Орта факторлары және олардың ағзаға әсері

Орта факторлары және олардың ағзаға әсері

      Тірі ағзаларға  экологиялық факторлардың  әсер етуші жалпы заңдылықтары:

 1.Оптимум Заңы.

2.Әсер етуші фактордың  түрлі  функцияларға әсерінің  бір жақты болмауы. 3.Өзгергіштік, вариабелділік  және  түрдің жеке даралардың орта  факторларының әрекетіне  жауап қайтару реакциясының  әр түрлі болуы.

4.Әсер етуші әр факторларға түрлер әр түрлі жолдармен бір – бірімен байланыссыз, өз бетінше  бейімделуі.

5.Жеке  түрлердің  экологиялық спекторы төмендемейді. Әр түрдің  өзіндік экологиялық мүмкіншіліктері бар.

2. Факторлардың өзара байланысы.

3. Факторларды шектеу ережелері.

       Негізгі абиотикалық факторды және  ағзаның оған  адаптациялануын қарастырайық.

       Жарық . Күн сәулелерінің спекторының  әртүрлі бөліктеріндегі сәулелену ағзаға әртүрлі жағдайда әсер етеді:

       Көрінетін  жарық  өсімдіктерге оларда жүретін фотосинтез процесі үшін қажет.Түрлерді жарықсүйгіш (Фотофилдер) және көлеңкесүйгіш (фотофобтар) деп бөледі.

       Ұзынтолқынды ультрокүлгін сәулелерге (УКС) өте белсенділік тән. Олардың көп мөлшері  қауыпті, ал аз мөлшерде  көптеген түрлерге —  өте қажет.Олар өте күшті бактерицидті әсер етеді, антирахитік дәрумен Д түрінде қабылданады, терінің  күюін  (терінің  қорғаныштық реакциясы) қамтамасыз етсе, инфрақызыл түсті ұзындығы 350 нм.-ге жететін ұзын толқындар  ағзаны  жылулықпен қамтиды.

      Жасыл өсімдіктер өміріндегі жарықтың ролі:

1).Хлорофиллдің  пайда болуы (фотосинтез).

2).Лептесіктердің жұмысын  қалыптастырады (газ алмасу және  транспирация), ферменттердің белсенділігін арттырады,ақуыз және нуклеин қышқылдарының  биосинтезін  жақсартады.

3).Жасушаның бөлінуі мен созылуына, өсуіне  және өсімдіктің дамуына  әсер етеді,  жемісберу мен гүлдеу мезгілдерін анықтайды, сонымен бірге өсімдіктердің формасының қалыптасуына да әсер етеді.

      Жарыққа байланысты  болатын экологиялық топтар:

      1. Жарық сүйгіштер (жарықтағы) – гелиофиттер.

      2.Көлеңке сүйгіштер (көлеңкедегілер) – сциофиттер.

      3.Көлдеңкеге төзімділер – факультативті  гелиофиттер.

      Жануарлар үшін жарық кеңістікте бағытты бақылауға , көруге ғана қажет.

      Температура.Тіршілік  үшін  қажетті температура мөлшері 0-дан басталып, +50°С –қа дейінгі температура аралықтары, осы температура аралықтары ақуыздың  нормадағы құрылысы және  қалыптасуы жүреді. Бірақ кейбір ағзалар осы мөлшерден  тыс температура  мөлшерінде де тіршілік ете алады:

      1.Криофилдер –суықты қажет ететін  түрлер.

      2.термофилдер – керісінше, жоғары температураны қажет етуші  түрлер.

Өсімдіктердің температураға адаптациялануы:

      Төменгі температураға :

1.Суыққа төзімсіздер. 2.Аязға төзімсіздер.3.Мұзға төзімділер (аязға төзімділер).

       Жоғарғы температураға :

1.Салқынға төзімділер. 2.Ыстыққа төзімді эукариоттар. 3.Ыстыққа төзімді прокариоттар.

                   Жануарлардың температураға адаптациялануы :

        1.Химиялық терморегуляция.  2.Физикалық терморегуляция. 3.Ағзалардың өзін -өзі көрсетуі.

       Ылғалдылық. Су  — барлық ағзалардың тіршілігіне қажетті жағдай.

       Суға байланысты өсімдіктердің  экологиялық топтары.

       Гидатофиттер – суда толығымен немесе біршама бөлігімен  тұрып өсетін өсімдіктер.

       Гидрофиты – құрлық –су өсімдіктері, олардың  көпшілік бөлігі суда өседі, су тоғандарында, шалшық суларда, балшықтарда өсетін өсімдіктер.

       Гигрофиттер – құрлықтағы өсімдіктер, олардың көпшілігі ылғалды  ауасы бар жерлерде, ылғалды топырақта өседі.

       Мезофиттер – аздаған және  өте  шөлді  жерлерде өсетін өсімдіктер.

       Ксерофиттер —  ылғалы жеткіліксіз жерлерде өседі.

       Суккуленттер – бойына  шырын жинаған шырынды өсімдіктер, оларда суды  паренхималары мен  түрлі  органдарында жинау қабілеттері бар.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *