ның
со-ған
со-ны
сон-да
со-дан (со-нан) со-ны-мен |
о-ның
о-ған
о-ны
он-да
о-дан (о-нан) о-ны- — мен |
осы—ның
осы- ған осы-ны
осы- нда осы— дан осы— —мен |
мына—ның
мына— ған мына-ны
мына-да
мына- дан мына— —мен |
ана—ның
ана- ған ана-ны
ана-да
ана— —дан ана— —мен |
Сілтеу есімдіктері септелгенде, заттанып, зат есімнің орнына жұмсалады. Олардың септелгенде мынадай ерекшеліктері байқалады: 1) бұл, сол, ол деген сілтеу есімдіктері мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктері сияқты септеледі: а) ілік, табыс, шығыс септіктерде түбірдегі л дыбысы түсіп қалады; ә) жатыс септікте түбірде л дыбысы н-ға айналады; б) көмектес септікте түбір мен жалғаудың арасында -ы дәнекері пайда болады (дұрысында түбірдегі л дыбысы түсіп қалып, көмектес септік жалғауы ілік септіктің дыбыстық өзгеріске түскен -ны (ң) тұлғасының үстіне жалғанады; е) барыс септік жалғауы түбірдегі л дыбысы түсіп калған түбірге -ған түрінде жалғанады; 2) барыс септік жалғауы -ған түріңде осы, мына, ана деген сілтеу есімдіктеріне де жалғанады: 3) жатыс септікте осы сілтеу есімдігіне -нда жалғауы жалғанады; 4) бұл сілтеу есімдігінің түбірі ілік, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде мұ түрінде де қолданылады.
Сілтеу есімдіктері сөйлемде толықтауыш қызметтерін де атқарады. Сілтеу есімдіктері сөйлемде атау септікте тұрып бастауыш болғанда, одан кейін сызықша қойылады. Мысалы: Бұлар — станцияның маңдай алды кұрылысшылары (Ө. Нұрш.). Бұл — аңыраған ана Наталья. (Ғ. М.).